JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының (JAQ) ресми арнасы Официальный канал Центра по борьбе с дезинформацией СЦК при Президенте Республики Казахстан @JAQOrtcom_bot

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥
  1. ℹ️ В социальных сетях распространяется информация о якобы появившемся предложении ввести 5% налог на вознаграждения по банковским депозитам казахстанцев. В публикациях утверждается, что речь якобы идет не о самом депозите, а о процентах, которые банк начисляет вкладчику. Это не соответствует действительности. Как сообщили в Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, вознаграждения, выплачиваемые физическим лицам по их вкладам (депозитам) в банках, не подлежат обложению индивидуальным подоходным налогом. Более того, вопрос отмены действующей нормы и введения налога на вознаграждения по депозитам Правительством Республики Казахстан не рассматривается. Таким образом, утверждения о том, что в Казахстане предложено ввести 5% налог на проценты по банковским вкладам, не имеют оснований. Подобные сообщения распространяются без указания автора инициативы, официального документа, даты или площадки, где якобы было сделано такое предложение. Это характерный признак манипулятивного сообщения. ‼️ Центр по борьбе с дезинформацией призывает граждан получать информацию о налогах, социальных выплатах и других важных изменениях из официальных источников и перепроверять сообщения, распространяемые в социальных сетях.

  2. ℹ️ Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық енгізу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр. Жарияланымда әңгіме депозиттің негізгі сомасы емес, банк есептейтін пайыздар туралы болып отырғанын айтады. Бұл хабарлама - шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды. Оның үстіне, бұл норманын күшін жою және салымдар бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырып жатқан жоқ. Демек, елде банктік салымдар бойынша пайыздарға 5% салық енгізу ұсынылды деген тұжырымдардың ешқандай негізі жоқ. Мұндай хабарламаларда бұл бастаманың авторы, ресми құжаттың атауы, датасы немесе осы ұсыныс айтылған алаң көрсетілмейді. Бұл – жалған ақпарат әрі манипуляциялық ақпараттың басты белгісі. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды салықтар, әлеуметтік төлемдер және басқа да маңызды өзгерістер туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге шақырады.

  3. 🔈 Обращение Центра по борьбе с дезинформацией Уважаемые казахстанцы! В «день тишины» и день голосования в информационном пространстве могут появляться различные фейки, манипуляции, провокационные публикации и видеоматериалы. Подобные информационные вбросы регулярно фиксируются во многих странах в дни выборов. Их цель создать искаженное представление о процедуре голосования, вызвать негативную эмоциональную реакцию у граждан о масштабном событии в жизни страны. Чаще всего в подобных публикациях используются старые фотографии и видеоролики, материалы из других стран (к примеру, вброс бюллетеней), фрагменты записей без указания времени и места съемки, а также публикации анонимных аккаунтов. Современные технологии также позволяют создавать и распространять такой контент с использованием монтажа и искусственного интеллекта, включая поддельные изображения, аудиозаписи и видеоматериалы (с лицами, голосовым сопровождением публичных личностей, политиков и др.). Уважаемые казахстанцы! ‼️ Ориентируйтесь на официальные источники информации и проверяйте первоисточник. Не распространяйте неподтвержденные сообщения. Ваша внимательность и ответственное отношение к информации помогут сохранить спокойную и доброжелательную атмосферу в день выборов.

  4. 🔈 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі Құрметті қазақстандықтар! «Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін. Мұндай ақпараттық араңдатулар сайлау күндері әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде тіркеледі. Олардың мақсаты - дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру және азаматтардың ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысты жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату. Мұндай жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотосуреттер мен бейнематериалдар, басқа елдерге қатысты материалдар (мысалы, сайлау бюллетеньдерді жаппай жәшікке салу көріністері), түсірген уақыты мен орны көрсетілмеген бейнежазбалардың үзінділері, сондай-ақ анонимді аккаунттардан жарияланған ақпараттар пайдаланылады. Заманауи технологиялар монтаж және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, осындай контентті жасауға және таратуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында қоғамға танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі, дауысы пайдаланылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар да бар. Құрметті қазақстандықтар! ‼️ Ақпарат алу кезінде ресми дереккөздерге сүйеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріңіздер. Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Сіздердің ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді.

