ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

Агенттікте "Мүдделер қақтығысын реттеу: қауіпсіздік және әдеп стандарттары" атты семинар өтті 2026 жылғы 20 қазанда Агенттіктің кұрылымдық бөлімшелерінің, Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің және Оңтүстік өңіраралық инспекцияның мемлекеттік қызметшілері үшін "Мүдделер қақтығысын реттеу: қауіпсіздік және әдеп стандарттары" тақырыбында семинар өткізілді. Аталған кездесуде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Н. Н. Джалпақов семинарды ашып, семинар спикеріне Агенттік төрағасының штаттан тыс кеңесшісіне, "КАЭС" ЖШС-тің комплаенс қызметінің басшысы Д.Е. Ақшаловқа сөз берді. Спикер өз сөзінде тыңдаушыларға презентация ұсына отырып, мүдделер қақтығысын реттеу, қауіпсіздік және әдеп стандарттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызмет, жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Семинарға 17 мемлекеттік қызметші қатысты, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңа түзетулерді талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша осы тақырыпты талқылау ұйымдастырылды, Дәурен Есалыұлы семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Тыңдаушылар мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының хабардар болуына оң әсер ететінін атап өтті.

Views over time

010020021 Oct 04:2112 Nov 09:0018221 Oct 04:21: 0 views12 Nov 09:00: 182 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Oct 2026, 04:210
12 Nov 2026, 09:00182

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.