🔹 Самарқандта Орталық Азия мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Республикасының диалогтық платформаға төрағалық ету жылында өтіп жатқан Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы істер ведомстволары басшылары және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысқан «С5+1» форматындағы министрлік кездесуге қатысты. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өңірлік өзара байланыстылықты нығайту және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстан СІМ басшысы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға арналған тиімді платформа ретінде өзін танытқан «С5+1» форматының қалыптасуындағы Қазақстан мен АҚШ-тың тарихи рөлін атап өтті. 🔸 В Самарканде обсуждены перспективы расширения торгово-экономического сотрудничества между Центральной Азией и США Министр иностранных дел Республики Казахстан Мухтар Тлеуберди принял участие в министерской встрече в формате «С5+1» с участием Государственного секретаря США Марко Рубио и глав внешнеполитических ведомств государств Центральной Азии, которая проходит в год председательства Республики Узбекистан в диалоговой платформе. В ходе встречи были обсуждены вопросы развития торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества, укрепления региональной взаимосвязанности и реализации совместных инициатив, направленных на обеспечение устойчивого экономического роста. Глава МИД Казахстана отметил историческую роль Казахстана и США в становлении формата «С5+1», зарекомендовавшего себя в качестве эффективной платформы для развития регионального сотрудничества. 🔹 Prospects for Expanding Trade and Economic Cooperation between Central Asia and the US Discussed in Samarkand Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Mukhtar Tileuberdi took part in the C5+1 Ministerial Meeting with the U.S. Secretary of State Marco Rubio and the Heads of Foreign Ministries of the Central Asian states, held during the Republic of Uzbekistan’s chairmanship. During the meeting, participants discussed developing trade, economic and investment cooperation, strengthening regional connectivity, and implementing joint initiatives aimed at ensuring sustainable economic growth. Kazakhstan’s Foreign Minister noted the historic role of Kazakhstan and US in establishing the C5+1 format, which has proven to be an effective platform for developing regional cooperation. @PressMFAKZ