ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы
Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии
Subscribers759 +0 24h
Reach per post (ERR)34.1%259 avg views
Posting1.7/daylast 2 days ago
Reactions per 1K views6.3👍 ❤ 🔥
📍Атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи жүйелері
Атом энергетикасы туралы сөз болғанда, адамдарда туындайтын алғашқы сұрақтардың бірі – қауіпсіздік мәселесі. Қазіргі атом электр станцияларында радиациялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі ? Қандай технологиялар ықтимал тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді? Неліктен мамандар АЭС қауіпсіздігі кез келген штаттан тыс жағдай туындағанға дейін қамтамасыз етіледі деп айтады? Осы және басқа да сұрақтарға ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының бас инженері Александр Геннадьевич Коровиков жауап береді. Қазіргі заманғы атом электр станцияларын талқылаған кезде, қауіпсіздік әрқашан басты басымдық ретінде айтылады. Неліктен?
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1277258?lang=kk
➖➖➖
📍Системы обеспечения радиационной безопасности на атомных электростанциях
РК
Когда речь заходит об атомной энергетике, один из первых вопросов, который возникает у людей, касается безопасности. Как современные атомные электростанции контролируют радиационную обстановку? Какие технологии помогают предотвращать риски? И почему специалисты говорят, что безопасность на АЭС начинается задолго до возникновения любых нештатных ситуаций? Об этом рассказывает Александр Геннадьевич Коровиков, главный инженер филиала «Институт атомной энергии» РГП НЯЦ РК.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1277258?lang=ru
📌Агентство по атомной энергии отметило вклад «ОРТАЛЫҚ» в развитие урановой отрасли
Заместитель председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин посетил ТОО «ДП «ОРТАЛЫҚ» – дочернее предприятие АО «НАК «Казатомпром» – и принял участие в мероприятии, посвященном 15-летию со дня его основания.
От имени председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадама Саткалиева Гумар Сергазин поздравил коллектив и ветеранов предприятия с юбилеем, отметив вклад «ОРТАЛЫҚ» в развитие урановой отрасли Казахстана.
«За прошедшие 15 лет предприятие сформировало устойчивый производственный потенциал и заняло достойное место в урановой отрасли страны. Стабильная работа рудника «Центральный Мынкудук» и последовательное освоение месторождения «Жалпак» являются важными составляющими дальнейшего развития предприятия», – отметил Гумар Сергазин.
ТОО «ДП «ОРТАЛЫҚ» было создано в 2011 году и сегодня является одним из уранодобывающих предприятий группы АО «НАК «Казатомпром». Производственная деятельность предприятия связана с двумя активами — рудником «Центральный Мынкудук» и месторождением «Жалпак».
Промышленное освоение участка «Центральный» месторождения «Мынкудук» началось в 2006 году, а в 2008 году была получена первая производственная продукция. За годы эксплуатации рудника «Центральный Мынкудук» добыто более 28 тыс. тонн урана.
Новым этапом развития предприятия стало освоение месторождения «Жалпак». В декабре 2021 года был подписан контракт на промышленную добычу урана, в 2022 году получена первая производственная продукция, а в ноябре 2023 года началось строительство наземного перерабатывающего комплекса.
Важным направлением развития «ОРТАЛЫҚ» является международное сотрудничество. С 2021 года партнером Казатомпрома по предприятию выступает China General Nuclear Power Group (CGN). В своем поздравлении заместитель председателя Агентства подчеркнул стратегическое значение сотрудничества Казахстана и Китая в атомной отрасли и важность дальнейшего развития взаимовыгодного партнерства.
Сегодня в ТОО «ДП «ОРТАЛЫҚ» работают более 700 человек. Предприятие уделяет особое внимание производственной безопасности, повышению эффективности, развитию кадрового потенциала и внедрению принципов бережливого производства.
«Уверен, что приверженность принципам безопасности, профессионализма, ответственности и устойчивого развития позволит предприятию и впредь укреплять производственный потенциал страны и вносить весомый вклад в развитие атомной отрасли Казахстана», — отметил Гумар Сергазин.
За годы деятельности предприятие также внесло значительный вклад в социально-экономическое развитие региона: объем налоговых выплат составил 205 млрд тенге, более 1 млрд тенге направлено на социально-экономическое развитие территории. Поддержку предприятия в рамках образовательных грантов получили 245 студентов.
