🤖 Жасанды интеллект мәтін жазып, сурет сала алатын заманда адамға қандай қабілеттер қажет? Жастарды үнемі өзгеріп отыратын еңбек нарығына қалай дайындаймыз? 🎬 Khabar NEWS телеарнасының «Creative Qazaqstan» бағдарламасына берген сұхбатымда білім, технология және шығармашылықтың болашағы туралы әңгімелестік. 🎓 Университеттердің міндеті мен оқытушының рөлі қалай өзгеретінін, білім беруден тәлімгерлікке ауысудың мәнін талқыладық. Шығармашылық ойлауды дамытуға және Қазақстандағы шетелдік университеттердің мүмкіндіктеріне де тоқталдық. 📍 Әңгімеміздің маңызды бөлігі креативті экономикаға арналды. Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мен Hallyu феноменін талқылап, қазақстандық таланттарға әлемдік деңгейге шығу үшін не қажет деген сұраққа назар аудардық. ▪️ Қазақ тілінің жасанды интеллект дәуіріндегі орнына арнайы тоқталдық. KazLLM тілдік моделі, тіл нормаларын жүйелеу және қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі болашағы туралы сөз қозғадық. Біз үшін қазақ тілінің заманауи технологиялармен қатар дамып, білім мен жаңа идеяларды жеткізудің толыққанды құралы болуы маңызды. Толық сұхбатты сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=JTBc777yvtg