Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
Subscribers59.9K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)1.5%906 avg views
Posting8.3/daylast 8 hours ago
Reactions per 1K views6.8👍 ❤ 🔥
repost
Мемлекет басшысы ортақ күн тәртібіндегі көлік және логистика саласының өзектілігіне назар аударды
🟦Оның айтуынша, Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан Қазақстан заманауи әрі тиімді көлік-логистика желісін қалыптастыру арқылы осы географиялық артықшылықтың игілігін көруді көздейді.
– Біз Транскаспий халықаралық көлік бағытының өткізу қабілетін, жылдамдығы мен сенімділігін арттыру үшін теміржол, автомобиль жолдарына, теңіз порттарына, терминалдар мен жалпы инфрақұрылымға қомақты қаржы құйып жатырмыз. Орта дәліздің дамуына Кореяның да үлес қосар кезі келді деп ойлаймын. Қазақстан елімізде заманауи логистикалық орталықтарды, мультимодальді терминалдар, қойма кешендері мен жеткізу тізбегін басқаруға арналған цифрлық шешімдерді дамытып жатқан CJ Logistics және LX Pantos секілді кореялық логистика компаниялардың қадамын құптайды. Аталған жұмысты ілгерілету үшін жаңа логистикалық жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға көмектесетін, сондай-ақ кореялық жүктердің еліміздің аумағы арқылы кедергісіз тасымалдануын қамтамасыз ететін Қазақстан-Корея бірлескен кәсіпорнын құруды ұсынамын. Қазақстандық Shin-Line компаниясы мен Lotte Global Logistics осы саладағы серіктестік жоспарын іске асыра бастағаны қуантады, – деді Президент.
🟦Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.
– Еліміздің жасанды интеллект саласындағы стратегиясында адам капиталы негізгі рөл атқарады. Технологиялық көшбасшылық, сайып келгенде, адамдарға және олардың инновацияны игеру қабілетіне байланысты. Осы орайда Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен бірге Қазақстанда алғашқы Жасанды интеллект институтын құру бастамасын жоғары бағалаймыз. Біз Еуразиядағы ең ірі деректер өңдеу орталықтарының экожүйесін қалыптастыруға кірістік. «Деректер өңдеу орталықтарының алқабы» энергия ресурстарына бай Павлодар облысында орналасады. Жоба бір гигаватқа дейін қуатты қамтамасыз етеді. Кейін оның ауқымын тағы да кеңейтуге болады. Оған арнайы жер телімі бөлінеді және ұлттық суперкомпьютер қуатымен ұштастыруға мүмкіндік бар. Мақсатымыз – Қазақстанды Орталық Азияның басты есептеуіш технологиялар хабына және Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпірге айналдыру. Бұл жоспар Кореяның технологиялық компаниялары үшін бірегей мүмкіндік береді. Жасанды интеллектінің қосылған құн тізбегіндегі барлық кезеңінде пайдасын көргіміз келеді. Сондықтан Қазақстан микроэлектроника және жартылай өткізгіштер өндірісіне қажетті материалдар мен компоненттердің сенімді жеткізушісі бола алады. Осы ретте Samsung Electronics және SK Hynix секілді саланың әлемдік көшбасшыларымен нақты ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік мол, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
repost
Глава государства обратил внимание на то, что критически важные минералы стали одним из наиболее стратегически значимых и быстрорастущих секторов мировой экономики
– Значительные запасы этих стратегических ресурсов в нашей стране также открывают широкие возможности для казахско-корейского сотрудничества в передовых отраслях промышленности и других высокодоходных секторах. Мы будем рады приветствовать корейские инвестиции и технологический опыт в освоении минерально-сырьевого потенциала Казахстана. В этой связи предлагаем модель «ресурсы – технологии – промышленность» для совместного развития полноценных цепочек создания добавленной стоимости. Создание в Алматы Центра технологического сотрудничества в сфере редких и редкоземельных металлов является очередным логичным шагом в рамках новой модели партнерства. Мы убеждены, что совместная работа ученых позволит нам перейти от изучения ресурсной базы к конкретным промышленным проектам, – заметил Глава государства.
