MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h · +10 7d
Reach per post (ERR) 12.0%977 avg views
Posting 6.1/day last 6 hours ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from Aqorda 🇰🇿

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Бас хатшының бастамасымен қолға алынған реформа БҰҰ-ның әмбебап сипатын сақтап, оны анағұрлым тиімді, нақты нәтижені көздейтін құрылымға айналдыруға тиіс. Ал өзгерістердің сәтті өрбуі саяси ерік-жігер мен Ұйымға мүше мемлекеттердің жауапкершілігіне байланысты. ✔️Бұдан бөлек, Президент орта державалардың рөлі артып келе жатқанына айрықша назар аударды. – Мұндай елдер түрлі орталықтар арасындағы диалогқа және ұжымдық шешімдер әзірлеуге ықпал ете алады. Олардың ұстанымдары мен бастамалары жаһандық басқару тетіктерінде барынша ескерілуге тиіс. Қазақстан бұл үдеріске белсене атсалысуға дайын. Превентивті дипломатияны нығайтпай, Біріккен Ұлттар Ұйымын институттық тұрғыдан жаңғырту мүмкін емес. Қақтығыстардың алдын алу және дау-дамайды бейбіт жолмен реттеу мәдениетін қалыптастыру үшін ұжымдық күш-жігер керек. Осы бағдарды басшылыққа алған Қазақстан биыл шілде айында Қытай Халық Республикасының бастамасын қолдап, Медиация жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы конвенцияға мүше болды, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық тұрақтылық жасанды интеллектіні дамыту аясындағы жауапкершілікке көбірек тәуелді. – Жасанды интеллектінің жасампаз әлеуетін ашатын, оның бақылаусыз қолданысына жол бермейтін және цифрлық алшақтықты қысқартатын әмбебап ережелер қажет. Қазақстанның бастамасымен Алматыда БҰҰ Азия-Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы құрылады. Орталық, ең алдымен, дамушы елдердің игілігі үшін озық тәжірибелерді кеңінен таратуға септігін тигізеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi

Views over time

02004001 Sep 12:1310 Nov 17:114111 Sep 12:13: 0 views10 Nov 17:11: 411 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
1 Sep 2026, 12:130
10 Nov 2026, 17:11411

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.