ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🏠🗝️Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. ▪️ Тұрғын үй сертификатының иегерлерінің бірі – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Биотехнология және микробиология» кафедрасының аға оқытушысы Қазбек Дюсембаев. «Мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы биотехнологиясы саласында шетелде ғылыми тәжірибе жинақтап, Аустралияда докторлық диссертациямды қорғадым. Елімізге оралғаннан кейін осы салада қызмет атқарып келемін. Бүгін Президенттің тапсырмасы бойынша табысталып отырған тұрғын үй сертификаты – біз үшін үлкен сый әрі зор жауапкершілік. Бұл – мемлекет тарапынан жас ғалымдарға көрсетіліп отырған маңызды қолдаудың бірі. Осындай мүмкіндік бізге тұрмыстық жағдайды уайымдамай, ғылыми жұмыстарымызды одан әрі алаңсыз жалғастырып, ғылымға өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді деп есептеймін», - деді Қазбек Амзеұлы. **** 🏠🗝️В преддверии Дня знаний и.о. министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек по поручению Главы государства торжественно вручил жилищные сертификаты пяти молодым ученым. ✔️Одним из обладателей жилищного сертификата стал старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева Казбек Дюсембаев. «Благодаря государственной поддержке я получил научный опыт за рубежом в области сельскохозяйственной биотехнологии и защитил докторскую диссертацию в Австралии. После возвращения в Казахстан продолжаю работать в этой сфере. Жилищный сертификат, который сегодня вручается по поручению Президента, – это для нас большая поддержка и одновременно большая ответственность. Я считаю, что это одна из важных мер государственной поддержки молодых ученых. Такая возможность позволяет нам не беспокоиться о жилищных и бытовых вопросах, спокойно продолжать научную работу и вносить свой вклад в развитие отечественной науки», - отметил Казбек Амзеулы.

Views over time

01K2K3K4K2 Sep 05:1212 Nov 09:173.3K2 Sep 05:12: 0 views12 Nov 09:17: 3,290 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Sep 2026, 05:120
12 Nov 2026, 09:173.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.