🟦По словам Президента, энергетика играет не менее важную роль в сотрудничестве двух стран. Он высоко оценил постоянный интерес корейских компаний к энергетической отрасли Казахстана.
– Компания Hyundai Engineering уже играет ключевую роль в строительстве Карачаганакского газоперерабатывающего завода. Мы рассматриваем данный проект как начало долгосрочного и стратегического присутствия корейских компаний на нашем рынке. Существует значительный потенциал для расширения этого партнерства на сферы газопереработки, нефтехимии, энергетической инфраструктуры и возобновляемой энергетики. Являясь крупнейшим в мире производителем урана, Казахстан обладает значительным потенциалом в области мирной атомной энергии. Особое внимание следует уделить малым модульным реакторам, которые играют все более значимую роль в мировом энергетическом секторе. Казахстан готов наладить взаимовыгодное сотрудничество с Кореей в этой области, – заявил Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
repost
Қасым-Жомарт Тоқаев аса маңызды минералдар әлемдік экономиканың стратегиялық тұрғыдан маңызды әрі тез дамып келе жатқан секторы саналатынына назар аударды
– Қазақстанның жер қойнауында аталған стратегиялық ресурстардың мол қоры бар. Бұл өндірістің озық салаларында және басқа да табысы жоғары секторларда қазақ-корей ынтымақтастығын дамытуға жол ашады. Қазақстанның қазба байлықтарын игеруге Корея тарапы инвестиция салып қана қоймай, технологиялық тәжірибесімен бөліскенін де қуана құптаймыз. Бұл ретте қосылған құны бар толыққанды өндіріс тізбегін бірлесіп дамыту үшін «Ресурс – технология – өнеркәсіп» моделін ұсынамыз. Алматы қаласында ашылатын Сирек кездесетін металдар саласындағы технологиялық ынтымақтастық орталығы жаңа үлгі аясындағы серіктестікті қалыптастырудың қисынды қадамы болмақ. Ғалымдардың ортақ ізденісінің нәтижесінде ресурстық базаны зерттеу жұмыстары нақты өнеркәсіп жобасына ұласады деп сенеміз, – деді Мемлекет басшысы.
🟦Президент екі елдің ынтымақтастығында энергетика саласы да маңызды екенін айтты. Ол кореялық компаниялар Қазақстанның энергетика секторына қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады.
– Hyundai Engineering қазірдің өзінде Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысында жетекші рөл атқарады. Аталған жобаны кореялық компаниялардың біздің нарықта стратегиялық тұрғыдан ұзақмерзімді тұрақтап қалуына септігін тигізетін бастапқы қадам ретінде қарастырамыз. Газ өңдеу, мұнай химиясы, энергетика инфрақұрылымы және жаңартылатын қуат көздері секілді салаларда серіктестік аясын кеңейтуге айтарлықтай мүмкіндік бар. Әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануда мол әлеуетке ие. Әлемдік энергетика секторында шағын модульді реакторлардың маңызы зор. Бізге де осыған айрықша мән берген жөн. Қазақстан Кореямен осы салада өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға әзір, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
repost
🇰🇿🇰🇷Глава государства выступил на открытии казахско-корейского круглого стола
🟦Президент обратился с приветственной речью к участникам мероприятия, объединившего представителей деловых кругов Казахстана и Республики Корея.
🟦Касым-Жомарт Токаев отметил, что за последние три десятилетия Астана и Сеул построили прочные отношения, основанные на взаимном уважении, доверии и искренней дружбе.
🟦По его словам, надежным фундаментом этого партнерства служат активный политический диалог и общее видение перспектив углубления многогранного сотрудничества.
– Сегодня Корея входит в число крупнейших торговых и инвестиционных партнеров Казахстана. Мы высоко ценим плодотворное присутствие крупнейших корейских компаний и будем и впредь укреплять эту позитивную тенденцию. Я всегда говорю, что корейские бизнесмены, являющиеся наиболее решительными и смелыми руководителями в сфере инвестиций, отличаются высоким уровнем порядочности и уважительным отношением к Казахстану, – отметил Президент.
