🇰🇿🇳🇱 Қазақстан мен Нидерланд сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Нидерланд әріптесі Том Берендсенмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі дамытуға ерекше назар аударды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары экономикалық әріптестіктің жоғары деңгейін және оны одан әрі кеңейту әлеуетін атап өтті. Осы тұрғыда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері және экономиканың басым салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды. Халықаралық кеме қатынасы қауіпсіздігіне және қазақ энергия ресурстарын Еуропа нарықтарына тұрақты жеткізу мәселелеріне жеке назар аударылды. Халықаралық көлік және энергетикалық бағыттардың сенімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді. Сұхбат қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Нидерланд арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және түрлі деңгейлердегі тұрақты байланыстарды жалғастыруға деген өзара мүддені растады. 🇰🇿🇳🇱 Главы внешнеполитических ведомств Казахстана и Нидерландов провели телефонный разговор Состоялся телефонный разговор Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева с нидерландским коллегой Томом Берендсеном. Стороны обсудили актуальные вопросы казахско-нидерландского сотрудничества, уделив особое внимание дальнейшему развитию торгово-экономических и инвестиционных связей между двумя странами. Главы внешнеполитических ведомств отметили высокий уровень экономического партнерства и значительный потенциал для его дальнейшего расширения. В данном контексте обсуждены возможности реализации совместных проектов и углубления взаимодействия в приоритетных отраслях экономики, представляющих взаимный интерес. Отдельное внимание было уделено вопросам безопасности международного судоходства и стабильности поставок казахстанских энергоресурсов на европейские рынки. Подчеркнута важность обеспечения надежности международных транспортных и энергетических маршрутов. По итогам разговора стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем укреплении казахско-нидерландских отношений и поддержании регулярных контактов на различных уровнях. 🇰🇿🇳🇱 Foreign Ministers of Kazakhstan and the Netherlands Hold Telephone Conversation Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev held a telephone conversation with his Dutch colleague Tom Berendsen. The parties discussed current issues of Kazakh-Dutch cooperation, putting emphasis on the further development of trade, economic and investment ties between the two countries. The Foreign Ministers noted the high level of economic partnership and considerable potential for its further expansion. In this context, they discussed opportunities for implementing joint projects and deepening collaboration in priority sectors of mutual interest. Particular attention was paid to the safety of international shipping and the stability of Kazakh energy supplies to European markets. The importance of ensuring reliability of international transport and energy routes was stressed. Following the conversation, the parties reaffirmed their mutual interest in further strengthening Kazakh-Dutch relations and maintaining regular contacts at various levels. @PressMFAKZ