  5. edited

    ℹ️ День тишины: не позволяйте дезинформации влиять на ваше восприятие выборов В преддверии дня тишины перед выборами депутатов Курултая Центр по борьбе с дезинформацией обращает внимание на возможные попытки использовать этот период для распространения ложной и манипулятивной информации и напоминает о важности получения информации из достоверных источников. В последние недели фиксировались различные попытки распространения ложной и манипулятивной информации, связанной с избирательным процессом. Использовались поддельные аккаунты и заявления от имени известных людей, материалы, созданные с помощью искусственного интеллекта и дипфейков, а также вырванные из контекста фото, видео и аудиозаписи. В день тишины и непосредственно в день голосования нельзя исключать появление новых подобных материалов. В частности, могут распространяться сообщения о якобы произошедших нарушениях, фальшивые заявления государственных органов, нереалистичные обещания политических и общественных деятелей, постановочные видеоролики, поддельные скриншоты или эмоциональные публикации с призывами немедленно распространить эту информацию. Отдельным инструментом может стать создание иллюзии массовости. Один и тот же тезис способен одновременно появляться на разных страницах, сопровождаться большим количеством комментариев, репостов и публикаций. Однако большое количество одинаковых сообщений само по себе не подтверждает их достоверность. ‼️ Помните: скорость распространения информации не является признаком ее достоверности. Поэтому если в день тишины или выборов вам встретится резонансное сообщение, особенно о якобы нарушениях, результатах голосования или действиях избирательных комиссий, не спешите делать выводы и распространять его дальше. Оцените и проверьте: 🔺 не пытается ли публикация вызвать сильную эмоцию и заставить вас действовать немедленно; 🔺 не используется ли поддельный аккаунт или изображение известного человека; 🔺 не вырваны ли фото, видео или аудиозапись из другого контекста; 🔺 есть ли подтверждение информации на официальных ресурсах. Если источник и происхождение материала невозможно установить, лучше не распространять его дальше. Не стоит также самостоятельно «проверять» сомнительную информацию путем ее массовой пересылки в чаты, публикации в социальных сетях или призывов обратить на нее внимание. Даже если сообщение сопровождается словами «проверьте», «срочно распространяйте» или «это скрывают», такая формулировка сама по себе не делает информацию достоверной. Следует учитывать и правовые последствия. Распространение заведомо ложной информации в зависимости от содержания и обстоятельств может повлечь ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан. День тишины - это не только установленное законом время для завершения агитации. Это также возможность спокойно и взвешенно воспринимать информацию, не позволяя эмоциональным вбросам определять ваше отношение к важнейшему событию в жизни страны.