🟦Как подчеркнул Касым-Жомарт Токаев, в прошлом году двусторонний товарооборот превысил 3 млрд долларов. По его мнению, этот показатель может быть удвоен при условии объединения усилий правительств двух стран и компаний.
– Общий объем прямых иностранных инвестиций из Кореи в Казахстан составил более 12 млрд долларов. В нашей стране работают более тысячи компаний с корейским капиталом, в том числе Samsung, Kia, Hyundai, Lotte, Doosan Enerbility, Shinhan Bank. Мы твердо намерены вывести наше взаимодействие на качественно новый уровень и всесторонне укрепить узы дружбы и партнерства. Данный визит предоставляет хорошую возможность закрепить достигнутый прогресс и придать новый импульс двустороннему сотрудничеству, – сказал Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
repost
🇰🇿🇰🇷Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында сөз сөйледі
🟦Президент Қазақстан мен Корея Республикасы іскерлік орта өкілдері бас қосқан жиынның қатысушыларына ілтипат білдірді.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы отыз жылда Астана мен Сеул арасында өзара құрметке, сенімге және шынайы достыққа негізделген берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.
🟦Оның айтуынша, аталған серіктестіктің іргесін белсенді саяси диалог пен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жолындағы ортақ ұстаным бекемдей түсті.
– Бүгінде Корея Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің қатарына кіреді. Кореялық компаниялардың біздің елдегі нәтижелі қызметін жоғары бағалаймыз әрі бұл оң үрдісті нығайта береміз. Корей бизнесмендері инвестиция мәселесінде анағұрлым ширақ әрі батыл қимылдайтынын, жоғары адамгершілігімен, Қазақстанға деген сыйластығымен ерекшеленетінін үнемі айтып жүремін, – деді Президент.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы екіжақты тауар айналымы 3 миллиард доллардан асқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, үкіметтер мен компаниялар күш-жігер біріктірсе, бұл көрсеткішті еселей түсуге болады.
– Корея Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Елімізде Samsung, Kia, Hyundai, Lotte, Doosan Enerbility, Shinhan Bank секілді корей капиталының үлесі бар мыңнан аса компания жұмыс істейді. Біз қарым-қатынасымызды мүлдем жаңа деңгейге көтеріп, достық әрі серіктестік байланыстарды барынша нығайтуға ниеттіміз. Бүгінгі сапар осыған дейінгі жетістіктерімізді түйіндеп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге орайлы мүмкіндік беріп отыр, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇰🇷 Қазақстан «Корея – Орталық Азия: жасанды интеллект, ғылым және технологиялар саласындағы серіктестік» министрлік кездесуіне қатысты
14 қыркүйекте Сеул қаласында алғашқы «Корея – Орталық Азия» саммиті қарсаңында «Корея – Орталық Азия: жасанды интеллект, ғылым және технологиялар саласындағы серіктестік» атты министрлік кездесу өтті.
Корея Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Бэ Кён Хунның төрағалығымен өткен іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Іс-шара Корея Республикасы мен Орталық Азияның бес мемлекеті өкілдерінің қатысуымен жасанды интеллект, ғылым және технологиялар мәселелеріне арналған алғашқы министрлік формат болды.
Қатысушылар жасанды интеллект, ғылым және технологиялар салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, технологиялық серіктестікті дамыту, ғылыми-зерттеу байланыстарын нығайту және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелеріне назар аударылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿🇰🇷 Казахстан принял участие в министерской встрече «Корея – Центральная Азия: партнерство в области искусственного интеллекта, науки и технологий»
14 сентября в Сеуле состоялась министерская встреча «Корея – Центральная Азия: партнерство в области искусственного интеллекта, науки и технологий», организованная в преддверии первого Саммита «Корея – Центральная Азия».
