ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 34.1%259 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

✅«Жалпақ» кенішінде алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС-де кәсіпорынның екінші өндірістік активі — «Жалпақ» кенішінің алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді. Алғашқы іске қосу кешенінің қуаты жылына 500 тонна уранды құрайды. Жоба өндірістік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен одан әрі дамытуды көздейді. Нәтижесінде жерүсті қайта өңдеу кешенінің жобалық қуаты жылына 900 тонна уранға жеткізіледі. Іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС бас директоры Айдын Бейсенбеков, сондай-ақ кеніш ұжымы қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин уран өндіруші кәсіпорындарды дамыту және жаңа кен орындарын кезең-кезеңімен игеру еліміздің минералдық-шикізат базасын нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. «Жалпақ» кенішін дамытудың жаңа кезеңі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттырып, Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деді Ғұмар Серғазин.

Views over time

020040019 Aug 10:3512 Nov 09:0044119 Aug 10:35: 0 views12 Nov 09:00: 441 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Aug 2026, 10:350
12 Nov 2026, 09:00441

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.