ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 34.1%259 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

💬 Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өтті 2026 жылғы 18 тамызда Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілерді террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді. Семинарға 18 адам қатысты. Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты «Qamqor Astana» Қоғамдық қорының лекторы дінтанушы Қуатов Арулан және сарапшы Айдарқұл Марлен шақырып, қатысушыларға «Қазақстан зайырлы мемлекеті» атты таныстырылымды әзірледі. Лектор өз сөзінде аталған тақырыпқа қатысты мазмұнды таныстыру материалдарын ұсынды, террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы түсіндірді, қоғамда болып жатқан оқиғалардың қазіргі заманғы сын-қатерлерін түсіндірді. Семинарда мемлекеттік қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды. Әдеп жөніндегі уәкіл тек қана ресми дереккөздерден қызықтыратын ақпаратты алу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін атап өтті. Қатысушылар мазмұнды және қызықты семинар өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

Views over time

010020018 Aug 12:5312 Nov 09:0021518 Aug 12:53: 0 views12 Nov 09:00: 215 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 12:530
12 Nov 2026, 09:00215

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.