🇰🇿🇸🇮 Бранко Раковец – Қазақстан Республикасындағы Словения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1960 жылғы 7 желтоқсанда Словенияның Крань қаласында дүниеге келген. Любляна университетін бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Словенияның Халықаралық ынтымақтастық комитетінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастаған. 1988–1991 жылдары Югославия Социалистік Федеративтік Республикасының Сыртқы істер жөніндегі федералдық хатшылығы Көршілес елдер мәселелері департаментінің атташесі қызметін атқарған. 1991–1992 жылдары Словения СІМ Көршілес елдер мәселелері департаментінің үшінші хатшысы болған. 1992–1996 жылдары Словенияның Бонндағы Елшілігінде екінші хатшы қызметін атқарған. 1996–2000 жылдары Словенияның Мәскеудегі Елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2000–2001 жылдары Словения СІМ Шығыс Еуропа департаментінің кеңесші-елшісі қызметін атқарған. 2001–2003 жылдары Словения СІМ Консулдық департаментін басқарған. 2003–2007 жылдары Словенияның Подгорицедегі Бас консулы және уақытша сенімді өкілі болған. 2007–2010 жылдары Словения СІМ Құжат айналымы департаментін басқарған. 2010–2012 жылдары Словения СІМ Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментін басқарған. 2012–2016 жылдары Словенияның Солтүстік Македониядағы Елшісі қызметін атқарған. 2016–2018 жылдары Словения СІМ Шығыс әріптестігі бойынша үйлестіруші болған. 2018–2023 жылдары Словенияның Ресей Федерациясындағы Елшісі қызметін атқарып, қоса атқару бойынша Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Тәжікстан Республикасында, Өзбекстан Республикасында және Түрікменстанда аккредиттелген. 2023–2026 жылдары Словенияның Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Кеңею және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мәселелері департаментінде Елші болып жұмыс істеген. 2026 жылғы наурыздан бастап – резиденциясы Любляна қаласында орналасқан Қазақстан Республикасындағы Словения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ағылшын, орыс, неміс, серб және македон тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇸🇮 Бранко Раковец - Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Словения в Республике Казахстан Родился 7 декабря 1960 года в г. Крани, Словения. Окончил Люблянский университет. Трудовую деятельность начал в 1988 году в качестве стажёра Комитета по международному сотрудничеству Словении. В 1988–1991 годах работал атташе Департамента по делам соседних стран Федерального секретариата иностранных дел СФР Югославии. В 1991–1992 годах занимал должность третьего секретаря Департамента по делам соседних стран МИД Словении. В 1992–1996 годах являлся вторым секретарём Посольства Словении в Бонне. В 1996–2000 годах работал советником Посольства Словении в Москве. В 2000–2001 годах занимал должность советника-посланника Департамента Восточной Европы МИД Словении. В 2001–2003 годах возглавлял Консульский департамент МИД Словении. В 2003–2007 годах являлся Генеральным консулом и временным поверенным в делах Словении в Подгорице. В 2007–2010 годах руководил Департаментом документооборота МИД Словении. В 2010–2012 годах возглавлял Департамент Восточной Европы и Центральной Азии МИД Словении. В 2012–2016 годах занимал должность Посла Словении в Северной Македонии. В 2016–2018 годах являлся координатором Восточного партнерства МИД Словении. В 2018–2023 годах занимал должность Посла Словении в Российской Федерации, по совместительству в Республике Беларусь, Республике Казахстан, Кыргызской Республике, Республике Таджикистан, Республике Узбекистан и Туркменистане. В 2023–2026 годах работал Послом в Департаменте по вопросам расширения и Юго-Восточной Европы Министерства иностранных и европейских дел Словении. С марта 2026 года — Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Словения в Республике Казахстан с резиденцией в Любляне. Владеет английским, русским, немецким, сербским и македонским языками. @PressMFAKZ