  6. ℹ️ Тыныштық күні: жалған ақпараттың сайлау туралы көзқарасыңызға ықпал етуіне жол бермеңіз Құрылтай депутаттарының сайлауы алдындағы тыныштық күні қарсаңында Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы аталған кезеңнің жалған әрі манипуляциялық ақпарат тарату мақсатында пайдаланылуы мүмкін екеніне назар аударады және ақпаратты тек сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығын еске салады. Соңғы апталарда сайлау процесіне қатысты жалған және манипуляциялық ақпарат таратуға бағытталған түрлі әрекеттер тіркелді. Бұл ретте танымал тұлғалардың атынан жасалған жалған аккаунттар мен мәлімдемелер, жасанды интеллект және дипфейк технологиялары арқылы дайындалған материалдар, сондай-ақ контекстен үзіп алынған фото, видео және аудиожазбалар кеңінен қолданылады. Тыныштық күні және тікелей дауыс беру күні осындай сипаттағы жаңа материалдардың пайда болуын жоққа шығаруға болмайды. Атап айтқанда, орын алды делінген заңбұзушылықтар туралы хабарламалар, мемлекеттік органдардың жалған мәлімдемелері, саяси және қоғам қайраткерлерінің мүмкін емес уәделері, қойылымдық бейнероликтер, қолдан жасалған скриншоттар немесе осы ақпаратты дереу таратуға үндейтін эмоцияға құрылған жарияланымдар таратылуы мүмкін. Жалған ақпаратты таратудың жекелеген тәсілдерінің бірі - оның жаппай таралғаны туралы әсер қалыптастыру. Бір мазмұндағы тезис бір мезгілде әртүрлі парақшаларда жарияланып, көптеген пікірлермен, репосттармен және басқа да жарияланымдармен қатар жүруі мүмкін. Алайда бірдей мазмұндағы хабарламалардың көптеп таралуы олардың шынайылығын өздігінен растамайды. ‼️ Есте сақтаңыз: ақпараттың таралу жылдамдығы оның шынайылығының дәлелі емес. Сол себепті, тыныштық күні немесе дауыс беру күні сайлау барысындағы заңбұзушылықтар, дауыс беру нәтижелері немесе сайлау комиссияларының әрекеттері туралы резонанс тудырған хабарлама кездессе, асығыс қорытынды шығаруға және оны бөлісуге асықпаңыздар. Ақпаратты бағалап, төмендегіні тексеріңіз: 🔺 жарияланым сізде күшті эмоция тудырып, дереу әрекет етуге итермелеуге тырыспай ма; 🔺 танымал тұлғаның жалған аккаунты немесе қолдан жасалған бейнесі пайдаланылмаған ба; 🔺 фото, видео немесе аудиожазба басқа жағдайдан не оқиғадан алынып, бастапқы контекстен ажыратылмаған ба; 🔺 ақпарат ресми ресурстарда расталған ба. Егер ақпарат көзін және материалдың шығу тегін анықтау мүмкін болмаса, оны әрі қарай таратпаған жөн. Сондай-ақ күмәнді ақпаратты чаттарға жаппай бөлісу, әлеуметтік желілерде жариялау немесе оған назар аударуға шақыру арқылы өз бетінше «тексеруге» болмайды. Хабарламада «тексеріңіз», «шұғыл таратыңыз» немесе «мұны жасырып отыр» деген сөздердің болуы ақпараттың шынайылығын дәлелдемейді. Құқықтық салдарды да ескерген жөн. Көрінеу жалған ақпаратты тарату оның мазмұны мен нақты жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Тыныштық күні - бұл заңнамада белгіленген үгіт жұмыстарын аяқтауға арналған уақыт қана емес. Ол - ел өміріндегі маңызды оқиға қарсаңында ақпаратты сабырлы әрі байыпты қабылдап, эмоцияға негізделген ақпараттық ықпалдың өз көзқарасыңызға әсер етуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін кезең.

