Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы
Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана
Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan
+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Subscribers8.1K +0 24h · +10 7d
Reach per post (ERR)12.0%977 avg views
Posting6.1/daylast 8 hours ago
Reactions per 1K views0.0
✉️ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига мырзаны Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтауы (2026 жылғы 24 тамыз).
✍️ Құрметті Андрей Иванович!
Сізді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнінің 35 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақстан мен Украинаны көптеген жылдар бойы берік достық пен өзара түсіністіктің мызғымас байланыстары жалғап келеді. Біз мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың көп қырлы деңгейін жоғары бағалаймыз.
Сыртқы саяси ведомстволардың бірлескен күш-жігері арқасында Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жан-жақты өзара іс-қимыл алдағы уақытта да елдеріміз арасындағы достық пен өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне сенімдімін.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге, құрметті Андрей Иванович, зор денсаулық, жауапты қызметіңізде одан әрі табыс, ал достас Украина халқына – бейбітшілік, амандық-саулық және өркендеу тілеймін.
Құрметпен,
Ермек КӨШЕРБАЕВ
Жоғары Мәртебелі
Андрей СИБИГА мырзаға
Украина Сыртқы істер министрі
Киев
🔹Жанболат Қалдыбайұлы Үсеновты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметіне тағайындау туралы
1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) саясаттану факультетін тәмамдаған.
2004-2006 жж. - «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жетекші сарапшысы.
2006-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің атташесі.
2007 ж. - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің атташесі.
2007-2011 жж. - Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің үшінші, екінші және бірінші хатшысы.
2011-2012 жж. - «Шеврон Мұнайгаз Инк.» инвестициялық жобаларының үйлестірушісі.
2012-2014 жж. - ҚР СІМ ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
2014-2017 жж. - «Шеврон Мұнайгаз Инк.» үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары.
2015-2017 жж. - Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры.
2017-2022 жж. - Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2022-2023 жж. - «24 KZ» телеарнасында «Мир» бағдарламасының жүргізушісі.
ҚР СІМ ресми өкілі қызметіне тағайындалғанға дейін «Верный Капитал» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.
Ағылшын және француз тілдерін меңгерген.
🔸О назначении Жанболата Калдыбаевича Усенова Официальным представителем МИД РК
Родился в 1983 году в Туркестанской области. В 2004 году окончил факультет политологии Московского государственного института международных отношений (МГИМО).
2004-2006 гг. - ведущий эксперт ТОО «КазМунайГаз-Сервис».
2006-2007 гг. - атташе Департамента Европы и Америки Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
2007 г. - атташе Посольства Республики Казахстан в Великобритании.
2007-2011 гг. - третий, второй и первый секретарь Посольства Республики Казахстан в Соединённых Штатах Америки.
2011-2012 гг. - координатор инвестиционных проектов «Шеврон Мунайгаз Инк.».
2012-2014 гг. - Официальный представитель МИД, заместитель председателя Комитета международной информации Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
2014-2017 гг. - заместитель директора по связям с правительством и общественностью «Шеврон Мунайгаз Инк.».
2015-2017 гг. - директор Евразийского совета по международным отношениям.
2017-2022 гг. - советник-посланник Посольства Республики Казахстан в Великобритании.
2022-2023 гг. - ведущий программы «Мир» на телеканале 24 KZ.
До назначения на должность Официального представителя МИД занимал должность управляющего директора по корпоративным коммуникациям компании «Верный Капитал».
Владеет английским и французским языками.
@PressMFAKZ
edited
🇰🇿 Жаппар Асқар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысы
1982 жылғы 23 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2022 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
27.11.2003 – 05.07.2004 жж. — ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек-Шымкент» РМК бухгалтері.
28.09.2004 – 10.11.2006 жж. — Астана қаласы әкімдігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің жетекші маманы, бас маманы.
10.11.2006 – 11.02.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
11.02.2008 – 02.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты.
02.06.2008 – 30.06.2008 жж. — ҚР Парламенті Мәжілісінің Редакциялау және аударма бөлімінің сектор меңгерушісі.
