⚜ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Ресей Федерациясына жұмыс сапары туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форумға қатысып, «Көпполярлы әлемдегі ұжымдық қауіпсіздік» атты пленарлық отырыста сөз сөйледі. Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі мемлекеттер арасындағы сенім деңгейінің төмендеуі халықаралық тәртіптің негіздеріне нұқсан келтіріп, халықаралық құқықтың беделін әлсірететінін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрақты халықаралық тәртіп тек күштер теңгеріміне ғана негізделе алмайтынына, оның халықаралық құқыққа, өзара сенімге және күрделі келіспеушіліктер жағдайында да келісімге келе білу қабілетіне сүйенуі тиіс екендігіне баса назар аударды. ⚜ О рабочем визите Министра иностранных дел Республики Казахстан в Российскую Федерацию Министр иностранных дел Казахстана Мухтар Тлеуберди принял участие в Международном форуме обеспечения коллективной безопасности и выступил на Пленарном заседании «Коллективная безопасность в многополярном мире». В ходе выступления глава внешнеполитического ведомства РК отметил, что снижение доверия между государствами подрывает основы международного порядка и ослабляет авторитет международного права. Он акцентировал внимание на том, что стабильный международный порядок не может основываться исключительно на балансе сил, а должен опираться на международное право, взаимное доверие и способность договариваться даже в условиях серьезных разногласий. ⚜ On the Working Visit of the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan to the Russian Federation Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Mukhtar Tileuberdi participated in the International Forum on Collective Security and delivered a speech at the plenary session "Collective Security in a Multipolar World". During his remarks, the Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan noted that declining trust among states undermines the foundations of the international order and weakens the authority of international law. He emphasized that a stable international order cannot be based solely on the balance of power, but must rest on international law, mutual trust and the ability of states to engage in dialogue even in the face of serious disagreements. @PressMFAKZ