  7. 🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 августа 2026 года. ➡️ Фейк: Мораторий на кадровые перемещения и увольнение сотрудников силовых ведомств с ноября 2026 года по февраль 2027 года. Официальное разъяснение JAQ.OrtCom: Закон Республики Казахстан от 3 июня 2026 года № 295-VIII не содержит норм о введении моратория на увольнения, переводы, назначения или иные кадровые перемещения военнослужащих, сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов. Комментарий JAQ.OrtCom: Для придания фейку достоверности используется реально существующий нормативный правовой акт, которому приписывается несуществующая норма. Сообщение рассчитано на создание у военнослужащих и сотрудников силовых органов ощущения, что после ноября 2026 года возможности для увольнения или перевода будут ограничены. Такой психологический триггер может побуждать к досрочному уходу со службы. ➡️ Фейк: Взлом eGov и утечка данных 15 млн казахстанцев с последующей продажей в даркнете. Официальные опровержения Министерства искусственного интеллекта и цифрового развития РК и Министерства внутренних дел РК: По результатам технической проверки взлом информационных систем eGov не выявлен. Размещенные в даркнете материалы не являются выгрузкой из eGov, а их объем и содержание не соответствуют структуре хранения данных в государственных системах. МВД РК также опровергло информацию о несанкционированном доступе к порталу. Комментарий JAQ.OrtCom: Утверждения о масштабной утечке данных с eGov направлены не только на создание тревожности, но и на формирование недоверия к надежности государственных цифровых систем и способности госорганов обеспечивать защиту персональных данных. ➡️ Фейк: Авария в энергосистеме Казахстана стала причиной перебоев с электроснабжением в Узбекистане. Официальное разъяснение Министерства энергетики РК: Распространяемая информация не соответствует действительности. Комментарий JAQ.OrtCom: Взаимосвязанность энергосистем Казахстана и соседних стран преподносится как зависимость и уязвимость Казахстана. Такая подмена может одновременно формировать представление о ненадежности национальной энергосистемы и негативное отношение к сотрудничеству с соседними государствами. ➡️ Фейк: Передача частным организациям учета автошкол, регистрации учебных групп и приема экзаменов на получение водительских прав. Официальное разъяснение JAQ.OrtCom: Передача частным организациям функции приема экзаменов на получение права управления транспортными средствами не рассматривается. Учет автошкол и регистрация учебных групп также остаются государственными функциями. Комментарий JAQ.OrtCom: Такой фейк создает впечатление, что важная государственная процедура будет передана частным структурам, а значит изменятся правила получения водительских прав, появятся новые коммерческие интересы и потенциальная непрозрачность процедуры. Это позволяет сформировать недоверие к действующей системе подготовки и экзаменации водителей. ➡️ Фейк: Массовая блокировка аккаунтов СМИ, журналистов, блогеров и активистов со стороны государственных органов. Официальное разъяснение Министерства культуры и информации РК: Министерство культуры и информации не осуществляет блокировку аккаунтов пользователей социальных сетей, в том числе СМИ и журналистов. В ведомстве подчеркнули, что государство не заинтересовано в ограничении свободы слова и законной профессиональной деятельности журналистов и блогеров. Комментарий JAQ.OrtCom: Реальные случаи привлечения нарушителей к ответственности за противоправный контент представляются как массовая блокировка аккаунтов СМИ, журналистов и блогеров. Таким образом, правоприменительная деятельность подменяется утверждением о системном ограничении свободы слова. ➡️ Фейк: Розыгрыш 1 000 квартир от BI Group. Официальное разъяснение BI Group и JAQ.OrtCom: Компания не объявляла и не проводит розыгрыш 1 000 квартир. Указанные в распространяемых публикациях условия участия, дата и места проведения являются недостоверными. Комментарий JAQ.OrtCom: Использование известного бренда и обещание 1 000 квартир создают предпосылки для массового вовлечения граждан в несуществующее мероприятие. Такой вброс одновременно бьет по деловой репутации компании и может использоваться для создания искусственного ажиотажа и последующей дискредитации избирательного процесса. 📎 Дополнительно: ➡️ К административной ответственности за распространение ложной информации привлечен пользователь TikTok, распространивший недостоверные сведения о последствиях ДТП в Петропавловске. Суд назначил штраф в размере 20 МРП (86 500 тенге).

