✔️ ИСПОЛНЕНИЕ ПОРУЧЕНИЯ ПРЕЗИДЕНТА: МОЛОДЫМ УЧЕНЫМ ВРУЧИЛИ ЖИЛИЩНЫЕ СЕРТИФИКАТЫ 🏠Сегодня, в День знаний, и.о. министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек в рамках поручения Главы государства торжественно вручил жилищные сертификаты пяти молодым ученым. 🔸Мероприятие организовано в целях исполнения поручения Президента, данного 31 мая 2024 года во время встречи с молодыми учеными в «Ғылым ордасы». Основная цель – социальная поддержка молодых ученых, повышение их социального статуса и создание условий для привлечения молодых кадров в сферу науки. В этих целях Комиссия определила очередной список молодых ученых научных организаций, а также организаций высшего и послевузовского образования, работающих в городах Астана и Алматы, для обеспечения жильем. «В этот знаменательный день в рамках поручения Главы государства мы торжественно вручаем жилищные сертификаты пяти молодым ученым. Это важное проявление конкретной государственной поддержки молодых исследователей, работающих в сфере науки. Сегодня вы становитесь обладателями жилищных сертификатов, которые позволяют получить жилье на безвозмездной основе. От всей души поздравляю вас с этим радостным событием! Президент уделяет особое внимание поддержке молодых ученых, развитию их научного потенциала и улучшению социальных условий. В этом направлении наряду с жилищными сертификатами, предоставляемыми на безвозмездной основе, молодым исследователям получить собственное жилье позволяют и льготные жилищные программы, реализуемые через «Отбасы банк». Такие меры направлены не только на улучшение социальных условий молодых ученых, но и на создание возможностей для того, чтобы они могли сосредоточиться на научных исследованиях и вносить вклад в развитие науки и технологий нашей страны», - сказал С. Нурбек. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
-
-



+6
▪️ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ 🏠Бүгін Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. ✔️Аталған шара Президенттің 2024 жылғы 31 мамырда Ғылым ордасында жас ғалымдармен кездесуінде берген тапсырмасын орындау мақсатында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және ғылым саласына жас кадрларды тартуға жағдай жасау. Осы мақсатта Комиссия Астана және Алматы қалаларындағы ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында еңбек ететін жас ғалымдар арасынан баспанамен қамтамасыз етуге үміткерлердің кезекті тізімін айқындады. «Бүгінгі айтулы күні Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бес жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстап отырмыз. Бұл – мемлекет тарапынан ғылым саласында еңбек етіп жүрген жас зерттеушілерге көрсетіліп отырған нақты қолдаудың маңызды бір көрінісі. Сіздер бүгін тұрғын үйге өтеусіз негізде қол жеткізуге мүмкіндік беретін пәтер сертификаттарының иегері атанып отырсыздар. Осы қуанышты сәт баршаңызға құтты болсын! Президент жас ғалымдарды қолдауға, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға және әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән беріп келеді. Осы бағытта өтеусіз негізде берілетін пәтер сертификаттарымен қатар «Отбасы банкі» арқылы жүзеге асырылатын жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары да жас зерттеушілердің баспаналы болуына мүмкіндік береді. Мұндай шаралар жас ғалымдарға әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, ғылыми ізденістеріне алаңсыз көңіл бөліп, еліміздің ғылымы мен технологиясының дамуына үлес қосуына жағдай жасауға бағытталған», - деді С. Нұрбек. 🔗 Толығырақ: gov.kz
-
⚡️Қазақстандық ғалымдар 750 мыңнан астам зарядтау цикліне төзімді энергия жинақтағышты сынақтан өткізді Сәтбаев университетінің ғалымдары энергия жинақтағыштарға арналған жаңа наноматериалдар жасап, оларды гибридті суперконденсатор прототипінде сынақтан өткізді. Құрылғы 750 мыңнан астам зарядтау мен разрядтау цикліне шыдап, жұмыс тұрақтылығын сақтаған. Бұл әзірлемені энергия сақтау жүйелерінде, электр көліктерінде және жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетика саласында пайдалануға болады. Зерттеулер «Материалтану және электрохимиялық инженерия» зертханасында жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жобаның жұмысы бағдарламалық