🇰🇿 Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері Сыртқы істер министрлігінде талқыланды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқа отырысы өтті. Отырыс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында қойылған міндеттерді іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ Жолдаудың негізгі тезистерін шетелде түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмыстың кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Отырысты ашқан ҚР Сыртқы істер министрі биылғы Жолдаудың терең символдық мәнге ие екенін атап өтті. Өйткені ол еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аталып өтіп жатқан жылы жарияланып, Қазақстанның одан әрі дамуының негізгі бағдарлары мен бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайды. 🇰🇿 Вопросы реализации Послания Главы государства обсуждены в Министерстве иностранных дел Под председательством Министра иностранных дел Мухтара Тлеуберди состоялось заседание Коллегии МИД РК, посвященное практической реализации задач Послания Президента Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле», а также вопросам реализации Комплексного плана информационно-имиджевой работы по разъяснению и продвижению ключевых тезисов Послания за рубежом. Открывая мероприятие, глава МИД РК отметил, что нынешнее Послание имеет глубокое символическое значение, так как обнародовано в год 35-летия Независимости страны и определяет контуры и направления дальнейшего развития Казахстана, стратегические цели и задачи. 🇰🇿 Implementation of the Head of State’s Address Discussed at the Ministry of Foreign Affairs A meeting of the Collegium of the Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan was held under the chairmanship of Minister of Foreign Affairs Mukhtar Tileuberdi. The meeting focused on the practical implementation of the objectives outlined in President Kassym-Jomart Tokayev’s Address to the People of Kazakhstan, entitled “Kazakhstan’s Current Priorities in a New Historical Cycle”, as well as on the implementation of the Comprehensive Plan for Information and Image-Building Activities aimed at explaining and promoting the key messages of the Address abroad. Opening the meeting, the Head of the Ministry of Foreign Affairs noted that this year’s Address carries profound symbolic significance, as it was delivered in the year marking the 35th anniversary of the country’s Independence. It outlines the key priorities and directions for Kazakhstan’s further development, as well as its strategic goals and objectives. @PressMFAKZ