  8. 🔎 2026 жылғы 10-20 тамыз аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы. ➡️ Фейк: 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы ақпанға дейін күштік құрылымдар қызметкерлерін қызметтен босатуға және кадрлық ауыстыруларға мораторий енгізіледі. JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі: Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 3 маусымдағы № 295-VIII Заңында әскери қызметшілерді, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қызметтен босатуға, ауыстыруға, тағайындауға немесе өзге де кадрлық ауыс-түйістерге мораторий енгізу туралы нормалар жоқ. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Жалған ақпаратқа шынайылық сипатын беру үшін оған шын мәнінде жоқ норманы таңа отырып, қолданыстағы нақты нормативтік құқықтық акт пайдаланылады. Бұл хабарлама әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің 2026 жылдың қарашасынан кейін жұмыстан босатылу немесе басқа қызметке ауысу мүмкіндігі шектеледі деген сезім ұялатуға есептелген. Мұндай психологиялық триггер оларды қызметтен мерзімінен бұрын кетуге итермелеуі мүмкін. ➡️ Фейк: eGov бұзылып, 15 млн қазақстандықтың деректері тарап кетті және кейін даркнетте сатылымға шығарылды. ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми теріске шығарулары: Техникалық тексеру нәтижесінде eGov ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны анықталған жоқ. Даркнетте жарияланған материалдар eGov жүйесінен алынған деректер емес, ал олардың көлемі мен мазмұны мемлекеттік жүйелердегі деректерді сақтау құрылымына сәйкес келмейді. ҚР ІІМ де порталға рұқсатсыз қол жеткізілгені туралы ақпаратты теріске шығарды. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: eGov жүйесінен ауқымды көлемде деректер тарады деген мәлімдемелер қоғамда алаңдаушылық туғызумен ғана шектелмей, мемлекеттік цифрлық жүйелердің сенімділігіне және мемлекеттік органдардың дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету қабілетіне деген сенімсіздікті қалыптастыруға бағытталған. ➡️ Фейк: Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі апат Өзбекстандағы электрмен жабдықтаудағы іркілістерге себеп болды. ҚР Энергетика министрлігінің ресми түсіндірмесі: Таралып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Қазақстан мен көршілес елдердің энергетикалық жүйелерінің өзара байланысы Қазақстанның тәуелділігі мен осалдығы ретінде көрсетілуде. Мұндай ұғымдарды алмастыру бір мезгілде ұлттық энергетикалық жүйенің сенімсіздігі туралы түсінік қалыптастырып, көршілес мемлекеттермен ынтымақтастыққа қатысты теріс көзқарас тудыруы мүмкін. ➡️ Фейк: Автомектептерді есепке алу, оқу топтарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан қабылдау функциялары жеке ұйымдарға беріледі. JAQ.OrtCom ресми түсіндірмесі: Көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан қабылдау функциясын жеке ұйымдарға беру мәселесі қарастырылып отырған жоқ. Автомектептерді есепке алу және оқу топтарын тіркеу де мемлекеттік функциялар болып қала береді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Мұндай фейк маңызды мемлекеттік рәсім жеке құрылымдарға беріледі, соның салдарынан жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгеріп, жаңа коммерциялық мүдделер пайда болады және рәсімнің ашықтығына қатысты күмән туындайды деген түсінік қалыптастырады. Бұл жүргізушілерді даярлау мен емтихан қабылдаудың қолданыстағы жүйесіне деген сенімсіздікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. ➡️ Фейк: Мемлекеттік органдар БАҚ, журналистер, блогерлер мен белсенділердің аккаунттарын жаппай бұғаттап жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми түсіндірмесі: Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желі пайдаланушыларының, оның ішінде БАҚ пен журналистердің аккаунттарын бұғаттамайды. Ведомство мемлекет сөз бостандығын және журналистер мен блогерлердің заңды кәсіби қызметін шектеуге мүдделі емес екенін атап өтті. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Құқыққа қайшы контент таратқаны үшін заң бұзушыларды жауапкершілікке тартудың нақты жағдайлары БАҚ, журналистер мен блогерлердің аккаунттарын жаппай бұғаттау ретінде көрсетілуде. Осылайша, құқық қолдану қызметі сөз бостандығын жүйелі түрде шектеу туралы мәлімдемемен алмастырылуда. ➡️ Фейк: BI Group 1 000 пәтер ойнатып жатыр. BI Group компаниясының және JAQ.OrtCom ресми түсіндірмелері: Компания 1 000 пәтер ұтысын жариялаған жоқ және мұндай ұтыс өткізіп жатқан жоқ. Таралып жатқан жарияланымдарда көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні мен орындары туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Танымал брендтің атын пайдалану және 1 000 пәтер ұтысын уәде ету азаматтарды шын мәнінде жоқ іс-шараға жаппай тартуға алғышарт жасайды. Мұндай ақпараттық шабуыл бір мезгілде компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, жасанды дүрбелең туғызу және кейіннен сайлау процесінің беделін түсіру үшін пайдаланылуы мүмкін. 📎 Қосымша: ➡️ Петропавл қаласындағы жол-көлік оқиғасының салдары туралы жалған мәлімет таратқан TikTok пайдаланушысы жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады.