30.06.2008 – 20.01.2015 жж. — ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.
20.01.2015 – 07.07.2015 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Сарыарқа» корпоративтік қорының атқарушы директоры.
08.07.2015 – 17.03.2016 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Бурабай даму» ЖШС дирекциясының және «ОК «Оқжетпес» ЕСК (емдеу-сауықтыру кешені) объектілерін басқарушы.
20.02.2017 – 25.05.2018 жж. — «Мемлекеттік архив» ММ каталогтау және ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, директордың міндетін уақытша атқарушы.
22.10.2018 – 05.03.2020 жж. — ҚР СІМ-нің «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК ресми және хаттамалық іс-шаралар бөлімінің бастығы.
06.03.2020 – 16.07.2023 жж. — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ӘШБ басқарушысы.
10.08.2023 – 05.01.2026 жж. — ҚР Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры.
19.01.2026 – 20.08.2026 жж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қамтамасыз ету және құжат айналымы департаментінің директоры.
2026 жылғы 20 тамыздан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы.
🇰🇿 Жаппар Аскар - Руководитель аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан
Родился 23 марта 1982 года в городе Шымкент. В 2003 году окончил Южно-Казахстанский государственный университет, в 2022 году Дипломатическую академию Министерства иностранных дел Российской Федерации.
27.11.2003 – 05.07.2004 гг. — бухгалтер РГП «Еңбек-Шымкент» УК УИС Министерства юстиции РК.
28.09.2004 – 10.11.2006 гг. — ведущий, главный специалист Департамента коммунального хозяйства акимата города Астана.
10.11.2006 – 11.02.2008 гг. — помощник депутата Мажилиса Парламента РК.
11.02.2008 – 02.06.2008 гг. — главный консультант Отдела обеспечения деятельности Комитета по международным делам, обороне и безопасности Мажилиса Парламента РК.
02.06.2008 – 30.06.2008 гг. — заведующий сектором Отдела редактирования и перевода Мажилиса Парламента РК.
30.06.2008 – 20.01.2015 гг. — в системе МИД РК.
20.01.2015 – 07.07.2015 гг. — исполнительный директор Корпоративного фонда «Сары-Арка» Управления делами Президента РК.
08.07.2015 – 17.03.2016 гг. — управляющий объектов Дирекции ТОО «Бурабай даму» и ЛОК «ОК «Окжетпес» Управления делами Президента РК.
20.02.2017 – 25.05.2018 гг. — заведующий отделом каталогизации и информационных технологий, временно исполняющий обязанности директора ГУ «Государственный архив».
22.10.2018 – 05.03.2020 гг. — начальник отдела официальных и протокольных мероприятий РГП на ПХВ «Дипломатический сервис» МИД РК.
06.03.2020 – 16.07.2023 гг. — управляющий АХО Посольства Республики Казахстан в Российской Федерации.
10.08.2023 – 05.01.2026 гг. — директор РГП «Дирекция государственных резиденций» Управления делами Президента РК.
19.01.2026 – 20.08.2026 гг. — директор Департамента обеспечения и документооборота МИД Республики Казахстан.
С 20.08.2026 г. руководитель аппарата Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
@PressMFAKZ
🔹 Қазақстан мен Латвия денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
🔸 Казахстан и Латвия укрепляют сотрудничество в сфере здравоохранения
🔹 Kazakhstan and Latvia Strengthen Cooperation in Healthcare
@PressMFAKZ
repost
ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ ГОЛОСОВАНИЯ
НА ВЫБОРАХ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Центральная избирательная комиссия Республики Казахстан объявила предварительные результаты голосования на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан, состоявшихся 23 августа 2026 года.
repost
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНА ДЕПУТАТТАРДЫ САЙЛАУ БОЙЫНША
ДАУЫС БЕРУДІҢ АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23 тамызда өткен Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.
edited
📍Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскелік комиссиясы өз жұмысын аяқтады.
61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті.
📍Все 79 избирательные участковые комиссии за рубежом завершили свою работу.
