MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h
Reach per post (ERR) 11.9%971 avg views
Posting 5.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from ҚР СІМ Ресми өкілі

📌 Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралып жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр. Қазақстан азаматтарының шетелдегі құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау Министрлік қызметінің сөзсіз басымдығы болып табылады. 🇰🇿 ҚР СІМ әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған. Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше. Бірқатар отбасы Министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерді. 📞 Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін Министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарынан тиісті байланыс деректерін таратуға жәрдемдесуді сұраймыз. Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін Министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет. 🤝 Қазақстандықтарды Отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастыруда. Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді. 📢 Жүргізіліп жатқан жұмыстың барысы мен нәтижелері туралы қосымша хабарлайтын боламыз. 📎 Официальный канал на русском языке: @MFA_Spokesperson2

Views over time

05001K1.5K2 Oct 15:0110 Nov 17:111.2K2 Oct 15:01: 0 views10 Nov 17:11: 1,160 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Oct 2026, 15:010
10 Nov 2026, 17:111.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.