В рамках рабочей поездки Гумар Сергазин также посетил ТОО «АППАК» – совместное казахстанско-японское предприятие АО «НАК «Казатомпром». Он ознакомился с производственной деятельностью предприятия, основными технологическими процессами и организацией производственной безопасности.
📌«ОРТАЛЫҚ» кәсіпорнының уран саласын дамытуға қосқан үлесі атап өтілді
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «ДП «ОРТАЛЫҚ» ЖШС-не барып, оның құрылғанына 15 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің атынан Ғұмар Серғазин кәсіпорын ұжымын және ардагерлерін мерейтойымен құттықтап, «ОРТАЛЫҚ» кәсіпорнының Қазақстанның уран саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтті.
«Өткен 15 жыл ішінде кәсіпорын тұрақты өндірістік әлеует қалыптастырып, еліміздің уран саласында лайықты орынға ие болды. «Орталық Мыңқұдық» кенішінің тұрақты жұмысы және «Жалпақ» кен орнын кезең-кезеңімен игеру кәсіпорынды одан әрі дамытудың маңызды құрамдас бөліктері болып табылады», – деді Ғұмар Серғазин.
«ДП «ОРТАЛЫҚ» ЖШС 2011 жылы құрылды және бүгінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының уран өндіруші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік қызметі екі активпен – «Орталық Мыңқұдық» кенішіне және «Жалпақ» кен орнына байланысты.
«Мыңқұдық» кен орнының «Орталық» учаскесін өнеркәсіптік игеру 2006 жылы басталып, 2008 жылы алғашқы өндірістік өнім алынды. Кенішті пайдалану жылдары «Орталық Мыңқұдық» кенішінде 28 мың тоннадан астам уран өндірілді.
Кәсіпорын дамуының жаңа кезеңі «Жалпақ» кен орнын игерумен байланысты. 2021 жылғы желтоқсанда уранды өнеркәсіптік өндіруге арналған келісімшартқа қол қойылып, 2022 жылы алғашқы өндірістік өнім алынды. Ал 2023 жылғы қарашада жерүсті қайта өңдеу кешенінің құрылысы басталды.
«ОРТАЛЫҚ» кәсіпорнының дамуындағы маңызды бағыттардың бірі – халықаралық ынтымақтастық. 2021 жылдан бастап кәсіпорынның серіктесі ретінде China General Nuclear Power Group (CGN) «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен ынтымақтастық орнатып келеді. Өз құттықтауында Агенттік төрағасының орынбасары Қазақстан мен Қытайдың атом саласындағы ынтымақтастығының стратегиялық маңызын және өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде «ДП «ОРТАЛЫҚ» ЖШС-де 700-ден астам адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өндірістік қауіпсіздікке, тиімділікті арттыруға, кадрлық әлеуетті дамытуға және үнемді өндіріс қағидаттарын енгізуге ерекше көңіл бөледі.
«Қауіпсіздік, кәсібилік, жауапкершілік және тұрақты даму қағидаттарына бейілділік кәсіпорынға алдағы уақытта да елдің өндірістік әлеуетін нығайтып, Қазақстанның атом саласын дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Ғұмар Серғазин.
Кәсіпорын өз қызметі жылдарында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да елеулі үлес қосты: салық төлемдерінің көлемі 205 млрд теңгені құрады, ал аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына 1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Кәсіпорынның білім беру гранттары аясында 245 студент қолдауға ие болды.
Жұмыс сапары барысында Ғұмар Серғазин «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорны – «АППАК» ЖШС-не де барды. Ол кәсіпорынның өндірістік қызметімен, негізгі технологиялық процестерімен және өндірістік қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмысымен танысты.
🔆 Развитие атомной отрасли Казахстана - это комплексная работа, охватывающая энергетику, промышленность, науку, технологии и подготовку кадров
Ключевые приоритеты отрасли - эффективное использование урановых ресурсов, укрепление отечественного производства, продвижение ядерной науки и технологий, обеспечение высоких стандартов безопасности и подготовка квалифицированных специалистов.
Все эти направления взаимосвязаны и формируют основу для создания современной ядерной отрасли Казахстана.
Будущее атомной отрасли - это безопасность, передовые технологии, сильная промышленность, надежная энергетика и квалифицированные кадры.
