🇰🇿🇩🇪 Хайке Ренате Пайч – Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1963 жылғы 8 ақпанда Германия Федеративтік Республикасының Солтүстік Рейн-Вестфалия жеріндегі Кёльн қаласында дүниеге келген. 1987 және 1991 жылдары Кёльн университетін бітірген. 1988–1990 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында тағылымдамадан өткен. 1990–1991 жылдары Германия СІМ Экономика департаментінің референті қызметін атқарған. 1991–1994 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Бужумбурадағы (Бурунди) Елшілігінде Елшінің тұрақты орынбасары болған. 1994–1997 жылдары Германия СІМ басшылығы аппаратының референті болып жұмыс істеген. 1997–2000 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Тель-Авивтегі (Израиль) Елшілігінің Экономикалық бөлімін басқарған. 2000–2004 жылдары Германия СІМ БҰҰ мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2004–2007 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Еревандағы (Армения) Елшісі болған. 2007–2010 жылдары Германия СІМ Орталық департаментінің басқарма басшысы болып жұмыс істеген. 2010–2013 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Мәскеудегі (Ресей) Елшілігінің Экономикалық бөлімін басқарған. 2013–2016 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Санкт-Петербургтегі (Ресей) Бас консулы болған. 2016–2018 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Тбилисидегі (Грузия) Елшісі қызметін атқарған. 2018–2023 жылдары Германия СІМ шетелдегі мекемелердің қызметін бағалау жөніндегі инспекциялық топты басқарған. 2023–2026 жылдары Германия Федеративтік Республикасының Люксембургтегі Елшісі болған. 2026 жылғы тамыздан бастап – Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Неміс, ағылшын, француз және орыс тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇩🇪 Хайке Ренате Пайч - Чрезвычайный и Полномочный Посол Федеративной Республики Германия в Республике Казахстан Родилась 8 февраля 1963 года в г. Кёльне, Северный Рейн-Вестфалия, Федеративная Республика Германия. В 1987 и 1991 годах окончила Кёльнский университет. В 1988–1990 годах проходила стажировку в Дипломатической академии Министерства иностранных дел ФРГ. В 1990–1991 годах занимала должность референта Департамента экономики МИД ФРГ. В 1991–1994 годах являлась постоянным заместителем Посла Посольства ФРГ в Бужумбуре (Бурунди). В 1994–1997 годах работала референтом в аппарате руководства МИД ФРГ. В 1997–2000 годах занимала должность руководителя экономического отдела Посольства ФРГ в Тель-Авиве (Израиль). В 2000–2004 годах являлась заместителем руководителя Управления по делам ООН МИД ФРГ. В 2004–2007 годах занимала должность Посла ФРГ в Ереване (Армения). В 2007–2010 годах работала руководителем управления Центрального департамента МИД ФРГ. В 2010–2013 годах занимала должность руководителя экономического отдела Посольства ФРГ в Москве (Россия). В 2013–2016 годах являлась Генеральным консулом ФРГ в Санкт-Петербурге (Россия). В 2016–2018 годах занимала должность Посла ФРГ в Тбилиси (Грузия). В 2018–2023 годах возглавляла инспекционную группу по оценке деятельности загранучреждений МИД ФРГ. В 2023–2026 годах являлась Послом ФРГ в Люксембурге. С августа 2026 года - Чрезвычайный и Полномочный Посол Федеративной Республики Германия в Республике Казахстан. Владеет немецким, английским, французским и русским языками. @PressMFAKZ