🇰🇿🇺🇳 Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының жалпы пікірсайысында сөз сөйледі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясының жалпы пікірсайысында сөз сөйлеп, халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша Қазақстанның көзқарасын таныстырды және елдің саяси әрі орнықты даму саласындағы басымдықтарын белгіледі. Сөз сөйлеу барысында сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанда жалғасып жатқан саяси реформаларға ерекше назар аударды. Ол 2026 жылғы жаңа Конституцияда адам қадір-қасиетіне, адами капиталды дамытуға, білімге, инновацияларға және экологиялық жауапкершілікке басымдық күшейтілгенін атап өтті. Министр сондай-ақ өткен айда жаңа Құрылтайға өткен сайлаудың маңызын атап өтіп, оның қорытындысы бойынша Парламентте қоғамдық күштердің кең ауқымы өкілдік етіп отырғанын, ал әйелдердің үлесі тарихи ең жоғары көрсеткішке – 34%-ға жеткенін айтты. 🇰🇿🇺🇳 Глава МИД Казахстана выступил на общих дебатах 81-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН Министр иностранных дел Республики Казахстан Мухтар Тлеуберди выступил на общих дебатах 81-й сессии Генеральной Ассамблеи Организации Объединенных Наций, представив видение Казахстана по ключевым вопросам международной повестки и обозначив приоритеты страны в сфере политического и устойчивого развития. В своем выступлении глава внешнеполитического ведомства уделил особое внимание продолжающимся в Казахстане политическим преобразованиям. Он отметил, что новая Конституция 2026 года усилила акцент на человеческом достоинстве, развитии человеческого капитала, образовании, инновациях и экологической ответственности. Министр также подчеркнул значение состоявшихся в прошлом месяце выборов в новый Курултай, по итогам которых в парламенте представлен широкий спектр общественных сил, а доля женщин достигла исторического максимума – 34%. 🇰🇿🇺🇳 Kazakhstan’s Foreign Minister Addresses the General Debate of the 81st Session of the UN General Assembly Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Mukhtar Tileuberdi addressed the General Debate of the 81st Session of the United Nations General Assembly, presenting Kazakhstan’s vision on key issues on the international agenda and outlining the country’s priorities in political and sustainable development. In his remarks, the Foreign Minister placed particular emphasis on Kazakhstan’s ongoing political transformation. He noted that the new Constitution adopted in 2026 strengthened the focus on human dignity, human capital development, education, innovation, and environmental responsibility. The Minister also highlighted the significance of last month’s elections to the new Kurultai, which resulted in broad representation of different segments of society in Parliament, while the share of women reached a historic high of 34%. @PressMFAKZ