🇰🇿🇿🇦 Лунгисани Доминик Нтомбела - Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1967 жылғы 16 қазанда Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Кейптаун университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Кейптаун қалалық кеңесінде еңбек қатынастары жөніндегі зерттеуші ретінде бастаған. 1996–1999 жылдары Келісімге келу, делдалдық және арбитраж жөніндегі комиссияда істер жүргізу жөніндегі маман болып жұмыс істеген. 1999–2001 жылдары Келісімге келу, делдалдық және арбитраж жөніндегі комиссияның комиссары қызметін атқарған. 2001–2006 жылдары Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігінде еңбек қатынастары жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. 2006–2010 жылдары Оңтүстік Африканың Танзаниядағы Жоғарғы комиссиясының корпоративтік қызметтер жөніндегі менеджері қызметін атқарған. 2011–2013 жылдары Оңтүстік Африканың Анголадағы Елшілігінің корпоративтік қызметтер жөніндегі менеджері болып жұмыс істеген. 2013–2015 жылдары Оңтүстік Африканың Ганадағы Жоғарғы комиссиясының корпоративтік қызметтер жөніндегі менеджері қызметін атқарған. 2015–2016 жылдары Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігінде жергілікті жерде жалданатын персонал жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарған. 2016–2019 жылдары Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігінде жергілікті жерде жалданатын персонал жөніндегі директор қызметін атқарған. 2019–2026 жылдары Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық қатынастар және ынтымақтастық министрлігінде еңбек қатынастары жөніндегі директор қызметін атқарған. 2026 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Африка Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ағылшын тілін меңгерген. 🇰🇿🇿🇦 Лунгисани Доминик Нтомбела - Чрезвычайный и Полномочный Посол Южно-Африканской Республики в Республике Казахстан Родился 16 октября 1967 года в г. Дурбане, Южно-Африканская Республика. В 1996 году окончил Кейптаунский университет. Трудовую деятельность начал в 1996 году в качестве исследователя по трудовым отношениям в Кейптаунском городском совете. В 1996-1999 годах работал специалистом по ведению дел Комиссии по примирению, посредничеству и арбитражу. В 1999-2001 годах занимал должность комиссара Комиссии по примирению, посредничеству и арбитражу. В 2001-2006 годах являлся заместителем директора по трудовым отношениям Министерства международных отношений и сотрудничества ЮАР. В 2006-2010 годах занимал должность менеджера корпоративных услуг Верховной комиссии ЮАР в Танзании. В 2011-2013 годах работал менеджером корпоративных услуг Посольства ЮАР в Анголе. В 2013-2015 годах занимал должность менеджера корпоративных услуг Верховной комиссии ЮАР в Гане. В 2015-2016 годах являлся заместителем директора по персоналу, нанятому на местном уровне, Министерства международных отношений и сотрудничества ЮАР. В 2016-2019 годах занимал должность директора по персоналу, нанятому на местном уровне, Министерства международных отношений и сотрудничества ЮАР. В 2019-2026 годах работал директором по трудовым отношениям Министерства международных отношений и сотрудничества ЮАР. С июля 2026 года - Посол Южно-Африканской Республики в Республике Казахстан. Владеет английским языком. @PressMFAKZ