MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h · +10 7d
Reach per post (ERR) 12.0%977 avg views
Posting 6.1/day last 6 hours ago
Reactions per 1K views 0.0

✉️ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрі Ле Хоай Чунг мырзаны Вьетнамның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтауы (2026 жылғы 2 қыркүйек). ✍️ Жоғары Мәртебелі, Сізді Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл маңызды мейрам Вьетнам халқының бірлігі мен мемлекеттілігін, елдің даму жолындағы табандылығы мен жасампаз еңбегін айқын көрсетеді. Соңғы жылдары Вьетнам тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етіп, жаңғыру үдерістерін табысты жүзеге асырып, халықаралық байланыстарын кеңейтіп келеді. Қазақстан мен Вьетнам екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікке, өзара құрметке, сенімге және ортақ мүдделерге сүйенеді. Ал сыртқы саяси мекемелер арасындағы сындарлы диалог екіжақты күн тәртібін ілгерілетуде және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамытуда маңызды рөл атқарады. Өзара қолдау рухындағы байланыстарымыз айтарлықтай қарқынмен әрі қарай артып, бірлескен күш-жігеріміз халықтарымыздың арасындағы дәстүрлі достықты тереңдетіп, екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа мүмкіндіктерін ашатынына сенімдімін. Осы мерекелі күні, Сізге баянды бақыт пен қуаныш, қызметіңізге толағай табыс, ал бауырлас Вьетнам халқына құт-береке мен өркендеу тілеймін. Ізгі ниетпен, Ермек КӨШЕРБАЕВ Жоғары Мәртебелі ЛЕ Хоай Чунг мырзаға, Вьетнам Социалистік Республикасының Сыртқы істер министрі

Views over time

05001K1.5K2 Sep 08:3110 Nov 17:111.6K2 Sep 08:31: 0 views10 Nov 17:11: 1,570 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Sep 2026, 08:310
10 Nov 2026, 17:111.6K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.