✍️ Мемлекет басшыларының қатысуымен мынадай үкіметаралық құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум; 4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi