🔹 Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды. Мұндай шабуылдар халықаралық құқық нормаларын бұзады. Оларға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді. Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз. Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды. 🔸 Заявление МИД Казахстана об атаках на объекты гражданской инфраструктуры Саудовской Аравии Министерство иностранных дел Республики Казахстан решительно осуждает атаки ополченцев-хуситов на объекты гражданской инфраструктуры Саудовской Аравии, повлекшие человеческие жертвы. Подобные нападения нарушают нормы международного права и недопустимы с гуманитарной точки зрения. Данные действия подрывают усилия по стабилизации ситуации в Йемене и препятствуют политическому урегулированию конфликта. Призываем к незамедлительному прекращению атак и разрешению кризиса исключительно политико-дипломатическими средствами. Казахстан выражает солидарность Королевству Саудовская Аравия и подтверждает его право на защиту суверенитета и безопасности в соответствии с Уставом ООН. 🔹 Statement by the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan on the attacks on civilian infrastructure facilities in Saudi Arabia The Ministry of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan strongly condemns the attacks by Houthi militants on civilian infrastructure facilities in Saudi Arabia, which resulted in human casualties. Such attacks violate the norms of international law and are unacceptable from a humanitarian standpoint. These actions undermine efforts to stabilize the situation in Yemen and hinder a political settlement of the conflict. We call for an immediate cessation of the attacks and for the resolution of the crisis exclusively through political and diplomatic means. Kazakhstan expresses solidarity with the Kingdom of Saudi Arabia and affirms its right to protect its sovereignty and security in accordance with the UN Charter. @PressMFAKZ