✉️ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Юрай Бланар мырзаны Словакия Республикасының ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтауы (2026 жылғы 1 қыркүйек). ✍️ Жоғары Мәртебелі, Еліңіздің ұлттық мерекесі – Конституция күніне орай жолдаған құттықтауым мен жылы лебізімді қабыл алыңыз. Сындарлы сыртқы саясаты орныққан, экономикасы тұрақты Словакия мемлекеті Қазақстанның Еуропалық Одақтағы маңызды серіктесі. Алдағы уақытта Астана мен Братислава арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген ынтымақтастық нығая түсіп, екіжақты және көпжақты тиімді байланыстарымыз халықтарымыздың игілігі жолында серпінді дами береді деп сенемін. Жоғары Мәртебелі, Сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал достас словак халқына өркендеу мен құт-береке тілеймін. Ізгі ниетпен, Ермек КӨШЕРБАЕВ Жоғары Мәртебелі Юрай БЛАНАР мырзаға Словак Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Братислава