ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
edited

⚛️ Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына – 35 жыл Бүгін, 29 тамызда, Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтуде. 1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Осы тарихи шешімнен кейін Қазақстан алдында полигон аумағын зерттеу, ядролық мұра нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сынақтардың салдарын жою бойынша ауқымды міндеттер тұрды. 35 жыл ішінде Ұлттық ядролық орталықтың ғылыми-техникалық қолдауымен полигон аумағында кешенді радиоэкологиялық зерттеулер жүргізіліп, сынақ инфрақұрылымының едәуір бөлігі жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді. Зерттелген аумақтың жалпы көлемі 18 мың шаршы шақырымнан асады. 2023 жылы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң қабылданып, бұрынғы полигон аумағын ұзақ мерзімді басқарудың құқықтық негізі қалыптасты. Бүгінде шамамен 8,3 мың шаршы шақырым аумақта радиациялық тәуекелдер сақталуда. Сонымен қатар радиациялық қауіп төндірмейтін 10 мың шаршы шақырымға жуық жерді кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға қайтару мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл – бұрынғы Семей полигонының аумағын зерттеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көпжылдық жұмыстың жаңа кезеңі. Семей полигонынан – бейбіт атомға дейін. Бүгінде Қазақстанның атом саласын дамытуы өткеннің сабақтарына сүйеніп, қауіпсіздік қағидатын сөзсіз басымдық ретінде ұстануға тиіс.

Views over time

010020029 Aug 05:5512 Nov 09:0020329 Aug 05:55: 0 views12 Nov 09:00: 203 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
29 Aug 2026, 05:550
12 Nov 2026, 09:00203

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.