қаржыландыру аясында жалғасып келеді. Ғалымдар тобы Қазақстанда қолжетімді шикізаттан, яғни күріш қауызы мен қызылшаның сығындысынан көміртекті материалдар жасайды. Олардың меншікті беткі ауданы 3000 м²/г-ға дейін жетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын материалдың электролитпен әрекеттесу ауданы да соғұрлым үлкен болады және заряд жинақтау мүмкіндігі де арта түседі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚡️Казахстанские ученые испытали накопитель энергии, выдерживающий более 750 тысяч циклов заряда и разряда Ученые Satbayev University разработали новые наноматериалы для накопителей энергии и испытали их в прототипе гибридного суперконденсатора. Устройство выдержало более 750 тысяч циклов заряда и разряда, сохранив стабильность работы. Разработка может применяться в системах хранения энергии, электротранспорте и энергетике на основе возобновляемых источников энергии. Исследования ведутся в лаборатории «Материаловедение и электрохимическая инженерия». В настоящее время работа над проектом продолжается в рамках программно-целевого финансирования. Команда создает углеродные материалы из доступного казахстанского сырья – рисовой шелухи и свекловичного жома. Их удельная поверхность достигает 3000 м²/г. Чем выше этот показатель, тем больше площадь взаимодействия материала с электролитом и тем выше его потенциал для накопления заряда. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



🔰 Абай университеті жаңа оқу жылын жаңа білім беру бағдарламаларымен бастайды 2026-2027 оқу жылында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бірқатар жаңа бастама жүзеге асырылады. Атап айтқанда, «Ақпараттық жүйелер және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша оқу мерзімі төрт жылдан үш жылға қысқартылады. Сонымен қатар университетте Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті ашылып, шетелдік «Сириус» ғылыми-технологиялық университетімен бірлескен қосдипломды білім беру бағдарламасы іске қосылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 Абай университет начинает новый учебный год с новыми образовательными программами В 2026-2027 учебном году в Казахском национальном педагогическом университете имени Абая будет реализован ряд новых инициатив. В частности, срок обучения по образовательной программе «Информационные системы и искусственный интеллект» сокращен с четырех до трех лет. Кроме того, в университете открывается факультет информационных технологий и искусственного интеллекта, а также планируется запуск совместной программы двойного диплома с зарубежным научно-технологическим университетом «Сириус». 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🔬Қазақстандық ғалымдар CERN зерттеулеріне қатысу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының (CERN) Бас директоры Марк Томсонмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен CERN арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде жоғары энергиялар физикасы саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. ҚР Үкіметі мен CERN арасындағы серіктестіктің негізі 2018 жылы жасалған халықаралық ынтымақтастық туралы келісіммен қаланды. Қазіргі уақытта осы Келісімге сәйкес қазақстандық ғалымдардың CERN-нің ғылыми эксперименттері мен зерттеу бағдарламаларына қатысуының практикалық тетігін қалыптастыруға бағытталған Хаттама жобасы әзірленді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬Казахстанские ученые получат новые возможности для участия в исследованиях CERN Состоялась встреча и.о. министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с Генеральным директором Европейской организации по ядерным исследованиям (CERN) Марком Томсоном. В ходе встречи стороны обсудили дальнейшие шаги по развитию научно-технологического сотрудничества между Казахстаном и CERN, в том числе расширение взаимодействия в области физики высоких энергий. Основы партнерства были заложены Соглашением о международном сотрудничестве между Правительством РК и CERN, подписанным в 2018 году. В настоящее время разработан проект Протокола к Соглашению, направленный на создание практического механизма участия казахстанских ученых в научных экспериментах и исследовательских программах CERN. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🇰🇿🇮🇳Қазақстан мен Үндістан білім беру және құқық қорғау саласында кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр Астанада ҚР Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы мен NFSU Ұлттық сот ғылымдары университеті (Үндістан, Гандинагар қаласы) арасындағы қос дипломды білім беру бағдарламаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ағымдағы оқу жылында магистратура бағдарламаларына 20 білім алушы қабылданды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек, ҚР Ішкі істер министрінің м.а. Ержан Саденов, NFSU филиалдарының директорлары Навин Кумар Чаудхари мен Пурви Покхариал, сондай-ақ NFSU Ми зерттеу зертханасының жетекшісі Четан Мукундан қатысты. NFSU Ұлттық сот ғылымдары университеті – сот-сараптама ғылымдары, цифрлық криминалистика, киберқауіпсіздік және сабақтас бағыттарға маманданған Үндістандағы арнаулы жоғары оқу орны. Үндістан қылмыстарды тергеу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында заманауи технологияларды қолдану бағытында мол халықаралық тәжірибеге ие. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇮🇳 Казахстан и Индия расширяют сотрудничество в сфере образования и подготовки кадров для правоохранительных органов В Астане состоялось торжественное открытие двудипломных образовательных программ между Академией управления Министерства внутренних дел РК и Национальным университетом судебных наук NFSU (г. Гандинагар, Индия). В текущем учебном году на магистерские программы зачислены 20 обучающихся. В мероприятии приняли участие и.о. министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, и.о. министра внутренних дел РК Ержан Саденов, директора филиалов NFSU Навин Кумар Чаудхари и Пурви Покхариал, а также руководитель Лаборатории исследования мозга NFSU Четан Мукундан. Национальный университет судебных наук NFSU – специализированный университет Индии, деятельность которого сосредоточена на судебно-экспертных науках, цифровой криминалистике, кибербезопасности и смежных направлениях. Индия обладает значительным международным опытом в применении современных технологий в сфере расследования преступлений и обеспечения национальной безопасности. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
repost 📱 @KZgovernment
-
repost 📱 @KZgovernment
-
repost 

📌 Развитие человеческого капитала: образование, наука, ИИ и занятость В соответствии с Посланием Главы государства Касым-Жомарта Токаева Правительство формирует новую модель развития человеческого капитала — от школьного и профессионального образования до науки, цифровых компетенций и выхода на рынок труда. Основные направления работы — повышение качества образования, развитие науки и цифровых навыков, усиление связи подготовки кадров с потребностями экономики и создание условий для самореализации граждан. 🏫 За пять лет построено 1,1 тыс. новых школ В стране введено более 1 млн новых ученических мест. Обновляются учебные планы и подходы к оценке в начальных классах, искусственный интеллект внедряется в систему среднего образования. С начала 2026 года 2 073 школьника завоевали 204 золотые, 356 серебряных и 507 бронзовых медалей. Наряду с развитием образовательной инфраструктуры государство создает условия для раскрытия потенциала нового поколения. 👷 Число студентов ТиПО выросло на 13,7% В 2025 году в организациях технического и профессионального образования обучались 562 тыс. человек. Разработано и актуализировано около 500 образовательных программ, усиливается взаимодействие колледжей с предприятиями и реальным сектором экономики. Подготовка кадров все больше ориентируется на потребности предприятий и рынка труда. 🎓 Почти 90 тыс. образовательных грантов выделено на 2026–2027 учебный год В вузах и организациях послевузовского образования обучаются более 724 тыс. человек. С 2018 года введено 281 общежитие на 72,1 тыс. мест, благодаря чему дефицит койко-мест сократился почти в 16 раз. 🤖 Более 700 тыс. студентов получили базовые знания в области ИИ В программе AI-Sana участвуют 106 вузов, разработано 442 ИИ-агента. В 2026 году начнет обучение Казахский исследовательский университет ИИ — QAIRU, а в казахстанских вузах развивается проект по внедрению ChatGPT Edu. 