MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K −10 24h
Reach per post (ERR) 11.9%967 avg views
Posting 5.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 0.0
edited

🔸 Тлеулин Рауан Манатұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Польшадағы Белосток жоғары экономика мектебінде «Халықаралық экономика және бизнесті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, ал 2022 жылы АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінде «Саяси менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2002–2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқарған. Еңбек жолын 2004 жылы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің маманы лауазымынан бастаған. 2006–2007 жылдары ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің Министр кеңсесінде үшінші хатшының міндетін атқарушы және үшінші хатшы лауазымдарын атқарған. 2007–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің бас сарапшысы қызметін атқарған. 2009–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2012–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар және протокол бөлімінің меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің протокол басшысы қызметін атқарған. 2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылғы шілдеден 2024 жылғы маусымға дейін Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы (АҚШ) Бас консулы қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер-Министрінің алғыс хаттарымен, сондай-ақ Министрдің алғысымен марапатталған. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. @PressMFAKZ

Views over time

02505007501K6 Nov 13:2510 Nov 17:118726 Nov 13:25: 0 views10 Nov 17:11: 872 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Nov 2026, 13:250
10 Nov 2026, 17:11872

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.