🔬Қазақстандық ғалымдар CERN зерттеулеріне қатысу үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болады ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымының (CERN) Бас директоры Марк Томсонмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен CERN арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде жоғары энергиялар физикасы саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды. ҚР Үкіметі мен CERN арасындағы серіктестіктің негізі 2018 жылы жасалған халықаралық ынтымақтастық туралы келісіммен қаланды. Қазіргі уақытта осы Келісімге сәйкес қазақстандық ғалымдардың CERN-нің ғылыми эксперименттері мен зерттеу бағдарламаларына қатысуының практикалық тетігін қалыптастыруға бағытталған Хаттама жобасы әзірленді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬Казахстанские ученые получат новые возможности для участия в исследованиях CERN Состоялась встреча и.о. министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек с Генеральным директором Европейской организации по ядерным исследованиям (CERN) Марком Томсоном. В ходе встречи стороны обсудили дальнейшие шаги по развитию научно-технологического сотрудничества между Казахстаном и CERN, в том числе расширение взаимодействия в области физики высоких энергий. Основы партнерства были заложены Соглашением о международном сотрудничестве между Правительством РК и CERN, подписанным в 2018 году. В настоящее время разработан проект Протокола к Соглашению, направленный на создание практического механизма участия казахстанских ученых в научных экспериментах и исследовательских программах CERN. 🔗 Подробнее: gov.kz