🔆 Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс
Атом энергетикасын дамыту, уран ресурстарын тиімді пайдалану, отандық өндірісті дамыту, ядролық ғылым мен технологияларды ілгерілету, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету және білікті мамандар даярлау - саланың негізгі басымдықтары.
Бұл бағыттардың барлығы өзара сабақтасып, Қазақстанда заманауи ядролық кластерді қалыптастыруға негіз болады.
Атом саласының дамуы - қауіпсіздік, ғылым, өндіріс, энергетика және адами капиталдың үйлесімді дамуы.
✅ На руднике «Жалпак» запущен первый пусковой комплекс
В ТОО «Добывающее предприятие «ОРТАЛЫК» запущен первый пусковой комплекс рудника «Жалпак» - второго производственного актива предприятия.
Мощность первого пускового комплекса составляет 500 тонн урана в год. Проект предусматривает дальнейшее поэтапное развитие производственной инфраструктуры с выходом наземного перерабатывающего комплекса на проектную мощность 900 тонн урана в год.
В церемонии запуска приняли участие заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин, главный директор по производству НАК КазАтомПром Куаныш Омарбеков и Генеральный директор ТОО «ДП «ОРТАЛЫК» Айдын Бейсенбеков, а также коллектив рудника.
Выступая на церемонии, заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин отметил, что развитие уранодобывающих предприятий и последовательное освоение новых месторождений имеют важное значение для укрепления минерально-сырьевой базы страны.
«Уверен, что новый этап развития рудника «Жалпак» позволит увеличить производственные возможности предприятия и внести вклад в развитие атомной отрасли Республики Казахстан», - сказал Гумар Сергазин.
✅«Жалпақ» кенішінде алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді
«ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС-де кәсіпорынның екінші өндірістік активі — «Жалпақ» кенішінің алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді.
Алғашқы іске қосу кешенінің қуаты жылына 500 тонна уранды құрайды. Жоба өндірістік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен одан әрі дамытуды көздейді. Нәтижесінде жерүсті қайта өңдеу кешенінің жобалық қуаты жылына 900 тонна уранға жеткізіледі.
Іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС бас директоры Айдын Бейсенбеков, сондай-ақ кеніш ұжымы қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин уран өндіруші кәсіпорындарды дамыту және жаңа кен орындарын кезең-кезеңімен игеру еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.
«Жалпақ» кенішін дамытудың жаңа кезеңі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттырып, Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деді Ғұмар Серғазин.
💬 В Агентстве прошел семинар на тему: «Профилактика направленная на недопущение вовлечения государственных служащих в деятельность террористических, религиозно-экстремистских и деструктивных религиозных течений»
18 августа 2026 года Уполномоченным по этике Агентства Джалпаковым Нурланом организован и проведен семинар среди государственных служащих структурных подразделений Агентства и Комитета атомного надзора и контроля на тему: «Профилактика направленная на недопущение вовлечения государственных служащих в деятельность террористических, религиозно-экстремистских и деструктивных религиозных течений». В семинаре приняло участие 18 человек.
На данное мероприятие были приглашены представители Управления по делам религии акимата г. Астаны лектор – теолог Общественного объединения «Qamqor Astana» Құатов Арулан и эксперт Айдарқұл Марлен с презентацией «Қазақстан зайырлы мемлекет».
В своем выступлении лектор представил содержательный презентационный материал, касательно данной тематики, разъяснил об опасности террористических, религиозно-экстремистских и деструктивных религиозных течений, осветил современные вызовы событий происходящих в обществе. В ходе семинара государственные служащие задавали интересующие вопросы и получали на них исчерпывающие ответы.
Уполномоченный по этике отметил о необходимости получать интересующую информацию только из официальных источников, а также соблюдении ограничений и запретов для государственных служащих в соответствии с законодательством.
Участники выразили благодарность за проведение содержательного и интересного семинара.
💬 Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өтті
2026 жылғы 18 тамызда Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілерді террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді. Семинарға 18 адам қатысты.
Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты «Qamqor Astana» Қоғамдық қорының лекторы дінтанушы Қуатов Арулан және сарапшы Айдарқұл Марлен шақырып, қатысушыларға «Қазақстан зайырлы мемлекеті» атты таныстырылымды әзірледі.