В мероприятии под председательством заместителя Премьер-министра - министра науки и информационно-коммуникационных технологий Республики Корея Бэ Кён Хуна приняли участие заместитель Премьер-министра - министр искусственного интеллекта и цифрового развития РК Жаслан Мадиев и министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек.
Мероприятие стало первым министерским форматом с участием представителей Республики Корея и пяти государств Центральной Азии, посвященным вопросам искусственного интеллекта, науки и технологий.
Участники обсудили перспективные направления взаимовыгодного сотрудничества в сфере искусственного интеллекта, науки и технологий, включая развитие технологического партнерства, укрепление научно-исследовательского взаимодействия и реализацию совместных инициатив.
🔗 Подробнее: gov.kz
⏩Yessenov University-де энергетика және логистика бойынша жаңа бағдарламалар іске қосылды
Yessenov University-де халықаралық «AKTANTEN in Aktau» жобасы аясында «Renewable Energy Systems» (Жаңартылатын энергия жүйелері) және «Management in Logistics» (Логистикадағы менеджмент) магистратуралық білім беру бағдарламалары іске қосылды.
Салтанатты рәсім барысында жаңа бағдарламалар таныстырылып, Қазақстан мен Германия жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, академиялық ұтқырлықты кеңейту және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Жаңа бағдарламалар жаңартылатын энергетика және логистика салаларында халықаралық тәжірибені білім беру үдерісіне енгізуге, ғылыми және қолданбалы жобаларды дамытуға, сондай-ақ еңбек нарығының заманауи талаптарына сай мамандар даярлауға бағытталған.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
⏩В Yessenov University запущены новые программы в сфере энергетики и логистики
В Yessenov University в рамках международного проекта «AKTANTEN in Aktau» запущены две магистерские образовательные программы – «Renewable Energy Systems» (Системы возобновляемой энергетики) и «Management in Logistics» (Менеджмент в логистике).
В ходе церемонии состоялась презентация новых программ. Участники обсудили развитие академического сотрудничества между высшими учебными заведениями Казахстана и Германии, расширение академической мобильности и реализацию совместных научно-образовательных проектов.
Новые программы направлены на внедрение международного опыта в образовательный процесс в сфере возобновляемой энергетики и логистики, развитие научных и прикладных проектов, а также подготовку специалистов в соответствии с современными требованиями рынка труда.
🔗 Подробнее: gov.kz
🟧Қазақстанның арнайы жоғары оқу орындары халықаралық серіктестікті нығайтады
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі арнайы жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығын дамыту, академиялық байланыстарды кеңейту және кадрлар даярлауға заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді.
ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Еуропалық құқық және басқару университетімен (ELGU) ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Келісім аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде қос дипломды бағдарламаларды іске асыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және тағылымдамалар ұйымдастыру көзделген.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🟧 Специальные высшие учебные заведения Казахстана укрепляют международное партнерство
Министерство науки и высшего образования РК продолжает работу по развитию международного сотрудничества специальных высших учебных заведений, расширению академических связей и внедрению современных подходов к подготовке кадров.
Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре РК заключила соглашение о сотрудничестве с Европейским университетом права и управления (ELGU). Соглашение предусматривает реализацию совместных образовательных программ, в том числе программ двойных дипломов, развитие академической мобильности и организацию стажировок.
🔗 Подробнее: gov.kz
🇰🇿 Study in Kazakhstan: Қазақстанның жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр
Amanzholov University халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп, шетел азаматтарын Қазақстанда білім алуға тарту жұмыстарын жалғастырып келеді. Қазіргі таңда университетте 170 шетел азаматы білім алып жатыр. Оның 124-і жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алады.
Негізгі контингент құрамында 97 бакалавриат студенті, 4 магистрант, 3 докторант, жоғары колледждің 17 студенті және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын 3 студент бар. Бұдан бөлек, 46 шетел азаматы негізгі білім беру бағдарламаларына түсу үшін тілдік және дайындық курстарынан өтеді.
Бүгінде университетте 13 мемлекеттің азаматтары білім алады. Олардың ішінде Моңғолияның 63, Қытайдың 28, Ресейдің 11, Әзербайжанның 5 және Бангладештің 4 азаматы бар. Сонымен қатар университетте Қырғызстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Палестина, Марокко, Индонезия, Түркия және Украина азаматтары білім алады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿 Study in Kazakhstan: казахстанские вузы расширяют международное сотрудничество
Amanzholov University продолжает расширять международное сотрудничество и привлекать иностранных граждан к обучению в Казахстане. В настоящее время в университете обучаются 170 иностранных граждан, в том числе 124 человека осваивают образовательные программы высшего, а также технического и профессионального образования.
В состав основного контингента входят 97 студентов бакалавриата, 4 магистранта, 3 докторанта, 17 студентов Высшего колледжа и 3 участника академической мобильности. Еще 46 иностранных граждан проходят языковую подготовку и подготовку к поступлению на основные образовательные программы.
Сегодня в университете обучаются граждане 13 государств. Наибольшее количество составляют граждане Монголии – 63 человека, Китая – 28, России – 11, Азербайджана – 5 и Бангладеш – 4. Также образование в Amanzholov University получают граждане Кыргызстана, Узбекистана, Афганистана, Палестины, Марокко, Индонезии, Турции и Украины.
🔗 Подробнее: gov.kz
🌐 Қазақстан Coursera платформасын жоғары білім беру жүйесіне интеграциялауды кеңейтіп жатыр
FWD Virtual 2026 халықаралық іс-шарасы аясында «Жасанды интеллект дәуірінде кадрларды еңбек нарығына дайындау» тақырыбында панельдік сессия өтті. Талқылауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Texas A&M университеттер жүйесінің оқытудағы инновациялар жөніндегі вице-канцлер орынбасары Ким Ринирсон және Randstad компаниясының дағдылар мен кадрларды дамыту жөніндегі жаһандық бағытының жетекшісі Ренате Декен қатысты. Пікірталасты Coursera және Udemy компанияларының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Нирача Тайчахунавуд жүргізді.
Қатысушылар жасанды интеллект дәуірінің талаптарына сай кадр даярлау, цифрлық және адами дағдыларды дамыту, білім беру бағдарламаларын трансформациялау және түлектердің мансапқа дайындығын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ құзыреттерді дамытудың практикалық тәсілдері мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🌐 Казахстан расширяет интеграцию Coursera в систему высшего образования
В рамках международного мероприятия FWD Virtual 2026 состоялась панельная сессия «Формирование готовности персонала к работе в эпоху ИИ». В обсуждении приняли участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, заместитель вице-канцлера по инновациям в преподавательской деятельности системы университетов Texas A&M Ким Ринирсон и глобальный руководитель направления развития навыков и персонала Randstad Ренате Декен. Модерировала дискуссию директор по работе с клиентами Coursera и Udemy Нирача Тайчахунавуд.
Участники обсудили вопросы подготовки кадров к требованиям эпохи искусственного интеллекта, развития цифровых и человеческих навыков, трансформации образовательных программ и повышения карьерной готовности выпускников. Особое внимание было уделено практическим подходам к развитию компетенций и внедрению ИИ в образовательный процесс.
🔗 Подробнее: gov.kz
repost
Хангук шет тілдері университетінің профессоры Сон Ён Хун 20 жылдан бері қазақ тілінен дәріс оқып, корей халқына Қазақстан мен оның мәдениетін дәріптеп келеді
****
Профессор университета иностранных языков Хангук Сон Ён Хун более 20 лет преподает казахский язык и таким образом знакомит корейский народ с Казахстаном и его культурой
🎦 t.me/aqorda_resmi
repost
Чему учить человека в мире, где искусственный интеллект уже пишет тексты, создает изображения и предлагает решения за считаные секунды? И как подготовить молодых людей к профессиям, которые будут меняться на протяжении всей их жизни?
🎬 В интервью программе «Creative Qazaqstan» на телеканале Khabar NEWS поделился своим взглядом на будущее образования, технологий и творчества.