  9. ⚠️ Ранее Центр по борьбе с дезинформацией сообщал о распространении в преддверии выборов недостоверной и манипулятивной информации, в которой с использованием изображений известных казахстанских персон граждан призывают поддержать ту или иную политическую платформу и принять участие в массовых мероприятиях. В отдельных случаях от имени известных лиц распространяются ложные обещания материального вознаграждения за поддержку политических партий. В настоящее время фиксируется усиление подобных информационных вбросов и расширение круга медийных лиц и организаций, чьи изображения и названия используются для придания ложной информации видимости достоверности. Так, в социальных сетях распространяется информация о якобы проводимом BI Group розыгрыше 1 000 квартир. Компания официально опровергла эти сведения на своей странице в Instagram, отметив, что не объявляла и не проводит подобную акцию. Указанные в публикации условия участия, дата, место проведения и другие сведения не соответствуют действительности. Несмотря на оперативное опровержение, фейковая информация продолжает распространяться в мессенджерах и восприниматься частью пользователей как достоверная. Обращаем внимание, что такие вбросы могут преследовать не только цель распространения ложной информации. Их распространение способно создать ажиотаж и сформировать ложные ожидания в день выборов. Расчет может быть сделан на то, что сообщения, быстро распространяемые в социальных сетях и мессенджерах, в условиях массового участия граждан в голосовании способны создавать неразбериху и провоцировать стихийные скопления людей и другие нежелательные ситуации. ‼️ Центр напоминает: информация о розыгрышах, акциях, мероприятиях и других инициативах компаний в первую очередь публикуется на их официальных ресурсах. Если сообщение распространяется исключительно через сторонние страницы, каналы или аккаунты, оно может быть частью мошеннической схемы и являться основанием отнестись к нему критически и провести дополнительную проверку. Центр вновь призывает граждан не полагаться на информацию, достоверность которой не подтверждена официальными источниками, не переходить по сомнительным ссылкам и не распространять непроверенные сообщения.

  10. ⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін сайлау қарсаңында белгілі қазақстандық тұлғалардың бейнесін пайдалана отырып, азаматтарды белгілі бір саяси платформаны қолдауға және бұқаралық іс-шараларға қатысуға шақыратын жалған әрі манипуляциялық ақпараттың таралып жатқанын хабарлаған болатын. Тіпті кей жағдайларда танымал азаматтардың атынан саяси партияларды қолдағаны үшін материалдық сыйақы төленетіні туралы жалған уәделер де таратылуда. Қазіргі уақытта мұндай ақпараттық араңдатулардың күшейіп, жалған ақпаратқа шынайы сипат беру мақсатында бейнесі мен атауы пайдаланылатын медиа тұлғалар мен ұйымдар аясының кеңейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, әлеуметтік желілерде BI Group компаниясы 1000 пәтер ұтысын өткізіп жатыр деген ақпарат таралуда. Компания бұл ақпартты өзінің Instagram парақшасында ресми түрде жоққа шығарып, мұндай акцияны жарияламағанын әрі өткізбейтінін мәлімдеді. Жарияланымда көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні мен орны және өзге де мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Жедел түрде ресми теріске шығарылғанына қарамастан, жалған ақпарат мессенджерлерде әлі де таралып, пайдаланушылардың бір бөлігі тарапынан шынайы ақпарат ретінде қабылдануда. Назар аударамыз, мұндай ақпараттық арандатулардың мақсаты тек жалған мәлімет тарату ғана болмауы мүмкін. Олардың таралуы азаматтар арасында дүрбелең туғызып, сайлау күніне қатысты жалған күтулер қалыптастыруы ықтимал. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жылдам таралатын мұндай хабарламалар азаматтардың дауыс беруге жаппай қатысуы жағдайында түсінбеушілік туғызып, адамдардың бейберекет түрде жиналуына және өзге де жағымсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін. ‼️ Орталық еске салады: компаниялардың ұтыс ойындары, акциялары, іс-шаралары және басқа да бастамалары туралы ақпарат, ең алдымен, олардың ресми ресурстарында жарияланады. Егер хабарлама тек бөгде парақшалар, арналар немесе аккаунттар арқылы ғана таратылса, оның алаяқтық схеманың бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескеріп, мұндай ақпаратқа сын көзбен қарап, қосымша тексеру жүргізген жөн. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ресми дереккөздермен расталмаған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға тағы да шақырады.