🇰🇿🇲🇾 Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі 31 қазан 1971 жылы дүниеге келген. 1996 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (ММХҚИ) бітірген. 1996-2004 жж. – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде референт, атташе, үшінші хатшы, екінші хатшы, бірінші хатшы қызметтерін атқарды. 2004-2006 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2008-2009 жж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары. 2010 ж. – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президентінің кеңесшісі. 2010-2011 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының басшысы. 2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы. 2013-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары. 2017-2019 жж. – Ақмола облысының әкімі. 2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды. I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие. Ағылшын және урду тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇲🇾 Мурзалин Малик Кенесбаевич - Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Малайзии Родился 31 октября 1971 года. В 1996 году окончил Московский государственный институт международных отношений (МГИМО). 1996–2004 гг. - Стажер, референт, атташе, третий, второй, первый секретарь Посольства Республики Казахстан в Российской Федерации. 2004–2006 гг. - Руководитель аппарата акима Северо-Казахстанской области. 2006–2008 гг. - Заместитель акима Северо-Казахстанской области, первый заместитель акима Северо-Казахстанской области. 2008–2009 гг. - Заместитель руководителя Центрального аппарата НДП «Нұр Отан». 2010 г. - Советник президента АО «Национальная компания «Қазақстан темір жолы». 2010–2011 гг. - Руководитель аппарата Управления делами Президента Республики Казахстан. 2011–2013 гг. - Ответственный секретарь Агентства Республики Казахстан по делам религий. 2013–2017 гг. - Заместитель Управляющего делами Президента Республики Казахстан, первый заместитель Управляющего делами Президента Республики Казахстан. 2017–2019 гг. - Аким Акмолинской области. 2019–2022 гг. - Заместитель Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан. До назначения Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Малайзии с декабря 2022 года занимал должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Грузии. Имеет дипломатический ранг Чрезвычайного и Полномочного Посланника I класса. Владеет английским и урду языками. @PressMFAKZ