🎓 Убежден, что задача университета - не только дать знания по специальности, но и научить человека самостоятельно мыслить, анализировать информацию, задавать вопросы и создавать новое. Меняется и роль преподавателя: он становится наставником, который помогает студенту раскрыть способности и выстроить собственную траекторию развития. Поговорили о развитии креативного мышления и возможностях, которые открывает присутствие зарубежных университетов в Казахстане.
📍 Значительную часть беседы посвятили креативной экономике. Обсудили опыт Южной Кореи и феномен Hallyu, перспективные направления для Казахстана и то, что необходимо нашим талантам для выхода на мировой уровень.
▪️ Отдельно остановились на казахском языке в эпоху искусственного интеллекта, языковой модели KazLLM и систематизации языковых норм. Не обошли и вопросы выбора профессии: в этой части поговорили о робототехнике, киберфизических системах, нейрофизиологии и изучении человеческого мозга.
Полное интервью: https://www.youtube.com/watch?v=JTBc777yvtg
repost
🤖 Жасанды интеллект мәтін жазып, сурет сала алатын заманда адамға қандай қабілеттер қажет? Жастарды үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығына қалай дайындаймыз?
🎬 Khabar NEWS телеарнасының «Creative Qazaqstan» бағдарламасына берген сұхбатымда білім, технология және шығармашылықтың болашағы туралы әңгімелестік.
🎓 Университеттердің міндеті мен оқытушының рөлі қалай өзгеретінін, білім беруден тәлімгерлікке ауысудың мәнін талқыладық. Шығармашылық ойлауды дамытуға және Қазақстандағы шетелдік университеттердің мүмкіндіктеріне де тоқталдық.
📍 Әңгімеміздің маңызды бөлігі креативті экономикаға арналды. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мен Hallyu феноменін талқылап, қазақстандық таланттарға әлемдік деңгейге шығу үшін не қажет деген сұраққа назар аудардық.
▪️ Қазақ тілінің жасанды интеллект дәуіріндегі орнына арнайы тоқталдық. KazLLM тілдік моделі, тіл нормаларын жүйелеу және қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі болашағы туралы сөз қозғадық. Біз үшін қазақ тілінің заманауи технологиялармен қатар дамып, білім мен жаңа идеяларды жеткізудің толыққанды құралы болуы маңызды.
Толық сұхбатты сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=JTBc777yvtg
▪️ QyzPU-да алғашқы Студенттік Құрылтай құрылды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде алғашқы «QyzPU Студенттік Құрылтайы – 2026» құрылып, оның 41 мүшесі таныстырылды. Бұл бастама студенттердің ұсыныстары мен бастамаларын қолдауға, жастардың өзекті мәселелерін талқылауға және университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жаңа диалог алаңын қалыптастыруға бағытталған.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
▪️В QyzPU создан первый Студенческий Құрылтай
В Казахском национальном женском педагогическом университете создан первый «QyzPU Студенческий Құрылтай – 2026», в состав которого вошел 41 студент. Новая инициатива направлена на поддержку предложений и инициатив студентов, обсуждение актуальных вопросов молодежи и создание площадки для активного участия студентов в общественной жизни университета.
🔗 Подробнее: gov.kz
▪️ Ғалымдар Солтүстік Қазақстанның Алтын Орда дәуіріндегі тарихи маңызын талқылады
Kozybayev University-де «Солтүстік Қазақстан Алтын Орданың далалық коммуникациялар жүйесінде» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан, Ресей, АҚШ және Түркиядан ғалымдар, археологтар, тарихшылар, деректанушылар және жас зерттеушілер қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы ұлысының мұрасын терең ғылыми тұрғыдан зерделеудің қажеттілігін бірнеше рет атап өтіп, Алтын Орданың дала өркениеті тарихындағы айрықша орнына назар аударған болатын. Осы бағыт аясында Kozybayev University-де ғасырлар бойы Ұлы даланың саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар жүйесінде болған Солтүстік Қазақстан аумағын зерттеуге ерекше назар аударылды.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
▪️ Ученые обсудили историческое значение Северного Казахстана в эпоху Золотой Орды
В Kozybayev University состоялся международный круглый стол «Северный Казахстан в системе степных коммуникаций Золотой Орды». Мероприятие объединило ученых, археологов, историков, источниковедов и молодых исследователей из Казахстана, России, США и Турции.
Глава государства Касым-Жомарт Токаев неоднократно подчеркивал необходимость глубокого научного осмысления наследия Улуса Джучи и отмечал особое место Золотой Орды в истории степной цивилизации. В этом ключе в Kozybayev University сконцентрировались на исследовании Северного Казахстана - территории, которая на протяжении веков находилась в системе политических, торгово-экономических и культурных связей Великой степи.
🔗 Подробнее: gov.kz
🇰🇿🇲🇾Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде
Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Малайзия халықаралық ислам университетінің (International Islamic University Malaysia, IIUM) профессорлары мен 28 студентінен құралған делегацияны қабылдады.
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сапар Қазақстан мен Малайзия арасындағы білім беру, ғылыми-зерттеу және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Бағдарлама шеңберінде профессорлар мен студенттердің қатысуымен дәрістер, практикалық сабақтар, ғылыми пікірталастар және тәжірибе алмасу кездесулері өтіп жатыр. Сәулет, тарихи-мәдени мұраны сақтау, цифрлық құжаттандыру, сондай-ақ сәулет нысандарын зерттеудің заманауи әдістерін қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
🇰🇿🇲🇾 Вузы Казахстана и Малайзии расширяют академическое сотрудничество
Международная образовательная корпорация (KazGASA) принимает делегацию Международного исламского университета Малайзии (International Islamic University Malaysia, IIUM), в состав которой вошли профессора и 28 студентов. Поездка проходит в рамках программы международной академической мобильности и направлен на укрепление образовательных, научно-исследовательских и культурных связей между Казахстаном и Малайзией.
В рамках программы проходят лекции, практические занятия, научные дискуссии и встречи по обмену опытом с участием профессоров и студентов. Особое внимание уделяется вопросам архитектуры, сохранения историко-культурного наследия, цифровой документации, а также применению современных методов исследования архитектурных объектов.
🔗 Подробнее: gov.kz
👥 Қазақстанның жоғары оқу орындары әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып келеді
Бүгін Астанада «Тұрақты болашақ үшін әлеуметтік инвестициялар» атты әлеуметтік кәсіпкерлердің алғашқы халықаралық саммитінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстаннан және шетелден 700-ге жуық өкіл қатысты. Олардың қатарында Германия, Канада, Малайзия және ТМД елдерінің өкілдері бар. Саммит әлеуметтік кәсіпкерлерді, инвесторларды, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен даму институттарының өкілдерін бір алаңға жинады.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова әлеуметтік кәсіпкерлік қоғамның өзекті мәселелерін шешудің және жауапты кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастырудың маңызды тетігіне айналып келе жатқанын атап өтті.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
👥 Казахстанские вузы вносят вклад в развитие социального предпринимательства
Сегодня в Астане состоялось официальное открытие первого международного саммита социальных предпринимателей «Социальные инвестиции для устойчивого будущего». В мероприятии приняли участие около 700 представителей Казахстана и зарубежных стран, в том числе Германии, Канады, Малайзии и государств СНГ. Саммит объединил социальных предпринимателей, инвесторов, представителей государственных органов, международных организаций и институтов развития.
Вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова отметила, что социальное предпринимательство становится важным инструментом решения актуальных общественных задач и формирования культуры ответственного предпринимательства.
🔗 Подробнее: gov.kz
✈️ Қазақстанда авиация кадрларын даярлаудың халықаралық тәсілдері кеңейіп келеді
Азаматтық авиация академиясында Boeing компаниясы мен Istanbul Technical University мамандарының қатысуымен болашақ авиация мамандарының заманауи цифрлық, кәсіби және коммуникативтік құзыреттерін дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы өтіп жатыр.
Оқыту халықаралық Upskilling Project жобасы аясында жүзеге асырылады. Бастаманың мақсаты – студенттердің академиялық даярлығын қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылармен толықтыру, сондай-ақ олардың кәсіби ортаға табысты бейімделуіне ықпал ету.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
✈️ В Казахстане расширяются международные подходы к подготовке авиационных кадров
В Академии гражданской авиации проходит международная образовательная программа с участием специалистов Boeing и Istanbul Technical University, направленная на развитие современных цифровых, профессиональных и коммуникативных компетенций будущих авиационных специалистов.
Обучение проходит в рамках международного Upskilling Project. Инициатива направлена на дополнение академической подготовки студентов практическими навыками, востребованными на современном рынке труда, а также содействие их успешной профессиональной адаптации.
🔗 Подробнее: gov.kz
✈️ Қазақстанда авиация кадрларын даярлаудың халықаралық тәсілдері кеңейіп келеді
Азаматтық авиация академиясында Boeing компаниясы мен Istanbul Technical University мамандарының қатысуымен болашақ авиация мамандарының заманауи цифрлық, кәсіби және коммуникативтік құзыреттерін дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы өтіп жатыр.
Оқыту халықаралық Upskilling Project жобасы аясында жүзеге асырылады. Бастаманың мақсаты – студенттердің академиялық даярлығын қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдылармен толықтыру, сондай-ақ олардың кәсіби ортаға табысты бейімделуіне ықпал ету.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
✈️ В Казахстане расширяются международные подходы к подготовке авиационных кадров
В Академии гражданской авиации проходит международная образовательная программа с участием специалистов Boeing и Istanbul Technical University, направленная на развитие современных цифровых, профессиональных и коммуникативных компетенций будущих авиационных специалистов.
Обучение проходит в рамках международного Upskilling Project. Инициатива направлена на дополнение академической подготовки студентов практическими навыками, востребованными на современном рынке труда, а также содействие их успешной профессиональной адаптации.
🔗 Подробнее: gov.kz
💬Ұлттық жастар диалогы: Қазақстанда атом саласына кадр даярлау мәселелері талқыланды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тең дәрежедегі ядролық диалог: жастардың атом саласына қадамы» атты Ұлттық жастар диалогы өтті. Студенттермен ашық форматтағы кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты.
Атом саласын дамыту мәселелеріне арналған алғашқы жастар диалогтары Алматы мен Астана қалаларында өтті. Диалог барысында атом саласына отандық кадрлар даярлау, білім беру бағдарламаларын дамыту, студенттердің практикалық даярлығын күшейту және саланың технологиялық даму жағдайында сұранысқа ие жаңа құзыреттерді қалыптастыру мәселелеріне баса назар аударылды.
Ғылым және жоғары білім министрі атом энергетикасының дамуы білікті кадрларға ұзақ мерзімді сұраныс қалыптастыратынын, ал жоғары білім беру жүйесі бұл қажеттіліктерге уақытылы жауап беруі тиіс екенін атап өтті.
🔗 Толығырақ: gov.kz
***
💬Национальный молодежный диалог: в Казахстане обсудили подготовку кадров для атомной отрасли
В Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева состоялся Национальный молодежный диалог «Ядерный диалог на равных: путь молодежи в атомную отрасль». В открытой встрече со студентами приняли участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек и председатель Агентства РК по атомной энергии Алмасадам Саткалиев.
Первые молодежные диалоги по вопросам развития атомной отрасли прошли в Алматы и Астане. Основное внимание в ходе диалога было уделено вопросам подготовки отечественных специалистов для атомной отрасли, развитию образовательных программ, практической подготовке студентов и формированию новых компетенций, востребованных в условиях технологического развития отрасли.
Министр науки и высшего образования отметил, что развитие атомной энергетики формирует долгосрочный спрос на квалифицированные кадры, а система высшего образования должна своевременно отвечать на эти потребности.
🔗 Подробнее: gov.kz