MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h
Reach per post (ERR) 12.0%977 avg views
Posting 6.1/day last 4 hours ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from Aqorda 🇰🇿

🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 🟦Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVIII БРИКС саммиті аясында Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. 🟦Мемлекет басшысы шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Астанаға жасаған сапарының тарихи маңызын атап өтті. Оның аясында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берген маңызды құжаттарға қол қойылған еді. – Өзара ынтымақтастығымыз шын мәнінде сан қырлы сипатқа ие және көптеген бағытты қамтиды. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы салаларында табысты іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды талқылады. Аталған бастамалар экономикалық ықпалдастықты жандандырып, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға септігін тигізеді. 🟦Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жолдап, оның Қазақстанға сапармен келуін күтетінін айтты. t.me/aqorda_resmi

Views over time

020040060080012 Sep 16:3110 Nov 17:1164712 Sep 16:31: 0 views10 Nov 17:11: 647 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
12 Sep 2026, 16:310
10 Nov 2026, 17:11647

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.