🇰🇿🇩🇰 Ларс Туесен – Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі, Дания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 1960 жылғы 12 ақпанда дүниеге келген. 1987 жылы Данияның Орхус университеті және АҚШ-тың Массачусетс университеттерінде саясаттану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 1986 жылы Люксембургтегі Еуропалық Парламенттің Зерттеу департаментінде ғылыми қызметкер болып бастаған. 1987-1988 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Сауда саясаты бөлімін басқарған. 1988-1989 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Даму саясаты бөлімінің басшысы болған. 1989-1991 жылдары Еуропалық Одақ мәселелері жөніндегі үйлестіру бөлімін басқарған. 1991-1994 жылдары Данияның Мексикадағы Елшілігінде бірінші хатшы қызметін атқарған. 1994-1997 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық Одақ мәселелері жөніндегі үйлестіру бөлімінің басшысы болған. 1997-1999 жылдары Еуропалық Одақтың кеңею мәселелері бөлімін басқарған. 1999-2002 жылдары Данияның Испаниядағы Елшілігінде кеңесші қызметін атқарған. 2002-2004 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаменті бөлімінің басшысы болған. 2004-2005 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарған. 2005-2009 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары болған. 2009-2011 жылдары Данияның Испаниядағы Елшісі қызметін атқарған. 2011-2017 жылдары Дания Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы болған. 2017-2022 жылдары Данияның Ұлыбританиядағы Елшісі қызметін атқарған. 2022-2026 жылдары Данияның Ирландиядағы Елшісі болған. 2026 жылғы тамыздан бастап Орталық Азия бойынша Дания Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі, Данияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін атқарады. Резиденциясы Копенгаген қаласында орналасқан. Ағылшын тілін меңгерген. 🇰🇿🇩🇰 Ларс Туесен – Специальный представитель по Центральной Азии МИД Королевства Дании, Чрезвычайный и Полномочный Посол Королевства Дании в Республике Казахстан Родился 12 февраля 1960 года. В 1987 году получил степень магистра политических наук в Орхусском университете (Дания) и Массачусетском университете (США). Трудовую деятельность начал в 1986 году в качестве научного сотрудника исследовательского департамента Европейского парламента в Люксембурге. В 1987-1988 годах возглавлял отдел торговой политики Министерства иностранных дел Дании. В 1988-1989 годах возглавлял отдел политики развития Министерства иностранных дел Дании. В 1989-1991 годах руководил отделом координации по вопросам Европейского союза Министерства иностранных дел Дании. В 1991-1994 годах занимал должность первого секретаря Посольства Дании в Мексике. В 1994-1997 годах возглавлял отдел координации по вопросам Европейского союза Министерства иностранных дел Дании. В 1997-1999 годах руководил отделом расширения Европейского союза Министерства иностранных дел Дании. В 1999-2002 годах занимал должность советника Посольства Дании в Испании. В 2002-2004 годах возглавлял отдел Департамента коммуникаций Министерства иностранных дел Дании. В 2004-2005 годах занимал должность директора Департамента коммуникаций Министерства иностранных дел Дании. В 2005-2009 годах являлся заместителем Государственного секретаря Министерства иностранных дел Дании. В 2009-2011 годах занимал должность Посла Дании в Испании. В 2011-2017 годах являлся Государственным секретарем Министерства иностранных дел Дании. В 2017-2022 годах занимал должность Посла Дании в Великобритании. В 2022-2026 годах занимал должность Посла Дании в Ирландии. С августа 2026 года – Специальный представитель по Центральной Азии Министерства иностранных дел Королевства Дании, Посол Дании в Республике Казахстан с резиденцией в Копенгагене. Владеет английским языком. @PressMFAKZ