🇰🇿🇮🇳Қазақстан мен Үндістан білім беру және құқық қорғау саласында кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр Астанада ҚР Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы мен NFSU Ұлттық сот ғылымдары университеті (Үндістан, Гандинагар қаласы) арасындағы қос дипломды білім беру бағдарламаларының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ағымдағы оқу жылында магистратура бағдарламаларына 20 білім алушы қабылданды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек, ҚР Ішкі істер министрінің м.а. Ержан Саденов, NFSU филиалдарының директорлары Навин Кумар Чаудхари мен Пурви Покхариал, сондай-ақ NFSU Ми зерттеу зертханасының жетекшісі Четан Мукундан қатысты. NFSU Ұлттық сот ғылымдары университеті – сот-сараптама ғылымдары, цифрлық криминалистика, киберқауіпсіздік және сабақтас бағыттарға маманданған Үндістандағы арнаулы жоғары оқу орны. Үндістан қылмыстарды тергеу және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында заманауи технологияларды қолдану бағытында мол халықаралық тәжірибеге ие. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇮🇳 Казахстан и Индия расширяют сотрудничество в сфере образования и подготовки кадров для правоохранительных органов В Астане состоялось торжественное открытие двудипломных образовательных программ между Академией управления Министерства внутренних дел РК и Национальным университетом судебных наук NFSU (г. Гандинагар, Индия). В текущем учебном году на магистерские программы зачислены 20 обучающихся. В мероприятии приняли участие и.о. министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, и.о. министра внутренних дел РК Ержан Саденов, директора филиалов NFSU Навин Кумар Чаудхари и Пурви Покхариал, а также руководитель Лаборатории исследования мозга NFSU Четан Мукундан. Национальный университет судебных наук NFSU – специализированный университет Индии, деятельность которого сосредоточена на судебно-экспертных науках, цифровой криминалистике, кибербезопасности и смежных направлениях. Индия обладает значительным международным опытом в применении современных технологий в сфере расследования преступлений и обеспечения национальной безопасности. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 9 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 31 Aug 2026, 04:27 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 13.6K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.