🌍 20 казахстанских вузов вошли в мировой рейтинг QS Сегодня в Казахстане работают 33 филиала зарубежных университетов из 12 стран, а в отечественных вузах обучаются более 37 тыс. иностранных студентов. В QS World University Rankings 2026 вошли 20 казахстанских университетов — рекордный показатель для страны. 🔬 Научные разработки принесли экономике 142 млрд теңге Более трети научных разработок доведены до стадии коммерциализации, объем частного финансирования научных инициатив достиг 28,2 млрд теңге. Развиваются прикладные решения в сфере ИИ для энергетики, медицины, промышленности и финансов. 🤝 90% детей с особыми образовательными потребностями охвачены поддержкой Специальную поддержку получает большинство из 237 тыс. детей с особыми образовательными потребностями. В системе сопровождения работают более 35 тыс. специалистов, в организациях образования действуют свыше 1 тыс. кабинетов поддержки. 💼 К 2029 году число качественных рабочих мест планируется увеличить до 3,8 млн В 2026 году по Региональным картам занятости планируется трудоустроить 544 тыс. человек. К 1 августа работу уже получили 388 тыс. граждан. В регионах также внедряется «Цифровая служба занятости», которая с помощью данных и ИИ сопровождает человека от поиска вакансии до трудоустройства. 🟦Развитие человеческого капитала охватывает весь путь человека — от образования и профессиональной подготовки до науки, цифровых навыков и занятости. Основная задача — связать знания и компетенции с потребностями экономики и расширить возможности граждан для профессионального роста. 🔎 О ключевых мерах по развитию человеческого капитала — в обзоре редакции PrimeMinister.kz. 📱 @KZgovernment
-
repost 

📌Адам капиталын дамыту: білім беру, ғылым, жасанды интеллект және жұмыспен қамту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына сәйкес Үкімет адам капиталын дамытудың жаңа моделін қалыптастыруда. Бұл модель мектептегі және кәсіптік білім беруден бастап ғылымды дамытуға, цифрлық құзыреттерді арттыруға және азаматтардың еңбек нарығына шығуына дейінгі барлық бағытты қамтиды. Негізгі міндеттер — білім сапасын арттыру, ғылым мен цифрлық дағдыларды дамыту, кадр даярлауды экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланыстыру және азаматтардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау. 🏫 Бес жылда 1,1 мың жаңа мектеп салынды Елімізде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орнына негізделген жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бастауыш сыныптардағы оқу жоспарлары мен бағалау тәсілдері жаңартылып, жасанды интеллект орта білім беру жүйесіне енгізілуде. 2026 жылдың басынан бері 2 073 оқушы 204 алтын, 356 күміс және 507 қола медаль жеңіп алды. Бұл мемлекеттің міндеті тек білім беру инфрақұрылымын құрумен шектелмей, өскелең ұрпақтың әлеуетін ашуға жағдай жасауды көздейтінін көрсетеді. 👷 ТжКБ ұйымдарындағы білім алушылар саны 13,7%-ға өсті 2025 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 562 мың адам білім алды. 500-ге жуық білім беру бағдарламасы әзірленіп, жаңартылды. Колледждердің кәсіпорындармен және экономиканың нақты секторымен өзара байланысы күшейтілуде. Кадр даярлау үдерісі барған сайын кәсіпорындар мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлануда. 🎓 2026–2027 оқу жылына 90 мыңға жуық білім беру гранты бөлінді Жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 724 мыңнан астам адам білім алуда. 2018 жылдан бері 72,1 мың орындық 281 жатақхана пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде жатақханадағы орын тапшылығы шамамен 16 есеге қысқарды. 🤖 700 мыңнан астам студент ЖИ саласында базалық білім алды AI-Sana бағдарламасына 106 жоғары оқу орны қатысып, 442 жасанды интеллект агенті әзірленді. 2026 жылы Қазақ зерттеу жасанды интеллект университеті — QAIRU жұмысын бастайды. Сонымен қатар Қазақстанның жоғары оқу орындарында ChatGPT Edu-ды енгізу жобасы жүзеге асырылуда. 🌍 Қазақстанның 20 жоғары оқу орны QS World University Rankings әлемдік рейтингіне енді Бүгінде Қазақстанда 12 елдің шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы жұмыс істейді, ал отандық жоғары оқу орындарында 37 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. QS World University Rankings 2026 рейтингіне Қазақстанның 20 жоғары оқу орны енді — бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. 