⚠️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұған дейін сайлау қарсаңында белгілі қазақстандық тұлғалардың бейнесін пайдалана отырып, азаматтарды белгілі бір саяси платформаны қолдауға және бұқаралық іс-шараларға қатысуға шақыратын жалған әрі манипуляциялық ақпараттың таралып жатқанын хабарлаған болатын. Тіпті кей жағдайларда танымал азаматтардың атынан саяси партияларды қолдағаны үшін материалдық сыйақы төленетіні туралы жалған уәделер де таратылуда. Қазіргі уақытта мұндай ақпараттық араңдатулардың күшейіп, жалған ақпаратқа шынайы сипат беру мақсатында бейнесі мен атауы пайдаланылатын медиа тұлғалар мен ұйымдар аясының кеңейіп келе жатқаны байқалады. Мәселен, әлеуметтік желілерде BI Group компаниясы 1000 пәтер ұтысын өткізіп жатыр деген ақпарат таралуда. Компания бұл ақпартты өзінің Instagram парақшасында ресми түрде жоққа шығарып, мұндай акцияны жарияламағанын әрі өткізбейтінін мәлімдеді. Жарияланымда көрсетілген қатысу шарттары, өткізу күні мен орны және өзге де мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Жедел түрде ресми теріске шығарылғанына қарамастан, жалған ақпарат мессенджерлерде әлі де таралып, пайдаланушылардың бір бөлігі тарапынан шынайы ақпарат ретінде қабылдануда. Назар аударамыз, мұндай ақпараттық арандатулардың мақсаты тек жалған мәлімет тарату ғана болмауы мүмкін. Олардың таралуы азаматтар арасында дүрбелең туғызып, сайлау күніне қатысты жалған күтулер қалыптастыруы ықтимал. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жылдам таралатын мұндай хабарламалар азаматтардың дауыс беруге жаппай қатысуы жағдайында түсінбеушілік туғызып, адамдардың бейберекет түрде жиналуына және өзге де жағымсыз жағдайларға себеп болуы мүмкін. ‼️ Орталық еске салады: компаниялардың ұтыс ойындары, акциялары, іс-шаралары және басқа да бастамалары туралы ақпарат, ең алдымен, олардың ресми ресурстарында жарияланады. Егер хабарлама тек бөгде парақшалар, арналар немесе аккаунттар арқылы ғана таратылса, оның алаяқтық схеманың бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескеріп, мұндай ақпаратқа сын көзбен қарап, қосымша тексеру жүргізген жөн. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды ресми дереккөздермен расталмаған ақпаратқа сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға тағы да шақырады.
JAQ.OrtCom.kz ✔
Subscribers
1.7K
+0 24h
Reach per post (ERR)
59.4%1K avg views
Posting
5.6/week
last 2 days ago
Reactions per 1K views
14.1
👍 👏 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Aug 2026, 13:43 | 0 |
| 11 Nov 2026, 13:53 | 562 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.