MFA Qazaqstan 🇰🇿 ✔

@pressmfakz · news · Kazakh · active

Subscribers 8.1K Subscribers, last 30 days: 8.1K → 8.1K +0 24h · +10 7d
Reach per post (ERR) 12.0%977 avg views
Posting 6.1/day last 10 hours ago
Reactions per 1K views 0.0

​​🇰🇿🇲🇩 Игорь Молдован - Қазақстан Республикасындағы Молдова Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі 1982 жылғы 12 маусымда Молдова Республикасының Кишинев қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Молдова Құқық академиясын бітірген. 2005 жылы Молдова мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сол жылы Бухаресттегі (Румыния) НАТО зерттеулер орталығын бітірген. 2024 жылы Молдова Экономикалық білім академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігінде бастаған. 2004-2007 жылдары Халықаралық құқық басқармасында атташе, үшінші және екінші хатшы қызметтерін атқарған. 2007-2009 жылдары Молдова Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарған. 2009-2013 жылдары Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық басқармасында бірінші хатшы және кеңесші қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары Молдова Республикасының БҰҰ бөлімшесі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде бірінші хатшы және өкіл басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016-2017 жылдары Молдова Республикасының Зияткерлік меншік жөніндегі мемлекеттік агенттігінің Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарған. 2017 жылы «JV RoofArt LTD» компаниясының даму жөніндегі директоры қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Молдова Республикасы Адвокаттар одағының Бас хатшысы болған. 2019-2021 жылдары Молдова Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық басқармасының Көпжақты шарттар бөлімінде кеңесші болып жұмыс істеген. 2021-2024 жылдары Молдова Республикасының Ирландиядағы Елшілігінде (Дублин қаласы) кеңесші-елші қызметін атқарған. Қазақстан Республикасындағы Молдова Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғанға дейін Молдова Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Даму саласындағы халықаралық ынтымақтастық және гуманитарлық көмек бөлімін басқарды. Румын, ағылшын, француз, испан және орыс тілдерін меңгерген. 🇰🇿🇲🇩 Игорь Молдован - Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Молдова в Республике Казахстан Родился 12 июня 1982 года в г. Кишиневе, Республика Молдова. В 2004 году окончил Академию права Молдовы. В 2005 году окончил Государственный университет Молдовы. В том же году окончил Центр исследований НАТО в Бухаресте (Румыния). В 2024 году окончил Академию экономических знаний Молдовы. Трудовую деятельность начал в 2004 году в Министерстве иностранных дел Республики Молдова, где в период 2004–2007 годов занимал должности атташе, третьего и второго секретаря Управления международного права. В 2007-2009 годах работал в Посольстве Республики Молдова в Государстве Израиль, последовательно занимая должности второго и первого секретаря. В 2009-2013 годах занимал должности первого секретаря и советника Управления международного права Министерства иностранных дел Республики Молдова. В 2013-2016 годах был первым секретарем и заместителем главы Постоянного представительства Республики Молдова при Отделении ООН и других международных организациях в Женеве. В 2016–2017 годах занимал должность советника Генерального директора Государственного агентства по интеллектуальной собственности Республики Молдова. В 2017 году занимал должность директора по развитию компании «JV RoofArt LTD». В 2017-2019 годах являлся Генеральным секретарем Союза адвокатов Республики Молдова. В 2019-2021 годах работал советником Отдела многосторонних договоров Управления международного права Министерства иностранных дел Республики Молдова. В 2021–2024 годах занимал должность советника-посланника Посольства Республики Молдова в Ирландии (г. Дублин). До назначения Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Молдова в Республике Казахстан возглавлял Отдел международного сотрудничества в области развития и гуманитарной помощи Министерства иностранных дел Республики Молдова. Владеет румынским, английским, французским, испанским и русским языками. @PressMFAKZ

Views over time

020040060080019 Aug 09:3410 Nov 17:1164719 Aug 09:34: 0 views10 Nov 17:11: 647 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Aug 2026, 09:340
10 Nov 2026, 17:11647

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.