ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%915 avg views
Posting 8.4/day last 58 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥

💻️ ҚАЗАҚСТАН NVIDIA-НЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ Астанадағы alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангпен кездесу өтті. Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуетін, жоғары білім беруді цифрлық трансформациялау нәтижелерін және NVIDIA компаниясымен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі ұсыныстарды таныстырды. Басты бастамалардың бірі – Қазақстанда NVIDIA-ның физикалық жасанды интеллект пен симуляциялық технологиялар жөніндегі өңірлік орталығын – NVIDIA Physical AI Hub құру ұсынысы. Physical AI Hub Орталық Азиядағы университеттердің білім беру және ғылыми әлеуетін, NVIDIA компаниясының технологиялық мүмкіндіктерін және экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін бір арнаға тоғыстыруға бағытталған. Физикалық жасанды интеллект (Physical AI) – интеллектуалды жүйелерді практикада қолдануға мүмкіндік беретін, қарқынды дамып келе жатқан ЖИ бағыттарының бірі. Бұл технологиялар физикалық үдерістерді модельдеуге, робототехникалық жүйелерді үйретуге, инженерлік шешімдерді виртуалды ортада сынақтан өткізуге және өнеркәсіптік нысандардың цифрлық егіздерін жасауға мүмкіндік береді. Министр өз сөзінде Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды және мамандар даярлау жүйесін жүйелі түрде дамытып келе жатқанын атап өтті. Бұл жасанды интеллект технологияларын меңгеруден бастап, отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізуге көшуге негіз қалайды. «Біз физикалық жасанды интеллект, цифрлық егіздер және симуляциялық модельдеу технологияларын Қазақстанның өнеркәсіптік секторының болашағы мен ақылды қалаларды дамыту үшін аса маңызды негіз ретінде қарастырамыз», - деді Саясат Нұрбек. Ұсынылып отырған NVIDIA Physical AI Hub орталығын қазақстандық университеттердің, шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының және технологиялық серіктестердің қатысуымен QAIRU базасында құру жоспарланып отыр. Орталық аясында NVIDIA DLI өңірлік алаңын, университеттік зертханалар желісін және NVIDIA Omniverse пен Isaac технологиялары негізінде шешімдер әзірлеу мен сынақтан өткізуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлескен алаңдарды дамыту көзделеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

025050075023 Oct 09:0912 Nov 09:1774823 Oct 09:09: 0 views12 Nov 09:17: 748 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Oct 2026, 09:090
12 Nov 2026, 09:17748

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.