✉️ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига мырзаны Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтауы (2026 жылғы 24 тамыз). ✍️ Құрметті Андрей Иванович! Сізді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнінің 35 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мен Украинаны көптеген жылдар бойы берік достық пен өзара түсіністіктің мызғымас байланыстары жалғап келеді. Біз мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың көп қырлы деңгейін жоғары бағалаймыз. Сыртқы саяси ведомстволардың бірлескен күш-жігері арқасында Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы жан-жақты өзара іс-қимыл алдағы уақытта да елдеріміз арасындағы достық пен өзара тиімді әріптестікті дамытуға ықпал ететініне сенімдімін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге, құрметті Андрей Иванович, зор денсаулық, жауапты қызметіңізде одан әрі табыс, ал достас Украина халқына – бейбітшілік, амандық-саулық және өркендеу тілеймін. Құрметпен, Ермек КӨШЕРБАЕВ Жоғары Мәртебелі Андрей СИБИГА мырзаға Украина Сыртқы істер министрі Киев