Лектор өз сөзінде аталған тақырыпқа қатысты мазмұнды таныстыру материалдарын ұсынды, террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы түсіндірді, қоғамда болып жатқан оқиғалардың қазіргі заманғы сын-қатерлерін түсіндірді. Семинарда мемлекеттік қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.
Әдеп жөніндегі уәкіл тек қана ресми дереккөздерден қызықтыратын ақпаратты алу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін атап өтті.
Қатысушылар мазмұнды және қызықты семинар өткізгені үшін алғыстарын білдірді.
🖇️Председатель Агентства принял участие в Региональном совещании МАГАТЭ в Алматы
18 августа Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев посетил Институт ядерной физики, где проходит Региональное совещание МАГАТЭ по вопросам разработки и актуализации эксплуатационных процедур исследовательских реакторов.
В мероприятии принимают участие 11 специалистов и экспертов из Казахстана, Таджикистана, Словении, Турции, Нидерландов, Канады, Польши и Венгрии. Участники обсуждают вопросы безопасной эксплуатации исследовательских реакторов, подготовки персонала, технического обслуживания, радиационной защиты и аварийной готовности.
В своем выступлении Алмасадам Саткалиев отметил, что развитие современной исследовательской инфраструктуры является одним из ключевых условий долгосрочного развития атомной отрасли Казахстана.
«Казахстан располагает серьезным научным и технологическим потенциалом. Наша задача заключается в его дальнейшем развитии, модернизации исследовательской инфраструктуры и использовании ее возможностей для новых задач атомной отрасли. Особое значение в этой работе имеет сотрудничество с МАГАТЭ и обмен международным опытом», сказал Председатель Агентства.
Региональное совещание проходит в Алматы с 17 по 21 августа 2026 года.
🖇️Агенттік төрағасы Алматыда өткен АЭХА-ның аймақтық кеңесіне қатысты
18 тамызда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ядролық физика институтына барып, онда АЭХА-ның зерттеу реакторларын пайдалану рәсімдерін әзірлеу және өзектендіру мәселелері жөніндегі аймақтық кеңеске қатысты.
Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Словения, Түркия, Нидерланд, Канада, Польша және Венгриядан 11 маман мен сарапшы қатысуда. Қатысушылар зерттеу реакторларын қауіпсіз пайдалану, персоналды даярлау, техникалық қызмет көрсету, радиациялық қорғау және авариялық дайындық мәселелерін талқылауда.
Өз сөзінде Алмасадам Сәтқалиев заманауи зерттеу инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның атом саласын ұзақ мерзімді дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстанның елеулі ғылыми және технологиялық әлеуеті бар. Біздің міндетіміз – оны одан әрі дамыту, зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту және оның мүмкіндіктерін атом саласының жаңа міндеттерін шешу үшін пайдалану. Бұл жұмыста АЭХА-мен ынтымақтастық және халықаралық тәжірибе алмасу ерекше маңызға ие», – деді Агенттік төрағасы.
Аймақтық кеңес Алматыда 2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында өтуде.
📢В Национальном ядерном центре РК стартовали дни открытых дверей в экспозиционном зале истории Семипалатинского испытательного полигона
г. Курчатов, 18 августа 2026 года. В год 35-летия закрытия Семипалатинского испытательного полигона Национальный ядерный центр Республики Казахстан проводит цикл памятных и просветительских мероприятий, посвященных одной из важнейших страниц истории страны. Сегодня в Курчатове стартовали Дни открытых дверей в экспозиционном зале истории Семипалатинского испытательного полигона.
Мероприятие приурочено к годовщине закрытия Семипалатинского испытательного полигона и Международному дню действий против ядерных испытаний, ежегодно отмечаемому 29 августа по инициативе Республики Казахстан.
Главная цель Дней открытых дверей – сохранить историческую память о Семипалатинском испытательном полигоне, познакомить посетителей с этапами развития отечественной атомной науки и рассказать о пути Казахстана от страны, где проводились ядерные испытания, к одному из мировых лидеров в области ядерного разоружения и нераспространения.
Экспозиционный зал хранит уникальные исторические материалы, позволяющие проследить развитие отечественной атомной отрасли. Здесь представлены оригиналы научно-технических отчетов 1950-х годов, измерительные приборы, архивные фотографии, макеты и другие экспонаты, отражающие различные этапы деятельности Семипалатинского испытательного полигона.
Сегодня, 18 августа, экспозиционный зал принимает граждан Республики Казахстан. Для посетителей организованы экскурсии на казахском и русском языках.
