ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

⚡️Қазақстандық ғалымдар 750 мыңнан астам зарядтау цикліне төзімді энергия жинақтағышты сынақтан өткізді Сәтбаев университетінің ғалымдары энергия жинақтағыштарға арналған жаңа наноматериалдар жасап, оларды гибридті суперконденсатор прототипінде сынақтан өткізді. Құрылғы 750 мыңнан астам зарядтау мен разрядтау цикліне шыдап, жұмыс тұрақтылығын сақтаған. Бұл әзірлемені энергия сақтау жүйелерінде, электр көліктерінде және жаңартылатын энергия көздеріне негізделген энергетика саласында пайдалануға болады. Зерттеулер «Материалтану және электрохимиялық инженерия» зертханасында жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жобаның жұмысы бағдарламалық қаржыландыру аясында жалғасып келеді. Ғалымдар тобы Қазақстанда қолжетімді шикізаттан, яғни күріш қауызы мен қызылшаның сығындысынан көміртекті материалдар жасайды. Олардың меншікті беткі ауданы 3000 м²/г-ға дейін жетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын материалдың электролитпен әрекеттесу ауданы да соғұрлым үлкен болады және заряд жинақтау мүмкіндігі де арта түседі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚡️Казахстанские ученые испытали накопитель энергии, выдерживающий более 750 тысяч циклов заряда и разряда Ученые Satbayev University разработали новые наноматериалы для накопителей энергии и испытали их в прототипе гибридного суперконденсатора. Устройство выдержало более 750 тысяч циклов заряда и разряда, сохранив стабильность работы. Разработка может применяться в системах хранения энергии, электротранспорте и энергетике на основе возобновляемых источников энергии. Исследования ведутся в лаборатории «Материаловедение и электрохимическая инженерия». В настоящее время работа над проектом продолжается в рамках программно-целевого финансирования. Команда создает углеродные материалы из доступного казахстанского сырья – рисовой шелухи и свекловичного жома. Их удельная поверхность достигает 3000 м²/г. Чем выше этот показатель, тем больше площадь взаимодействия материала с электролитом и тем выше его потенциал для накопления заряда. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

02K4K1 Sep 06:3812 Nov 09:173.7K1 Sep 06:38: 0 views12 Nov 09:17: 3,710 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
1 Sep 2026, 06:380
12 Nov 2026, 09:173.7K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.