MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.2K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +10 24h
Reach per post (ERR) 12.3%1K avg views
Posting 5.4/day last 5 hours ago
Reactions per 1K views 0.0

⚜️ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты. Қазақстан делегациясын сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева және Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов бастап барды. Кездесу барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізіліп, ҰҚШҰ-ның ағымдағы жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Ұйымның 2027 жылға арналған жұмысының перспективалық бағыттары талқыланды. М.Тілеуберді қатысушыларды еліміздің ҰҚШҰ форматы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөніндегі тәсілдерінен хабардар етіп, Ұйымды одан әрі дамыту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Бірлескен отырысқа қатысушылар бірқатар саяси мәлімдемелерді және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы туралы келісім жобасын мақұлдады. Сондай-ақ 11 қарашада Мәскеу қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібі мен құжаттар жобаларын келісті. @PressMFAKZ

Views over time

05001K10 Nov 13:2213 Nov 13:551.1K10 Nov 13:22: 0 views10 Nov 17:11: 463 views10 Nov 19:28: 544 views11 Nov 13:27: 793 views13 Nov 13:23: 1,050 views13 Nov 13:55: 1,050 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Nov 2026, 13:220
10 Nov 2026, 17:11463
10 Nov 2026, 19:28544
11 Nov 2026, 13:27793
13 Nov 2026, 13:231.1K
13 Nov 2026, 13:551.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.