🔬 142 млрд теңге – ғылыми әзірлемелердің Қазақстанға әкелген кірісі Ғылыми әзірлемелердің үштен бірінен астамы коммерцияландыру кезеңіне өтті, ал ғылыми бастамаларды жеке қаржыландыру көлемі 28,2 млрд теңгеге жетті. Энергетика, медицина, өнеркәсіп және қаржы салаларына арналған жасанды интеллект негізіндегі қолданбалы шешімдер дамып келеді. 🤝 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 90%-ы арнайы қолдаумен қамтылған Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мың баланың басым бөлігі арнайы қолдаумен қамтылған. Сүйемелдеу жүйесінде 35 мыңнан астам маман жұмыс істейді, ал білім беру ұйымдарында 1 мыңнан астам қолдау кабинеті жұмыс істейді. 💼 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн-ға дейін арттыру жоспарлануда 2026 жылы Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 544 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 1 тамыздағы жағдай бойынша 388 мың азамат жұмысқа орналастырылды. Өңірлерде сондай-ақ деректер мен жасанды интеллект көмегімен адамға бос жұмыс орнын іздеуден бастап жұмысқа орналасуға дейін сүйемелдейтін «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» енгізілуде. 🟦Адам капиталын дамыту адамның бүкіл өмірлік жолын — білім беру мен кәсіптік даярлықтан бастап, ғылымға, цифрлық дағдылар мен жұмыспен қамтуға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Негізгі міндет — білім мен құзыреттерді экономиканың қажеттіліктерімен байланыстырып, азаматтардың кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейту. 🔎 Адам капиталын дамыту бойынша негізгі шаралар туралы — PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар. 📱 @KZgovernment
-
edited ⚜️Әл-Фараби мен Конфуций Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру ынтымақтастығының символына айналды Астана Халықаралық университетінде «Әл-Фараби мен Конфуций: ұлы ойшылдар сұхбаты» атты мүсіндік композицияның ашылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген композиция Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалына тарту етілді. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы нығая түскен мәдени, білім беру және гуманитарлық байланыстарды бейнелейді. 🔗GOV.KZ ⚜️Аль-Фараби и Конфуций стали символом образовательного сотрудничества Казахстана и Китая В Международном университете Астана состоялось открытие скульптурной композиции «Аль-Фараби и Конфуций: диалог великих мыслителей». По поручению Главы государства Касым-Жомарта Токаева композиция стала подарком филиалу Пекинского университета языка и культуры. Она символизирует крепнущие культурные, образовательные и гуманитарные связи между Казахстаном и Китаем. 🔗GOV.KZ
-
⚜️«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген металдан жасалған арт-нысандар орнатылды Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусында арнайы символдық арт-нысандар орнатылды. Жоба жастар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыруға, табиғатты аялау санасын қалыптастыруға және университет қалашығының эстетикалық келбетін байытуға бағытталған. 🔗GOV.KZ ⚜️«Таза Қазақстан»: в КазНУ установили арт-объекты из переработанного металла В рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан», реализуемой по инициативе Главы государства, на территории кампуса Казахского национального университета имени аль-Фараби установлены специальные символические арт-объекты. Проект направлен на формирование экологической культуры среди молодежи, привитие бережного отношения к природе и улучшение эстетического облика университетского городка. 🔗GOV.KZ
-



⚜️Қазақстанда Сәтбаев университеті базасында Бань Мо шеберханасы ашылады Сәтбаев университеті Қазақстанда алғашқы практикалық оқыту орталығы – Бань Мо шеберханасын (Ban Mo Workshop) ашады. Шеберханада инженерлік-техникалық мамандарды даярлау қытайлық модель негізінде ұйымдастырылады. Мұнда студенттер заманауи өнеркәсіптік технологияларды меңгеріп, өндіріс орындарында қолданылатын жабдықтармен жұмыс істейтін болады. 🔗GOV.KZ *** ⚜️В Казахстане на базе Satbayev University откроется мастерская Бань Мо Satbayev University откроет первый в Казахстане центр практического обучения Бань Мо (Ban Mo Workshop), создаваемый по китайской модели подготовки инженерно-технических специалистов. Здесь студенты смогут осваивать современные промышленные технологии и работать с оборудованием, которое используется на производстве. 🔗GOV.KZ
