ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 757 Subscribers, last 30 days: 754 → 757 +3 24h
Reach per post (ERR) 33.2%251 avg views
Posting 1.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 7.0 👍 ❤ 🔥

✔️Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор айқындалды «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор болып айқындалды. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 30 қазанда № 129-н/қ тиісті бұйрыққа қол қойды. Бұйрықпен ұлттық оператордың қызметін реттейтін ереже де бекітілді. Бұл шешім 2026 жылғы 7 шілдедегі «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды және радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 1992 жылы құрылған. Орталықтың ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары және атом саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Оның қызметінің негізгі бағыттарына ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер, ядролық сынақтардың салдарын зерделеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуді қамтиды. Қазақстанда радиоактивті қалдықтар бұрынғы жылдардағы қызмет нәтижесінде, оның ішінде ядролық сынақтар жүргізу, уран өндіру және қайта өңдеу барысында жинақталған. Қазіргі уақытта радиоактивті қалдықтар ядролық қондырғыларды пайдалану, уран өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметі барысында, сондай-ақ өнеркәсіпте, медицинада және ғылым саласында түзіледі. Алдағы уақытта олар атом электр станцияларын пайдалану кезінде де түзілетін болады. Ұлттық оператор радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге қатысты жұмыстарды орындайды. Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған инфрақұрылымды құру және пайдалану, сондай-ақ тиісті объектілерді жабу және пайдаланудан кейінгі мониторингтеу жұмыстарын жүргізу болмақ. Бұдан бөлек, Ұлттық оператор мемлекеттік меншіктегі немесе мемлекеттік меншікке берілуге жататын ядролық мұра объектілерін жою және консервациялау жұмыстарын жүргізеді. Оның міндеттеріне заңнамада көзделген уран өндіру мен қайта өңдеу салдарын жою жөніндегі жұмыстар да кіреді. Атом энергетикасының дамуына байланысты Қазақстан үшін радиоактивті қалдықтармен, оның ішінде өткен онжылдықтарда жинақталған қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және оларды көмуге қажетті инфрақұрылымды құру маңызды. Бұл қалдықтарды ұзақ мерзімге сенімді оқшаулауға, халық пен қоршаған ортаға төнетін радиациялық қауіп-қатерлерді азайтуға және жинақталған қалдықтар мәселесін болашақ ұрпаққа қалдырмауға мүмкіндік береді.

Views over time

02004005 Nov 10:3513 Nov 10:404495 Nov 10:35: 0 views12 Nov 09:00: 416 views12 Nov 11:44: 436 views13 Nov 10:40: 449 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Nov 2026, 10:350
12 Nov 2026, 09:00416
12 Nov 2026, 11:44436
13 Nov 2026, 10:40449

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.