🇰🇿🇦🇿 Алимирзамин Гаввам оглы Аскеров – Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1959 жылғы 9 қазанда Әзербайжан Республикасының Ленкорань қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Ленинград мемлекеттік университетін және Баку әлеуметтік басқару және саясаттану институтын бітірген. 1993 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. 1981–1985 жылдары КСРО Қорғаныс министрлігі желісі бойынша Ауғанстанда әскери қызмет атқарып, әскери аудармашы болған. 1985–1988 жылдары Ауғанстанның Халықтық-демократиялық партиясы жанындағы Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің партиялық кеңесшілер тобында аудармашы болып жұмыс істеген. 1988–1991 жылдары Әзербайжан Коммунистік партиясы Орталық комитетінде аудармашы қызметін атқарған. 1992–1994 жылдары Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының Консулдық-құқықтық бөлімінде екінші хатшы, бірінші хатшы және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994–1998 жылдары Әзербайжан Республикасының Ирандағы Елшілігінде бірінші хатшы болып жұмыс істеген. 1998–2004 жылдары Әзербайжан Республикасы СІМ Консулдық басқармасының Консулдық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі қызметін қайта атқарған. 2004–2012 жылдары Әзербайжан Республикасы СІМ Адам құқықтары, демократияландыру және әлеуметтік мәселелер басқармасы бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған. 2012–2017 жылдары Әзербайжан Республикасының Чехиядағы Елшілігінің кеңесшісі болған. 2017–2021 жылдары Әзербайжан Республикасы СІМ Гуманитарлық және әлеуметтік мәселелер басқармасын басқарған. 2021–2026 жылдары Әзербайжан Республикасының Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған. 2026 жылғы 28 шілдеден бастап – Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ағылшын, орыс, парсы, тәжік және чех тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇦🇿 Алимирзамин Гаввам оглы Аскеров - Чрезвычайный и Полномочный Посол Азербайджанской Республики в Республике Казахстан Родился 9 октября 1959 года в г. Ленкорани, Азербайджанская Республика. В 1981 году окончил Ленинградский государственный университет и Бакинский институт социального управления и политологии. В 1993 году окончил Дипломатическую академию МИД СССР. В 1981–1985 годах проходил военную службу в Афганистане по линии Министерства обороны СССР, где служил военным переводчиком. В 1985–1988 годах работал переводчиком в группе советских партийных советников Центрального комитета Коммунистической партии Советского Союза при Народно-демократической партии Афганистана. В 1988–1991 годах являлся переводчиком в Центральном комитете Коммунистической партии Азербайджана. В 1992–1994 годах занимал должности второго секретаря, первого секретаря и заведующего консульско-юридическим отделом Консульского управления Министерства иностранных дел Азербайджанской Республики. В 1994–1998 годах работал первым секретарём Посольства Азербайджанской Республики в Иране. В 1998–2004 годах вновь занимал должность заведующего консульско-юридическим отделом Консульского управления МИД Азербайджанской Республики. В 2004–2012 годах занимал должности заместителя начальника и начальника Управления по правам человека, демократизации и социальным вопросам МИД Азербайджанской Республики. В 2012–2017 годах являлся советником Посольства Азербайджанской Республики в Чехии. В 2017–2021 годах возглавлял Управление гуманитарных и социальных вопросов МИД Азербайджанской Республики. В 2021–2026 годах занимал должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Азербайджанской Республики в Таджикистане. С 28 июля 2026 года — Чрезвычайный и Полномочный Посол Азербайджанской Республики в Республике Казахстан. Владеет английским, русским, персидским, таджикским и чешским языками. @PressMFAKZ