MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h
Reach per post (ERR) 11.9%971 avg views
Posting 5.7/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from ҚР СІМ Ресми өкілі

🇰🇿🇩🇰 Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссеннің Қазақстанға сапары туралы ✔️ Үстіміздегі жылғы 1-2 қазан күндері Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл 2009 жылдан бергі Дания сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы сапары. Сапар екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 35 жылдығы қарсаңында өтіп отыр. Бұл айтулы белесті келесі жылы атап өтеміз. Сапар бағдарламасы Алматы облысынан басталады. Дания министрі Carlsberg Group және PepsiCo компаниялары бірлесіп салған алкогольсіз сусындар зауытының ашылу салтанатына қатысады. Құны 344 миллион долларды құрайтын бұл жоба Данияның Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобаларының бірі саналады. Сонымен қатар мәртебелі қонақ Қонаев қаласында өтетін ауқымды Қазақ-дат бизнес-форумына қатысады. Астанада Ларс Лёкке Расмуссенді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ оның ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздері өтеді. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша екі меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Соның бірі Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссия құру туралы құжат. 📍 Сыртқы істер министрлігі бұл сапар Қазақстан мен Дания арасындағы саяси диалог пен іскерлік әріптестікке жаңа серпін береді деп сенім артады. 📎 Официальный канал на русском языке: @MFA_Spokesperson2

Views over time

05001K30 Sep 13:3610 Nov 17:111K30 Sep 13:36: 0 views10 Nov 17:11: 1,040 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
30 Sep 2026, 13:360
10 Nov 2026, 17:111K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.