🇰🇿🇭🇺 Ференц Цомбош – Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі 1986 жылғы 15 қазанда Мажарстанның Сегед қаласында дүниеге келген. 2005-2010 жылдары Будапешт қаласындағы Этвёш Лоранд университетінің (ELTE) Әлеуметтік ғылымдар факультетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. 2008-2011 жылдары Будапешт қаласындағы Этвёш Лоранд университетінің (ELTE) Гуманитарлық ғылымдар факультетінде славистика (орыс тілі) мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесін алған. Еңбек жолын 2010 жылы Еуропалық Парламенттегі Еуропалық халық партиясында тағылымдамадан өтуден бастаған. 2011-2013 жылдары Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінде референт қызметін атқарған. 2013-2018 жылдары Мажарстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары Мажарстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында миссия басшысының орынбасары болған. 2019-2020 жылдары Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті бөлімінің басшысы болған. 2020-2022 жылдары Мажарстанның Қазан қаласындағы Бас консулдығында миссия басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2023-2024 жылдары Мажарстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде қызмет атқарған. 2024-2026 жылдары Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісінің орынбасары болған. 2026 жылғы қыркүйектен бастап, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін атқарады. Орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇭🇺 Ференц Цомбош – Посол Венгрии в Республике Казахстан Родился 15 октября 1986 года в г. Сегед (Венгрия). В 2005-2010 годах получил степень магистра международных отношений на факультете социальных наук Университета имени Этвёша Лоранда (ELTE) в г. Будапеште. В 2008-2011 годах получил степень бакалавра гуманитарных наук по специальности «славистика (русский язык)» на факультете гуманитарных наук Университета имени Этвёша Лоранда (ELTE) в г. Будапеште. Трудовую деятельность начал в 2010 году со стажировки в Европейской народной партии в Европейском парламенте. В 2011-2013 годах занимал должность референта Министерства внешних экономических связей и иностранных дел Венгрии. В 2013-2018 годах работал в Посольстве Венгрии в Российской Федерации. В 2018-2019 годах занимал должность заместителя Главы миссии Генерального консульства Венгрии в г. Санкт-Петербурге. В 2019-2020 годах возглавлял отдел департамента России, Восточной Европы и Центральной Азии Министерства внешних экономических связей и иностранных дел Венгрии. В 2020-2022 годах занимал должность заместителя Главы миссии Генерального консульства Венгрии в г. Казани. В 2023-2024 годах работал в Посольстве Венгрии в Российской Федерации. В 2024-2026 годах занимал должность заместителя Посла Венгрии в Республике Казахстан. С сентября 2026 года – Посол Венгрии в Республике Казахстан. Владеет русским, английским и немецким языками. @PressMFAKZ