ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🌐 Қазақстан Coursera платформасын жоғары білім беру жүйесіне интеграциялауды кеңейтіп жатыр FWD Virtual 2026 халықаралық іс-шарасы аясында «Жасанды интеллект дәуірінде кадрларды еңбек нарығына дайындау» тақырыбында панельдік сессия өтті. Талқылауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Texas A&M университеттер жүйесінің оқытудағы инновациялар жөніндегі вице-канцлер орынбасары Ким Ринирсон және Randstad компаниясының дағдылар мен кадрларды дамыту жөніндегі жаһандық бағытының жетекшісі Ренате Декен қатысты. Пікірталасты Coursera және Udemy компанияларының клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Нирача Тайчахунавуд жүргізді. Қатысушылар жасанды интеллект дәуірінің талаптарына сай кадр даярлау, цифрлық және адами дағдыларды дамыту, білім беру бағдарламаларын трансформациялау және түлектердің мансапқа дайындығын арттыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ құзыреттерді дамытудың практикалық тәсілдері мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуге ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 Казахстан расширяет интеграцию Coursera в систему высшего образования В рамках международного мероприятия FWD Virtual 2026 состоялась панельная сессия «Формирование готовности персонала к работе в эпоху ИИ». В обсуждении приняли участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, заместитель вице-канцлера по инновациям в преподавательской деятельности системы университетов Texas A&M Ким Ринирсон и глобальный руководитель направления развития навыков и персонала Randstad Ренате Декен. Модерировала дискуссию директор по работе с клиентами Coursera и Udemy Нирача Тайчахунавуд. Участники обсудили вопросы подготовки кадров к требованиям эпохи искусственного интеллекта, развития цифровых и человеческих навыков, трансформации образовательных программ и повышения карьерной готовности выпускников. Особое внимание было уделено практическим подходам к развитию компетенций и внедрению ИИ в образовательный процесс. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K14 Sep 13:0912 Nov 09:172.4K14 Sep 13:09: 0 views12 Nov 09:17: 2,350 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
14 Sep 2026, 13:090
12 Nov 2026, 09:172.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.