ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 34.1%259 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

🖇️Агенттік төрағасы Алматыда өткен АЭХА-ның аймақтық кеңесіне қатысты 18 тамызда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Ядролық физика институтына барып, онда АЭХА-ның зерттеу реакторларын пайдалану рәсімдерін әзірлеу және өзектендіру мәселелері жөніндегі аймақтық кеңеске қатысты. Іс-шараға Қазақстан, Тәжікстан, Словения, Түркия, Нидерланд, Канада, Польша және Венгриядан 11 маман мен сарапшы қатысуда. Қатысушылар зерттеу реакторларын қауіпсіз пайдалану, персоналды даярлау, техникалық қызмет көрсету, радиациялық қорғау және авариялық дайындық мәселелерін талқылауда. Өз сөзінде Алмасадам Сәтқалиев заманауи зерттеу инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның атом саласын ұзақ мерзімді дамытудың негізгі шарттарының бірі болып табылатынын атап өтті. «Қазақстанның елеулі ғылыми және технологиялық әлеуеті бар. Біздің міндетіміз – оны одан әрі дамыту, зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту және оның мүмкіндіктерін атом саласының жаңа міндеттерін шешу үшін пайдалану. Бұл жұмыста АЭХА-мен ынтымақтастық және халықаралық тәжірибе алмасу ерекше маңызға ие», – деді Агенттік төрағасы. Аймақтық кеңес Алматыда 2026 жылғы 17–21 тамыз аралығында өтуде.

Views over time

020040018 Aug 07:4512 Nov 09:0036618 Aug 07:45: 0 views12 Nov 09:00: 366 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 07:450
12 Nov 2026, 09:00366

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.