Общее количество проголосовавших граждан Казахстана в 61 стране составило 9623 человек. Это обеспечило явку в 84,4%.
@PressMFAKZ
🗳️ Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава және Бразилиа қалаларындағы сайлау учаскелері өз жұмыстарын жалғастыруда.
Сағат 00:00-ге дейін 74 учаске өз жұмысын аяқтайды. Шетелдегі дауыс беру үдерісі 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде аяқталады.
🗳️ Избирательные участки в городах Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско, Оттава и Бразилиа продолжают свою работу.
До 00:00 часов свою работу завершат 74 участка. Процесс голосования за рубежом закончится на избирательном участке при Генеральном консульстве РК в г. Сан-Франциско (США) 24 августа 08:00 часов по времени Астаны.
@PressMFAKZ
repost
Выступление
Заместителя министра иностранных дел РК
Армана Исетова
По состоянию на 19:00 за рубежом начали работу все 79 участков голосования при загранучреждениях Казахстана в 61 стране. В 11 странах завершено голосование.
Из общего количества зарегистрированных избирателей
11 402 проголосовали 6007 человек.
Последними проголосуют наши соотечественники в г.Сан-Франциско, Соединенных Штатов Америки (открылись в 19:00 ч. по времени Астаны).
Протоколы зарубежных участковых избирательных комиссий о результатах голосования по выборам депутатов Курултая Республики Казахстан будут незамедлительно переданы в Центральную избирательную комиссию для подведения общих итогов.
repost
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары
Арман Исетовтың Орталық сайлау комиссиясындағы хабарламасы
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскелерінің барлығы жұмыстарын бастады. 11 елде дауыс беру аяқталды.
Шет елдерде тіркелген 11 402 сайлаушылардың 6007-сі дауыс берді.
Шетелде дауыс беруді Америка Құрама Штаттарының Сан-Франциско қаласындағы отандастарымыз аяқтайды (Астана уақытымен сағ. 19:00 ашылды).
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы шет елдердегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары дереу Орталық сайлау комиссиясына жолданатын болады.
edited
🗳️ Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Таиланд және Вьетнамда шетелдік сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.
🗳️ На данный момент зарубежные избирательные участки завершили свою работу в Южной Корее, Японии, Китае, Сингапуре, Малайзии, Монголии, Индонезии, Таиланде и Вьетнаме.
@PressMFAKZ
edited
🔹 Оңтүстік Африка Республикасында 19 сайлаушы дауыс беруде
🔸 В Южно-Африканской Республике голосуют 19 избирателей
@PressMFAKZ
📍 Өзбекстандағы отандастарымыз дауыс беруді жалғастыруда
📍 Наши соотечественники в Узбекистане продолжают голосовать
@PressMFAKZ
✔️ Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша шетелде 78 сайлау учаскесі ашылды. Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бергендер саны 4 378 адамды құрады.
✔️ По состоянию на 16:00 за рубежом открыто 78 избирательных участков. Всего к настоящему времени на избирательные участки пришли и проголосовали 4 378 человек.
@PressMFAKZ
🔹 Қазақстандықтар Еуропа елдерінде, оның ішінде Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастыруда.
Сонымен қатар, Бразилия, Канададағы және АҚШ -та учаскелер өз жұмысын бастады.
🔸 Казахстанцы продолжают голосовать на избирательных участках в ряде европейских стран, в том числе в Австрии, Бельгии, Германии, Испании, Италии, Венгрии, Словакии, Франции, Швейцарии, Великобритании и Португалии.
Также, начали свою работу участки в Бразилии, Канаде и США.
@PressMFAKZ
🔹Мәскеудегі сайлау учаскесінде дауыс беруі туралы “Хабар” телеарнасының бейнематериалында.
🔸 Сюжет телеканала «Хабар» о голосовании на выборах в Москве.
🔶 Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша шетелде 74 сайлау учаскесі ашылды.
Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде 2 573 азамат дауыс берді.
🔷 По состоянию на 14:00 за рубежом открылись 74 избирательных участка.
К настоящему времени на избирательных участках проголосовали 2 573 гражданина.
@PressMFAKZ