ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🏠 Жаңа оқу жылының қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл – жас зерттеушілерді қолдауға, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және ғылымдағы әлеуетін толық іске асыруына бағытталған маңызды шаралардың бірі. 🤩 Тұрғын үй сертификатының иегерлерінің бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасының аға оқытушысы Таңнұр Аманжолов. «Соңғы сегіз жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да аға оқытушы болып қызмет атқарып келемін. Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру аясында энергетика бағыты бойынша тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Бұл салаға университетте білім алып жүрген кезімнен қызығушылық таныттым. Мемлекет басшысына жас ғалымдарға осындай қолдау көрсетіп, мүмкіндік беріп отырғаны үшін алғысымды білдіремін. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі бізге ғылыми-зерттеу жұмыстарына алаңсыз көңіл бөліп, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай қолдау жас ғалымдар үшін өте маңызды. Бұл бізді ғылым жолында алға ұмтылуға, биік мақсаттар қойып, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады. Алдағы уақытта да еліміздің ғылымын дамытуға өз күш-жігерімізді аямай, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге барымызды саламыз», - деді жас ғалым. *** 🏠В преддверии нового учебного года по поручению Главы государства пяти молодым ученым были торжественно вручены жилищные сертификаты. Это одна из важных мер, направленных на поддержку молодых исследователей, улучшение их социальных условий и создание возможностей для полной реализации их научного потенциала. 🔑Одним из обладателей жилищного сертификата стал старший преподаватель кафедры механики механико-математического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби Таңнұр Аманжолов. «Последние восемь лет я работаю старшим преподавателем в Казахском национальном университете имени аль-Фараби. В рамках программно-целевого и грантового финансирования на постоянной основе занимаюсь научно-исследовательской работой в сфере энергетики. Интерес к этому направлению у меня появился еще во время обучения в университете. Выражаю благодарность Главе государства за поддержку молодых ученых и предоставление таких возможностей. Решение жилищного вопроса позволит нам сосредоточиться на научно-исследовательской работе, не отвлекаясь на социальные вопросы, а также реализовывать новые идеи и инициативы. Такая поддержка имеет большое значение для молодых ученых. Она мотивирует нас двигаться вперед в науке, ставить перед собой амбициозные цели, покорять новые вершины и добиваться высоких результатов. В дальнейшем мы также будем прилагать все усилия для развития отечественной науки и достижения значимых результатов», - отметил молодой ученый.

Views over time

01K2K3K4K1 Sep 12:2812 Nov 09:173.3K1 Sep 12:28: 0 views12 Nov 09:17: 3,330 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
1 Sep 2026, 12:280
12 Nov 2026, 09:173.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.