JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥

ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан Әлеуметтік желілерде оқушының айналасындағылардың ескертуіне қарамастан мектеп ішінде самокатпен жүрген видеоролигі тарады. Жарияланымдарда бұл ролик Қазақстанмен байланыстырылып, мектеп оқушыларының тәрбие деңгейі төмендеп, «адамгершілік құндылықтар құлдырап бара жатқаны» туралы пікірлер айтылған. Бұдан бөлек, бұл қате нұсқаны жекелеген БАҚ өкілдері де таратып, роликтің нақты қай жерде түсірілгеніне қатысты өз аудиториясын жаңылыстырған. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бастапқы материалды талдады. Түркі тілдерінің ұқсастығына байланысты роликтегі сөздерді қазақ тілінде айтылған деп қабылдауға болады. Орталықтың тексеруі нәтижесінде видеоның көрші елде түсірілгені анықталды. Кадрда мұны көрсететін бірқатар аудиовизуалды белгілер байқалады. Сонымен қатар, түпнұсқа видеоны жариялаған аккаунттың Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталды. Осылайша, таралып жатқан роликтің Қазақстан мектептеріне еш қатысы жоқ. ❗️ Бұл жағдай бастапқы дереккөзді қарапайым тексерудің өзі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бөгде елде түсірілген видеоға Қазақстанға қатысты сипаттама беріліп, кейін ол қоғамдағы жағдай туралы эмоциялық пікірлер айтуға себеп болған. БАҚ үшін мұндай қателік айрықша маңызды. Тексерілмеген контентті қайта жариялау болжамды ақпаратты нақты анықталған дерек ретінде көрсетуге әкеліп, өз аудиториясын жаңылыстыруы мүмкін.

Views over time

020040060080016 Sep 13:5511 Nov 13:5366616 Sep 13:55: 0 views11 Nov 13:53: 666 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Sep 2026, 13:550
11 Nov 2026, 13:53666

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.