JAQ.OrtCom.kz ✔

@jaqortcomkz · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 59.4%1K avg views
Posting 5.6/week last 2 days ago
Reactions per 1K views 14.1 👍 👏 🔥

ℹ️ Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық енгізу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр. Жарияланымда әңгіме депозиттің негізгі сомасы емес, банк есептейтін пайыздар туралы болып отырғанын айтады. Бұл хабарлама - шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды. Оның үстіне, бұл норманын күшін жою және салымдар бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырып жатқан жоқ. Демек, елде банктік салымдар бойынша пайыздарға 5% салық енгізу ұсынылды деген тұжырымдардың ешқандай негізі жоқ. Мұндай хабарламаларда бұл бастаманың авторы, ресми құжаттың атауы, датасы немесе осы ұсыныс айтылған алаң көрсетілмейді. Бұл – жалған ақпарат әрі манипуляциялық ақпараттың басты белгісі. ‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды салықтар, әлеуметтік төлемдер және басқа да маңызды өзгерістер туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге шақырады.

Views over time

020040060027 Aug 06:5311 Nov 13:5359127 Aug 06:53: 0 views11 Nov 13:53: 591 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
27 Aug 2026, 06:530
11 Nov 2026, 13:53591

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.