MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.0%976 avg views
Posting 6.1/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 0.0

​🔹 Зебешев Ардақ Темірханұлы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King’s College London университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School-да «Бизнес-әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеген. 2016–2018 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарған. 2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болған. 2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы наурызға дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2021 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы маусымға дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2026 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды. @PressMFAKZ

Views over time

02505007501K23 Sep 13:5810 Nov 17:1189223 Sep 13:58: 0 views10 Nov 17:11: 892 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Sep 2026, 13:580
10 Nov 2026, 17:11892

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.