-
⚜️Ualikhanov University жұмыс берушілермен бірлесіп аграрлық салаға халықаралық тәжірибесі бар мамандар даярлайды Ualikhanov University-де халықаралық Practical Trainee Triesdorf – Kasachstan жобасына қатысушылардың университет басшылығымен, бағдарлама үйлестірушісімен, студенттермен және серіктес компаниялар – CT Agro мен BHK Agro өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттердің Германиядағы оқу және өндірістік тәжірибеден өту нәтижелері қорытындыланып, жобаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 🔗GOV.KZ * ⚜️Ualikhanov University совместно с работодателями готовит специалистов с международным опытом для аграрной отрасли В Ualikhanov University состоялась встреча участников международного проекта Practical Trainee Triesdorf – Kasachstan с руководством университета, координатором программы, студентами и представителями компаний-партнёров CT Agro и BHK Agro. Участники подвели итоги обучения и практической подготовки студентов в Германии и обсудили дальнейшее развитие проекта. 🔗GOV.KZ
-
repost ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «ТРЕТЬЕ. Депутатам в ходе первой сессии предстоит утвердить пакет важных законопроектов. В этом году я подписал ряд указов о внедрении искусственного интеллекта в систему среднего образования, о развитии индустрии цифровых активов и стратегии Digital Qazaqstan. Правительство подготовит соответствующий блок нормативно-правовых актов и внесет в Парламент. Следующая важная задача. Мы реализуем комплекс системных мер, направленных на широкое привлечение в страну высококвалифицированных специалистов, передовых технологий и иностранного капитала. Введение «Золотой визы» призвано придать мощный импульс данному процессу. Наряду с этим следует совершенствовать миграционную политику. Правительство должно направить соответствующий законопроект на рассмотрение депутатам. Им, в свою очередь, предстоит рассмотреть документ в кратчайшие сроки. Кроме того, Правительству необходимо в текущем году подготовить и внести в Курултай проект нового закона «О библиотечном и книгоиздательском деле». Это документ имеет исключительное значение для укрепления интеллектуального потенциала нации. Недавно я принял решение включить в список государственных наград медаль «Шәмші Қалдаяқов» и почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі». Они будут присуждаться гражданам, которые внесли значительный вклад в развитие национальной культуры, в том числе в области музыки и изобразительного искусства. Теперь нужно выработать законодательную базу для реализации данной инициативы». t.me/aqorda_resmi
-
repost ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «ҮШІНШІ. Депутаттар бірінші сессияда бірқатар маңызды заңдарды қабылдауы қажет. Мен осы жылы жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу, цифрлық активтер индустриясын дамыту, Digital Qazaqstan стратегиясы туралы бірқатар Жарлық шығардым. Үкімет осы бағыттар бойынша қажетті заң жобаларын әзірлеп, Парламентке ұсынады. Тағы бір мәселе. Біз елімізге кәсіби тұрғыдан жоғары білікті мамандарды, заманауи технологияларды және шетел капиталын көптеп тарту үшін жүйелі шаралар қабылдап жатырмыз. Бұл іске тың серпін беру үшін «Алтын визаны» енгізудің маңызы зор. Сонымен қатар еліміздің көші-қон саясатын жетілдіру қажет. Үкімет тиісті заң жобасын Құрылтайға жолдауы керек. Депутаттарымыз оны тезірек қарағаны жөн болар. Биыл Үкімет «Кітапхана және баспа ісі туралы» заң жобасын да әзірлеп, Құрылтайға енгізуі қажет. Бұл – ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін нығайту үшін қажетті құжат. Бұдан бөлек, мен таяуда «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу жөнінде тапсырма бердім. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға беріледі. Енді осы бастаманың заңнамалық негізін қалыптастыру қажет». t.me/aqorda_resmi
-
