🇰🇿🇳🇦 Моника Ндилиавике Нашанди – Қазақстан Республикасындағы Намибия Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы 1959 жылғы 12 қазанда Намибияның Ошана өңірінде дүниеге келген. 1983 жылы Замбия университетімен бірлесіп жүзеге асырылған Достастықтың жастар бағдарламасы аясында жастар және даму саласы бойынша диплом алған. 2002 жылы Ұлыбританиядағы Вестминстер университетінде дипломатиялық зерттеулер саласы бойынша магистр дәрежесін алған. 1987–1989 жылдары СВАПО (Оңтүстік-Батыс Африка халықтық ұйымы) миссиясының Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты байқаушысы орынбасары қызметін атқарған. 1990–1995 жылдары Намибия Сыртқы істер министрлігінің саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты хатшысының орынбасары болған. 1995–1999 жылдары Намибияның Швеция, Финляндия, Дания, Норвегия және Исландиядағы Елшісі қызметін атқарған. 1999–2004 жылдары Намибияның Ұлыбритания мен Ирландиядағы Жоғарғы комиссары болған. 2005–2009 жылдары Намибия Президенті Хификепунье Похамба Кеңсесі атқарушы директорының орынбасары қызметін атқарған. 2010–2015 жылдары NamPower ұлттық энергетикалық компаниясының Стратегиялық жоспарлау бөлімін басқарған. 2016–2018 жылдары Намибияның Эфиопия, Судан, Оңтүстік Судан және Джибутидегі Елшісі, сондай-ақ Намибияның Африка одағындағы Тұрақты өкілі қызметтерін атқарған. 2018–2020 жылдары Намибияның АҚШ, Канада, Мексика, Багам аралдарындағы, сондай-ақ Гватемала, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор және Гондурастағы Елшісі болған. 2025 жылғы 13 қазаннан бастап – Намибия Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі. Намибия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы болып табылады. Ағылшын тілін меңгерген. 🇰🇿🇳🇦 Моника Ндилиавике Нашанди – Посол Республики Намибия в Республике Казахстан по совместительству Родилась 12 октября 1959 года в регионе Ошана, Намибия. В 1983 году получила диплом в области молодежи и развития в рамках Молодежной программы Содружества совместно с Университетом Замбии. В 2002 году получила степень магистра в области дипломатических исследований в Вестминстерском университете (Великобритания). В 1987–1989 годах занимала должность заместителя постоянного наблюдателя миссии СВАПО (Народной организации Юго-Западной Африки) при ООН в Нью-Йорке. В 1990–1995 годах являлась заместителем постоянного секретаря по политическим и экономическим вопросам Министерства иностранных дел Намибии. В 1995–1999 годах занимала должность Посла Намибии в Швеции, Финляндии, Дании, Норвегии и Исландии. В 1999–2004 годах являлась Верховным комиссаром Намибии в Великобритании и Ирландии. В 2005–2009 годах занимала должность заместителя исполнительного директора Офиса Президента Намибии Хификепунье Похамбы. В 2010–2015 годах возглавляла дивизион стратегического планирования Национальной энергетической компании NamPower. В 2016–2018 годах занимала должность Посла Намибии в Эфиопии, Судане, Южном Судане и Джибути, а также Постоянного представителя Намибии при Африканском союзе. В 2018–2020 годах являлась Послом Намибии в США, Канаде, Мексике, на Багамских Островах, а также в Гватемале, Коста-Рике, Никарагуа, Сальвадоре и Гондурасе. С 13 октября 2025 года — Посол Республики Намибия в Российской Федерации. По совместительству является Послом Республики Намибия в Республике Казахстан. Владеет английским языком. @PressMFAKZ