JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥
edited

ℹ️ Кезекті типтік ақпараттық араңдату. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүйелі түрде қайталанатын ақпараттық бұрмалау тәсілін тіркеді. Атап айтқанда, жоғары лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздерінен алынған шынайы бейнекадрлары ойдан шығарылған мәлімдемелер жасау және оларға ресми ақпарат сипат беру үшін қолданылуда. Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады. Олардың қатарында референдумдар мен сайлау, Үкімет құрамының қалыптасуы, мемлекеттік және атаулы күндер, сондай-ақ аудиторияның жоғары қызығушылығын тудыратын басқа да маңызды шаралар кезінде жүйелі түрде таратылады. Соңғы мысалдардың бірі - әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарына миллион пәтерді тегін беру жоспарланып отырғаны туралы тараған видеоролик. Бұл ретте бұған дейін де бірнеше рет қолданылған тәсіл пайдаланылған: шынайы бейнекадрлар мен көпшілікке таныс дауыстар іс жүзінде болмаған хабарламаның негізіне айналған. Нәтижесінде аудиторияда ақпарат тікелей мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғалары айтқандай теріс түсінік қалыптастастыруға бағытталған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай әрекеттерді бұған дейін де - референдум өткізу кезеңінде, сайлау науқандары мен басқа да маңызды оқиғалар барысында тіркеген. Ақпараттың мазмұны мен ақпараттық себебі өзгергенімен, оның таралу тетігі іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. ❗️ Осындай хабарламалар пайда болған кезде, ең алдымен, аталған мәлімдеменің шын мәнінде жасалған-жасалмағанын тексеріп, монтаждалған бөлек үзінділерге емес, сөйлеген сөздің толық бейнежазбасы орналасқан бастапқы дереккөзіне жүгіну маңызды.

Views over time

020040060011 Sep 15:4611 Nov 13:5361911 Sep 15:46: 0 views11 Nov 13:53: 619 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
11 Sep 2026, 15:460
11 Nov 2026, 13:53619

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.