🇰🇿🇰🇷 Чжон Ки Хон - Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1968 жылғы 16 қаңтарда дүниеге келген. 1992 жылы Ёнсе университетін, 1998 жылы Уорвик университетін бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастаған. 2000-2003 жылдары Корея Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде екінші хатшы қызметін атқарды. 2003-2008 жылдары Корея Республикасының Аргентинадағы Елшілігінде бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 2008-2011 жылдары Корея Республикасының Чикагодағы Бас консулдығында консул қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары Премьер-Министрдің Протокол басқармасының басшысы болды. 2012-2013 жылдары Корея Республикасының Сыртқы істер және сауда министрлігінің Еуропа істері бюросы Еуразия басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2013-2016 жылдары Корея Республикасының Бельгиядағы Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа істері бюросы Бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Корея Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропа істері бюросының Бас директоры болды. 2019-2020 жылдары Корея Республикасы Үкіметінің Франкофония халықаралық ұйымындағы (OIF) өкілі қызметін атқарды. 2020-2024 жылдары Корея Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулы болды. 2024-2025 жылдары Корея Республикасы Үкіметінің Франкофония халықаралық ұйымындағы (OIF) өкілі қызметін қайта атқарды. 2025-2026 жылдары Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің қоғамдық дипломатия мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2026 жылғы мамырдан бастап - Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі. Ағылшын және француз тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇰🇷 Чжон Ки Хон - Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Корея в Республике Казахстан Родился 16 января 1968 года. В 1992 году окончил Университет Ёнсе, в 1998 году Университет Уорика. Трудовую деятельность начал в 1994 году в Министерстве иностранных дел Республики Корея. В 2000-2003 годах занимал должность второго секретаря Посольства Республики Корея в Российской Федерации. В 2003-2008 годах работал первым секретарём Посольства Республики Корея в Аргентине. В 2008-2011 годах занимал должность консула Генерального консульства Республики Корея в Чикаго. В 2011-2012 годах являлся руководителем управления протокола Премьер-министра. В 2012-2013 годах занимал должность руководителя управления Евразии Бюро по европейским делам Министерства иностранных дел и торговли Республики Корея. В 2013-2016 годах работал советником Посольства Республики Корея в Бельгии. В 2016-2018 годах занимал должность заместителя Генерального директора Бюро по европейским делам МИД Республики Корея. В 2018-2019 годах являлся Генеральным директором Бюро по европейским делам МИД Республики Корея. В 2019-2020 годах был представителем Правительства Республики Корея при Международной организации франкоязычных стран (OIF). В 2020-2024 годах занимал должность Генерального консула Республики Корея в Гамбурге. В 2024-2025 годах вновь являлся представителем Правительства Республики Корея при Международной организации франкоязычных стран (OIF). В 2025-2026 годах занимал должность заместителя министра иностранных дел Республики Корея по вопросам публичной дипломатии. С мая 2026 года - Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Корея в Республике Казахстан. Владеет английским и французским языками. @PressMFAKZ