20 августа День открытых дверей пройдет для иностранных граждан. Экскурсии будут проводиться на английском языке.
Спустя 35 лет после закрытия Семипалатинского испытательного полигона его история остается не только частью прошлого Казахстана, но и важным уроком для всего мира. Пройдя путь от ядерных испытаний к политике мира и нераспространения, Казахстан последовательно подтверждает приверженность идеалам ядерной безопасности и разоружения. Сохранение памяти об этих событиях является вкладом в формирование будущего, в котором подобные испытания никогда не повторятся.
📢Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залында ашық есік күндері басталды
Курчатов қаласы, 2026 жылғы 18 тамыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай еліміздің тарихындағы аса маңызды кезеңдердің біріне арналған еске алу және ағартушылық іс-шараларын өткізуде. Бүгін Курчатов қаласында Семей сынақ полигоны тарихының экспозициялық залында Ашық есік күндері басталды.
Іс-шара Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына және Қазақстан Республикасының бастамасымен жыл сайын 29 тамызда аталып өтетін Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай ұйымдастырылды.
Ашық есік күндерінің басты мақсаты – Семей сынақ полигоны туралы тарихи оқиғаны есте сақтау, келушілерді отандық атом ғылымының даму кезеңдерімен таныстыру және Қазақстанның ядролық сынақтар жүргізілген елден ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналу жолын көрсету.
Экспозициялық залда отандық атом саласының қалыптасуы мен дамуын кезең-кезеңімен танып-білуге мүмкіндік беретін бірегей тарихи материалдар сақталған. Мұнда елуінші жылдардағы ғылыми-техникалық есептердің түпнұсқалары, өлшеу құралдары, архив фотосуреттері, макеттер және Семей сынақ полигоны қызметінің әртүрлі кезеңін бейнелейтін басқа да экспонаттар қойылған.
Бүгін, 18 тамызда, экспозициялық зал Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды. Келушілер үшін қазақ және орыс тілінде экскурсия ұйымдастырылды.
20 тамызда Ашық есік күні шетел азаматтары үшін өткізіледі. Экскурсия ағылшын тілінде жүргізіледі.
Семей сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл өтсе де, оның тарихы Қазақстанның өткені болып қана емес, бүкіл әлем үшін маңызды сабақ болып қала бермек. Ядролық сынақтан бейбітшілікті ұстану мен ядролық қаруды таратпау саясатына дейінгі жолдан өткен Қазақстан ядролық қауіпсіздік пен қарусыздану қағидаттарына бейілділігін дәйекті түрде көрсетіп келеді. Бұл оқиғаларды есте сақтау – мұндай сынақтар ешқашан қайталанбайтын болашақты қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
edited
🟢Атом саласында отандық бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
➖➖➖
🟢В целях расширения возможностей отечественного бизнеса в атомной отрасли подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве
🟢 В Казахстане создадут новые возможности для бизнеса в атомной отрасли
Агентство Республики Казахстан по атомной энергии, Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» и Atomic Industry Development Association (AIDA) подписали Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве, направленный на развитие национальной атомной отрасли, расширение промышленной кооперации и вовлечение отечественных предприятий в крупные инфраструктурные проекты.
Документ подписали председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев, председатель Президиума НПП РК «Атамекен» Канат Шарлапаев и руководитель Atomic Industry Development Association Бахытжан Кадырбаев.
Основной целью Меморандума стало установление устойчивого партнерства и координация взаимодействия государства, бизнеса и отраслевого сообщества по вопросам развития атомной отрасли, промышленной кооперации и вовлечения отечественного бизнеса в реализацию стратегических проектов Республики Казахстан.
Одним из ключевых направлений сотрудничества стало повышение уровня локализации. Стороны договорились содействовать развитию отечественного производства, инжиниринга и сервисных услуг для атомной отрасли, а также формированию национальной цепочки поставок.
Особое внимание было уделено вовлечению малого, среднего и крупного бизнеса в проекты атомной и смежных отраслей. Сотрудничество также предусматривает поддержку отечественных производителей и развитие технологических, производственных, сервисных и экспертных компетенций внутри страны.
Кроме того, стороны договорились совместно готовить аналитические и экспертные предложения для государственных органов, обмениваться методическими и аналитическими материалами, а также вырабатывать предложения по совершенствованию законодательства и нормативно-правовой базы в сфере атомной отрасли.