repost ⚡️Президент: «Как созидательная нация мы должны провести четкую грань между истиной и вымыслом, правдой и ложью, и навсегда избавиться от деструктивных болезней. Мы должны избегать «пяти врагов», упомянутых великим Абаем, особенно злословья, краснобайства и хвастовства. Первым делом мы должны вооружиться знаниями, опереться на науку и неустанно трудиться, иначе рискуем остаться на обочине мирового прогресса, а этого мы ни в коем случае не допустим. Летопись нашей страны написана людьми, которые сквозь любые невзгоды и испытания шли с гордо поднятой головой, оставаясь непоколебимыми в своем служении интересам Родины. Именно такие личности двигали нашу страну вперед. Чтобы построить процветающее государство, мы должны равняться на жизненный путь и нравственные принципы таких выдающихся сынов своего народа. Сидеть сложа руки и растерянно спрашивать: «Как этого достичь?» – совершенно не в характере нашего героического народа. Человек с крепким моральным духом и сильной волей хорошо осознает свой долг перед близкими и Отечеством, отдавая все силы во благо страны. Именно такая личность обретает подлинный успех в жизни и заслуживает искреннее уважение общества. В этом и заключается истинный смысл патриотизма». t.me/aqorda_resmi
-
repost ⚡️Президент: «Біз жасампаз ұлт ретінде ақиқат пен аңыздың, шындық пен өтіріктің ара жігін ажыратып, жағымсыз кеселдерден біржола арылуымыз керек. Кезінде Ұлы Абай айтқан «бес дұшпаннан», әсіресе, өнбейтін дау-дамайдан, бос сөз бен құр мақтанудан аулақ болғанымыз жөн. Ең алдымен, білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысуымыз қажет. Онсыз әлем өркениетіне ілесе алмай, көш соңында қалып қоюымыз мүмкін. Бірақ біз бұған жол бермейміз. Төл тарихымызды тар жол, тайғақ кешсе де, алған бетінен қайтпаған, еңсесін тік ұстап, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет еткен тұлғалар жазды. Олар ұлтымыздың көшін алға бастады. Елімізді көркейтеміз десек, осындай ұлт перзенттерінің өмірін, ұстанымдарын үлгі-өнеге етуіміз керек. «Ондай болмақ қайда» деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес. Рухы биік, жігері мықты адамдар өз отбасы мен қастерлі Отаны алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді, ел игілігі үшін адал еңбек етеді. Өмірде табысты, қоғамда сыйлы болады. Шынайы отаншылдық дегеніміз де – осы». t.me/aqorda_resmi
-
repost ⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Нельзя отравлять память народа сомнительными фактами и искаженными сведениями. Подобные действия ослабляют веру в прошлое и надежду на будущее. Наша история и литература – это не хроника бесконечных жертв, страданий и трагедий. Безусловно, мы никогда не предадим забвению трагические и переломные страницы нашей истории. Однако страдания, которые пережил наш народ, не могут быть основой нашей национальной идентичности. История нации состоит не только из поражений и неудач, в нашей истории было достаточно триумфальных побед и достижений. Поэтому нельзя мировую историю, включая историю отдельных народов и историю собственной нации, рассматривать и оценивать поверхностно, упрощенчески, одномерно. Мы должны подходить к своей истории не с грузом прошлых обид, а с ясным пониманием высших интересов нашей нации. Это необходимо, прежде всего, молодому поколению. Уверен, что наши сознательные и прогрессивные соотечественники хорошо это осознают». t.me/aqorda_resmi
-
repost ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттың жадын күмәнді деректермен, бұрмаланған мәліметтермен улауға болмайды. Мұндай әрекет өткен күнге деген сенімді, келешекке деген үмітті әлсіретеді. Біздің төл тарихымыз бен әдебиетіміз шет-шегі жоқ нәубет пен азапқа толы жылдардың жылнамасы емес. Әрине, біз өз тарихымыздағы қиын-қыстау кезеңдерді ешқашан ұмытпаймыз. Алайда халқымыздың басынан өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды. Себебі ұлт тарихы тек жеңіліс пен сәтсіздіктерден тұрмайды, төл шежіремізде жарқын жеңістер мен жетістіктер аз болған жоқ. Сондықтан жалпы әлем тарихына, басқа халықтардың тарихымен қатар, өз тарихымызға да үстірт және жеңіл-желпі, біржақты қарауға болмайды. Тарих өкпе-ренішпен емес, ұлт мүддесін көздеген шынайы көзқараспен жазылуға тиіс. Бұл – ең алдымен өскелең ұрпақ үшін қажет дүние. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын». t.me/aqorda_resmi
- Older posts