Подписание Меморандума сформировало дополнительную площадку для системного взаимодействия государства, предпринимательского сектора и отраслевого сообщества. Реализация договоренностей будет способствовать расширению возможностей казахстанских компаний для участия в проектах атомной отрасли, повышению уровня локализации и формированию технологической базы отрасли.
🟢 Қазақстанда атом саласындағы бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі,«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Atomic Industry Development Association (AIDA) ұлттық атом саласын дамытуға, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге және отандық кәсіпорындарды ірі инфрақұрылымдық жобаларға тартуға бағытталған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҚР ҰКП «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев және Atomic Industry Development Association басшысы Бақытжан Қадырбаев қол қойды.
Меморандумның негізгі мақсаты – атом саласын дамыту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және отандық бизнесті Қазақстан Республикасының стратегиялық жобаларын іске асыруға тарту мәселелері бойынша мемлекет, бизнес және салалық қоғамдастық арасында тұрақты әріптестік орнатып, өзара іс-қимылды үйлестіру.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – жергілікті орнықтыру деңгейін арттыру. Тараптар атом саласына арналған отандық өндірісті, инжиниринг пен сервистік қызметтерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық жеткізу тізбегін қалыптастыруға жәрдемдесуге уағдаласты.
Шағын, орта және ірі бизнесті атом және сабақтас салалардың жобаларына тартуға ерекше назар аударылды. Ынтымақтастық сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауды және ел ішінде технологиялық, өндірістік, сервистік және сараптамалық құзыреттерді дамытуды көздейді.
Бұдан бөлек, тараптар мемлекеттік органдар үшін бірлесіп талдамалық және сараптамалық ұсыныстар әзірлеуге, әдістемелік және талдамалық материалдармен алмасуға, сондай-ақ атом саласындағы заңнаманы және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге келісті.
Меморандумға қол қою мемлекет, кәсіпкерлік сектор және салалық қоғамдастықтың жүйелі өзара іс-қимылы үшін қосымша алаң қалыптастырады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қазақстандық компаниялардың атом саласындағы жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті орнықтыру деңгейін арттыруға және саланың технологиялық базасын қалыптастыруға ықпал етеді.
⚛️Ядролық ғылымнан тәжірибеге: ЯФИ өнеркәсіп, медицина және атом энергетикасы үшін радиоизотоптар өндірісін қалай дамытып жатыр
Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиевпен сұхбатта Институт қызметінің негізгі даму бағыттары — медициналық және өнеркәсіптік радиоизотоптар өндіру, радиациялық технологияларды енгізу, ядролық медицинаны дамыту және Қазақстанның болашақ атом энергетикасы үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыру мәселелері сөз болады. Сұхбатта отандық радиофармпрепараттар түрлерін кеңейту, диагностикалық қызметтер мен радионуклидтік терапияға өңірлердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстанда Орталық Азия елдерін радиофармпрепараттармен қамтамасыз ететін өңірлік орталық құру перспективаларына ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар жоғары технологиялық өнім экспортын дамыту, радиациялық технологияларды өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және экология саласында қолдану, кадрлар даярлау, реакторлық материалдарды сынақтан өткізу, сондай-ақ болашақ АЭС-ті салу және пайдалану барысында ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкіндіктері қамтылады.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1275313?lang=kk
➖➖➖
⚛️От ядерной науки к практике: как ИЯФ развивает производство радиоизотопов для промышленности, медицины и атомной энергетики
В интервью генерального директора Института ядерной физики Саябек Сахиева рассматриваются ключевые направления развития Института: производство медицинских и промышленных радиоизотопов, внедрение радиационных технологий, развитие ядерной медицины и формирование компетенций для будущей атомной энергетики Казахстана. Особое внимание уделено расширению линейки отечественных радиофармпрепаратов, снижению регионального неравенства в доступе к диагностике и радионуклидной терапии, а также перспективам создания в Казахстане регионального центра поставок радиофармпрепаратов в страны Центральной Азии. Также раскрываются возможности экспорта высокотехнологичной продукции, применения радиационных технологий в промышленности, сельском хозяйстве и экологии, подготовки кадров, испытаний реакторных материалов и обеспечения ядерной и радиационной безопасности при строительстве и эксплуатации будущей АЭС.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1275313?lang=ru